Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет36/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   180
Өнерсіз шатылған Кісіге сән бе екен (I, 215) дегендегі өнер де – 


80
«кәсіп, қызмет, еңбек ету» мағынасындағы сөз. Сонымен қатар 
өнер арабизмінің Абайдағы тағы бір мағынасы осы күнгідей 
«шеберлік» («искусство»): Гомердің бейітшілігі, Софоклдің 
трагедия жазатындығы, Зевскистің суретшілігі туралы айтып 
келіп: Онан басқа өнерлері әшкере болған жандар дегенінде 
бұл жердегі өнер нағыз искусство, шеберлікті білдіреді. Абай 
орыстың өнерлері (II, 158) деген қолданыста бұл сөзбен 
«шеберлік» ұғымын да, «кәсіп» ұғымын да қоса беретін 
тәрізді, өйткені әрі қарай: Үлкен байлар да (демек, әр алуан 
кәсіппен байығандар), үлкен молдалар да (демек, оқығандар), 
ептілік, кырмызылық, сыпайылылық (демек, бұл үшеуі – ис-
кусство – шеберлік түрлері) бәрі соларда (I, 158) деген сөйлем 
бар. Өнерге салды бұл аңыратып (II, 127) – мұнда да өнер –ис-
кусство. Өнер сөзін «жалпы шеберлік» немесе «жалпы кәсіп» 
мағыналарында қолданған Абай «ремесло», яғни «белгілі бір 
қол шеберлігін кәсіп ету» деген ұғымды қолөнер деп айырып 
береді: Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Алдау 
қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол 
(ІІ, 188). Сірә, осы мағынадағы қазіргі қолөнер деген сөзіміздің 
түп төркіні Абай кезеңінен (мүмкін, тіпті Абайдың өзінен) 
алынған болса керек.
Абай тұсындағы және оған дейінгі әдеби тілде өнер сөзінің 
«шеберлік» мағынасы басымырақ болған. Біздің қолымыздағы 
әзірге жиналған мысалдар осыны көрсетеді. «Өнер алды – 
қызыл тіл» деген мақалдан бастап, ауыз әдебиет үлгілеріндегі: 
Шығады әртүрлі өнер Айман жастан («Айман-Шолпан», 1957, 
29); Мәлім болды батырға Ақылмен өнер іс етіп («Қамбар», 
1957. 50) деген жолдарда және Ильминскийдің өнербет (ис-
куссный) деп көрсетуіне қарағанда, өнер сөзі «шеберлік» 
мағынасымен ұштасады.
Сөйтіп, Абай өнер сөзінің де мағынасын көбейтеді және осы 
мағыналарда қолданылуын активтендіреді. Қызмет пен өнер 
сөздерінің қатарына харекет, амал сөздерін де қосуға бола-
ды. Абай харекет арабизмін әрекет вариантынан бөліп алып, 
«еңбек, кәсіп, жұмыс» мағынасында жұмсайды. Амал сөзі Абай 
текстерінде «тәсіл» және «айла» деген екі жақын семантикаға 


81
ие. Сөйтіп, тілге бұрыннан сіңген шығыс сөздерінің үшінші 
белгісі полисемантизм болса, оның активтену тенденциясы 
Абайда күшті сезіледі.
Хат, сурет сөздері де осындай көп мағынаға ие болған. 
Хат Абайда: 1) «адамдар арасында жазылатын хабар» («пись-
мо»); 2) жалпы «жазу»; 3) хат тану тіркесінде «сауат ашу, 
сауатты болу» мағыналарында жұмсалған. Мұның үшеуі 
де жалпыхалықтық тілде бұрыннан бар болғанмен, оның әр 
мағынасында айқындалып, нормалануы Абайдың үлесіне 
тиеді. Мысалы, хат сөзінің осы күнгі «почтовое отправление 
–письмо» мағынасы қазақша ресми-эпистолярлық қағаздар 
тілінде мәктәбә, күтәпту, кітап және хат түрінде 3-4 сөзбен 
берілген
75
. Ал халық тілінде алғашқы кезде хат сөзінің «жал-
пы жазылған нәрсе, жазу» мағынасы басым болған. Мысалы: 
Неке қияр хат берсін («Қыз Жібек», 1963. 31). Жақсының 
аты өлмейді, Әлімнің хаты (демек, жазғаны) өлмейді (Бұқар, 
48). Шежіре туған адамның Көкірегі сызған хатпен тең (Ду-
лат, 56). Абай бірінші рет Татьянаның, Онегиннің хаттары деп 
(Таңғажайып бұл қалай хат, Мағынасы алыс, өзі жас – II, 77; 
Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін – II, 80) бұл сөздің 
мағынасын айқын бір білдірсе, Алматыда ауырып жатқан 
Әбдірахманға өз атынан, Кәкітай атынан жазғандарын хат деп 
атап (Зар хатым – бұл хатым – I, 168; Мен жазайын сізге хат 
– II, 169), осы сөздің қазіргі мағынасын тұрақтандыра, беркіте 
түседі.
Осы топқа қосылатын сурет сөзі өткен ғасырдағы жалпы- 
халықтық тіл тәжірибесінде, сірә, көбінесе «бейне, кейіп» 
мағынасында жұмсалғанға ұқсайды. Мысалы, «Қыз Жібек» 
жырында Сансызбайдың кескін-келбеті Төлегенге ұқсай- 
тынын: Төлегеннің суретін бойына қалай қаптаған (1963, 
36) деп жырлайды. Сурет сөзінің қазіргідей салынған бейне 
(рисунок, картина, написанная художником) ұғымын бірінші 
қолданған Абай: Шайтанның суретіне есіктегі Бірқатар көзін 
салып қарап тұрды (11, 151). Бұл – Лермонтовтың: «...рассма-
тривал дьявола, изображенного на овятых воротах» («Вадим», 
IV, 184) деген сөйлемінің аудармасы. Сондай-ақ әке кәсібін 
75
Материалы по истории Казахской ССР. - Т. IV. - М.-Л., 1940.


82
ұстаған Әзім «қағазға өрнек жасап, сурет ояды» да, «харекетім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет