Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет168/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   180
лексика 
Абай тілінің негізі қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен 
ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеология- 
лық қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл 
сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс 
сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының 
саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай 
қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі 
айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан 
шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу 
үшін немесе образ үшін пайдаланады. Хан, уәзір, аламан, абыз, 
жылыс, тотыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара сөздерінде 
тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал өмірге кел-


359
ген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса 
жаңаларын жасайды. 
Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың 
ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, 
ақшомшы, ықтырма, күзеу т.б.), көне киім-кешек, сауыт-сай-
ман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, 
пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т.б.) пайдаланады. 
Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мы-
салы, ұлы дегеннің орнына ұлық, кіші сөзінің орнына кішік, 
тураның орнына тұғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық 
реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Деген-
мен Абай тұсында бірқатар сөздердің көнеру дәрежесі қазіргі 
кездегіден әлдеқайда солғындау болғаны байқалады. Мыса-
лы, «ағайын, туысқан» мағынасындағы қарындас сөзі, «ел, 
жақын» және «жат, алыс» семантикалы алаш, «әскери» мағы- 
насындағы қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін және 
жиі қолданылғандығын сол кезеңдегі қазақ әдеби тілі де, Абай 
тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе, 
оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне 
орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар сөздердің мағыналары ау-
ысады, бірсыпырасы терминдік дәрежеге көтеріледі, енді бір 
алуанының қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам 
қайраткерлері белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі 
көзге түседі.
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ қоғамы өміріндегі 
елеулі тарихи оқиғалардың бірі – ел билеу, әкімшілік, әлеуметтік 
құрылыс салаларындағы өзгерістер, жаңалықтар болса, Абай 
лексикасы осы өзгеріс-жаңалықтарды атайтын сөздерді молы-
нан танытады. Олар қазақтың төл сөздері де, кірме сөздер де бо-
лып келеді. Мысалы, елбилеу, әкімшілік құрылысына қатысты 
болыс, старшын, жандарал, ояз, кандидат, сайлау, шар, тас, 
шабарман, атшабар, атқамінер, ұлық сияқты сөздер; заң, сот 
саласына қатысты заң, закүн, сот, содия, шариғат, куә, би, 
билік, жан беру, ант ішу, антқа салу, анттасу, айып, тоғыз, 
барымта, дүре, салауат, дау, даугер, теңдік, бітім, төре беру, 
жаза, шағым, арыз, арызшы, іс, қағаз, тергеу, кәтелөшке, 
түрме, дознание, прошение сияқты сөздер термин дәрежесіне 
көтеріліп, әдеби тіл нормасына айналады. Бұл ретте кейбір 
әлеуметтік ұғым атауларының мағынасы айқындалып, ішінара 


360
терминделу процесі Абай тілінде ерекше байқалады. Мы-
салы, жарлы мен кедей сөздерінің ақын біріншісін сын есім 
ретінде жиірек қолданады да, сол кездегі әлеуметтік топ ата-
уына кедей сөзін әлдеқайда жиі телиді. Сол сияқты байғұс 
сөзінің ертеректегі «қоңсы, жалшы» мағынасы солғындап
бұл сөз көбінесе «бейшара, мүсәпір» деген мағынадағы сын 
есім ретінде нормалана бастайды. Әрине, Абайда бір ұғымды 
бір ғана атаумен білдіру барлық жерде бұлжымай жүзеге 
асырылған жоқ, өйткені сөздердің барлық айналуы – едәуір 
ұзақ тәжірибенің жемісі және жеке қаламгердің еңбегін емес, 
көптің еңбегін, әсіресе баспасөз сияқты көпшілікке ортақ жаз-
ба дүниелердің қызметін қажет ететін құбылыс. Осы себептен 
Абайда да кәсіп мағынасында кәсіп, өнер, харекет сөздері, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет