Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет160/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   180
Ауыстыру
Ауыстыру (инверсия) – сөйлем ішіндегі бір-біріне қатысты 
сөздердің, сөйлем мүшелерінің, күрделі сөз орамдарының
әдеттегі орын тәртібінің бұзылып берілуі. Бұл бұзылу – тіл 
нормасынан жөнсіз ауытқу емес. Ауыстыру әр алуан мақсатпен 
орындалады, әсіресе, поэзияда өлеңнің ырғақ, ұйқас сияқты 
шарттарын өтеу үшін ақындар ауыстыруға жиі барады және 
бұл – өлең тіліне тән табиғи заңдылық. Осы заңдылықтан 
Абай өлеңдері шет қалмайды. Ақын ауыстыруды тек ырғақ 
пен ұйқас талабынан ғана емес, сөзге логикалык екпін түсіру, 
негізгі идеяны алдыңғы тармақта немесе тармақ басында беру 
сияқты стильдік мақсатта пайдаланады. Мысалы, есімдіктен 
болған бастауышты баяндауыштан соң қойып, тармақ соңында 
келтіргенде, көбінесе, оған ой екпіні түсетіні аңғарылады:
Сүйер ұлың болса, сен, сүй,
Сүйінерге жарар ол!...
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен.
Жыл жиылып, қартайып, қылғаны – бұл...
Сол сияқты мына тармақтарда да ауыстыруға ұшыраған 
пысықтауыштар ырғақ пен ұйқас талабынан гөрі ой екпінін 
түсіру үдесінен шығып тұр:
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап....
Мұнда автордың негізгі көңіл аударайын дегені – ескі би, 
ескі ақынның өздерін атау емес, олардың поэзияға деген 
көзқарасын айқындау. Әдетте, бастауыш пен баяндауыштың, 
толықтауыш немесе пысықтауыш пен баяндауыштың орын 
алмастыруы – қазақ поэзия тілі үшін кәнігі құбылыс және 
ол көбінесе ырғақ пен ұйқас талабынан туады. Ал Абай-
да бұдан басқа анықтауыш пен анықталушы мүшенің, 
көмекші етістіктермен келген тіркестер мен тұрақты тіркес 
компоненттерінің өзара орын алмасуы жиірек ұшырасады. 
Мұнда да ақын ауыстыруға ұшыраған сөздерді екпін жағынан 
оқшаулап, оларға назар аудартады. «Сұр бұлт түсі суық 
қаптайды аспан» дегенде күзгі бұлттың түсі суықтығы баса 
айтылуы үшін түсі суық анықтауышын анықталатын бұлт 
сөзінен кейін келтіріп, орындарын алмастырған. Анықтауыш 
пен анықталғыш сөздердің арасына өзге сөйлем мүшелерін 


340
енгізу Абайда жүйелі түрде кездеседі: «Сөзді ұғарлық кем кісі», 
«Көкірегі сезімді, тілі орамды»,«Жаздым үлгі жастарға бермек 
үшін», «Алмасы өкпе болар қол батпаған». Соңғы мысалдағы 
қол батпаган анықтауышы өкпеге қатысты емес, алма сөзіне 
қатысты. Негізгі сөз бен көмекші етістіктің араларына сөз салу 
немесе орындарын алмастыруларды Абай еркін қолданады: 
«Кімге достық көп еттім», «Сағаттың шықылдағы емес ер-
мек» т.б. Жүйелі түрде келетін, жиі пайдаланған ауыстырудың 
тағы бір түрі – бір жолға орналастырылған бірыңғай параллель 
мүшелердің арасына өзге мүшелерді келтіру «Қаны қара бір 
жанмын, жаны жара», «Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі», 
«Күндіз күлкің бұзылды, түнде үйқың» т.б. Бұндай алмастыру-
ды туғызған – тек ырғақ мотиві емес, сондай-ақ ақын бірыңғай 
мүшелерді бір бунақ етіп бастап (қаны қара...), оған назар ау-
дартып алып әрі қарай араларына өзге мүше қатыстырып (бір 
жанмын) параллель анықтауыштарға ой екпінін түсіретін 
тәрізді: «қаны қара, жаны жара бір жанмын» дегенде, 
ақынның айтпағы – әйтеуір бір жан екендігі емес, қаны қара, 
жаны жара жан екендігі. Ауыстыру тек бір тармақ бойында 
емес, тармақаралық та болып келеді. 2, кейде 3-4 тармақта 
берілген бір сөйлемнің мүшелері немесе компоненттері 
әдеттегі орындарынан ауыстырылып беріледі. Бұл да – қазақ 
поэзиясы түзілісіне тән тәсіл. Абай ауыстырудың бұл түрін 
жүйелі, өнімді түрде қолданған:
Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске,
Ор қазып байқайды,
Туажау емеске...
Тармақаралық ауыстыруды жасаудың бір тәсілі – алдыңғы 
тармақта негізгі ойды айту. Әсіресе, Абайдың динамикалық 
іс-әрекет емес, статикалық күй-жай суреттелген өлеңдерінде 
ой екпіні бірінші жолға түсіріледі. Мысалы, «Желсіз түнде 
жарық ай» деген өлеңінде табиғат жарық айдың сәулесі 
суда дірілдеген тыныш қалпында өлеңде айтылған ғашық 
жастар бір-біріне аулақта жолығысып, «иегі тамаққа кіріп» 
құшақтасып тұрған статикалық күйінде суреттеледі, соған 
орай осы күй-қалыпты білдіретін негізгі ой бастан-аяқ әр екі 
тармақтың алғашқысында берілген:


341
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп...,
Келмеп пе едің жол тосып,
Жолығуға аулаққа...
Идея негізін алдыңғы тармақта айтып алу Абайдың өз 
замандастарының портретін жасаған өлеңдері мен лирик ту-
ындыларында да кеңінен қолданылған, өйткені бұлардағы 
ақынның бірінші мақсаты – қауырт іс-әрекетті суреттеу, ол іс-
әрекеттің қалай орындалғанын білдіру емес, сол іс-әрекеттің 
адамға ғана тән екендігін көрсету. Мысалы: 
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға... – 
деген тармақтар алмастырылмай «арқаға ұлық қаққанға
болысың мәз болады» деген қалыпты түрде берілсе, логикалық 
ой болыстың өзі емес, қалайша орындалған іс-әрекетіне түсер 
еді. Ал ақынның айтпағы – арқаға ұлықтың қағуы емес, сол 
ұлық арқасына қағып болыс қойған адамның өзі туралы.
Абай әдейі қолданған стильдік ауыстырудың және бір түрі – 
өлең шумағында айтылмақ ойдың ұйытқысы ретінде логикалық 
екпінге ие болған сөйлемді не сөйлем бөлігін шумақтың ең 
басына қойып, әрі қарай соны анықтайтын, айқындайтын 
кұрылымдарды орналастыру. Мысалы:
Дос алады, бермесең, бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырық берем деп.
Бұл шумақтағы айтпақ ойдың қазығы – достың да «алар- 
мандардың» бірі екендігі, әрі қарай неліктен, қайтіп, қашан 
аларман болатындығы баяндалады. Абай өлеңдеріндегі ауы-
стыру әдеттегідей өлеңнің ырғақ және ұйқас талабын өтеумен 
қатар, көп сәтте стильдік жүк арқалаған. Бұл – биік сатыға 
көтерілген поэзияның бір қыры.
Әдеб.: Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құры- 
лысы. - Алматы, 1971; Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. -
Алматы, 1973.


342


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет