Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет60/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180
киім деп береді: Жыртпасаң жаудың киімін, Біз нетеміз штыкті 
(II, 70) – Чужие изорвать мундиры о русские штыки (Лермон-
тов, I, 14). Демек, осы күні әдеби тілімізге енген бұл тәрізді 
сөздерді Абайдың ала алмауының басты себебі – олардың қалың 
көпшілікке түсініксіз болу қаупі. Мұхтар Әуезовтің сөзімен 
айтсақ, «өз тұсындағы оқушыларының шама-шарқымен, дін 
санасы, ұғым-нанымдарымен есептескені»
110
.
Сөйтіп, орыс тілі элементтерін пайдалануға келгенде, 
Абай осындай дилеммаға тап болып, көбінесе саналы түрде 
бұл қайшылықты шешудің амалын іздегені байқалады. 
Жоғарыдағы демон, арфа, монах, мундир т.б. сөздерді тілі- 
не енгізбегенде, ең алдымен, бұлардың сол контекстегі 
мағыналары оларды өзге (қазақша) сөзбен немесе тіпті су-
реттеме жолмен бергенде, айтылмақ ойды бұрмалап, өзгертіп 
жіберетіндей қауіп жоқтығын пайдаланады, екіншіден, се-
мантикасы жағынан ең жақын түсетін қазақша (не тілге енген 
араб-парсыша) адекваттарының барын пайдаланады. Мысалы, 
христиан дініндегі монахтардың діни қызметтегі орны, өмір-
тіршіліктерінің сыр-сипаты мұсылман дініндегі сопыларға 
жуық келетінін пайдаланады. Немесе алдыңғы тармақтағы 
певец сөзін ақын деп алғаннан кейін қазақ ақындарының 
көбінесе қолында болатын сүйемел серігі – домбыра сөзінің 
семантикасы музыкалық бейтаныс аспап арфаны білдіруге 
қолданылады.
Қорыта келгенде, бір жағынан, заман ағымына, қоғам 
өміріне орай қазақ тілі тағдыры енді орыс тілімен астарласа, 
жанаса дамуының қажеттігін сезіну, білу, оны жүзеге асыру, 
екінші жағынан, сол кездегі қазақтың қалың бұқарасының 
білім-ұғым дәрежесімен санасу – жазба әдеби тіліміздің ХІХ 
ғасырдың ІI жартысында дамуының совет дәуіріндегіден ажы-
ратылатын айырма белгілерінің бірі.
* * *
Тіл білімінде кірме элементтерді структуралық пішіні 
жағынан үш түрге болу бар: 1) шет тілдің сөзін де (форма-
110
Сонда.


126
сын), мағынасын да алу: 2) өзінде бар мағынаны шет тілдің 
сөзімен беру; 3) шет тілдік мағынаны өз (ана) тілінің сөзімен 
беру (яғни калькалау – калькирование)
111
. Бұл классификация 
бойынша, Абай тілінде кірме сөздердің алдыңғы екі түрі бар 
екенін жоғарыдағы талдаудан көреміз. Ал үшінші түрі – шет 
тілдік мағынаның калька жолымен қазақшаланып берілуіне 
біраз тоқталуға болады.
Өткен ғасырда жалпыхалықтық тілде де, жазба әдеби 
тілде де орыс тілінен калька жолымен жеке сөз жасау процесі 
жоққа тән. Қараңғы үй (темница) тәрізді некен-саяқ сөздер 
болмаса, калькаланған жеке лексикалық единицалар әлі 
жоқ. Абайда да солай. Оның орнына Абайда калька арқылы 
жасалған грамматикалық тіркестер өте-мөте көзге түседі. 
Мысалы, орысша светило надежды дегеннен үміттің нұры, 
стих унылый – жабырқаңкы жазған сөз, рассудок холод-
ный – суық ақыл, предписать законы – бұйрық жазу, шеве-
лить ум ойды қозғау, мрачная душа – қараңғы көңіл т.б
Бұлардың бәрі – аударма өлеңдеріндегі калька тіркестер. Бұл 
тәсілдің Абайда активтенгені сонша – осылардың моделімен 
төл шығармалары тілінде семантикалық жаңа тіркестер жа-
сайды, яғни талаптың тұлпары, үрпиген жүрек, қулық сауу 
тәрізді мағыналары жағынан тіркесуге тиісті емес единица-
ларды тіркестіреді
112
.
Бұл калька-тіркестер кейін өріс алған лексикалық 
калькалардың (темір жол, алғы сөз, бес жылдық т.т.) жол 
ашарлары іспетті. Және оны бастаған Абай деп батыл көрсете 
аламыз.
* *
Сөйтіп, Абай лексикасында русизмдердің қолданылуы 
– қазақ жазба әдеби тілінің даму жолындағы «азаматтық па-
спорт» алған тенденциялардың бірі. Бұл тенденция Абай-
дан бұрын жалпыхалықтық тілдің өзінде басталған болатын. 
Оны Абайға дейінгі қалам иелері де жатсынбай қабылдап, 
111
Крысин П.П. К определению терминов «заимствование» и заимствованное 
слово» // Развитие лексики современного русского языка. - М., 1965. - С.105.
112
Мұндай тіркестердің Абай тілінде активтенуінде тек орыс тілі ғана емес, Абайға 
дейінгі қазақ әдеби тиінің де үлесі бар екенін айтамыз (50-бетті қараңыз).


127
шығармаларында орыс элементтеріне орын бергені көрінеді. 
XIX ғасырда, көбінесе II жартысында хатқа түскен ауыз 
әдебиеті үлгілерінде де орыс сөздерінің едәуір кездесуі осыны 
танытады.
Бірақ XIX ғасырдағы қазақ ақындары мен Абайдың (және 
оның шәкірттері мен Ыбырайдың) орыс сөздерін тілдеріне 
енгізіп пайдалануында принципиалды бір айырмашылық бар. 
Өте аз болса да, шығармаларында русизмдер кездесетін Дулат, 
Шортанбайлардан бастап, Абаймен тұстас Шөже, Сүйінбай, 
Біржан, Ақан, Майлықожа, Әсет т.б. ақындар орыс сөздерін 
қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тілінен алып пайдалан-
ды. Сондықтан бұларда көбінесе тек халық тіліне сіңген эле-
менттер ғана кездеседі (Ақан сері сияқты ақындардағы халық 
тіліне кірмеген фамильный шай, серебро, поклон, именной, 
секретный, хорошенько, сватья, скажи тәрізді варваризм-
русизмдердің жөні де, сипаты да, қолданылу мақсаты да мүлде 
басқаша). Ал Абай мен Ыбырай русизмдерді халықтық қордан 
да, тікелей орыстың өз тілінен де алып енгізген. Демек, Ыбы-
рай, Абай және тұңғыш баспасөз органдарынан бастап орыс 
тілінен сөз алудың жаңа арнасы (каналы) салынады. Және 
Абайда бұл каналдың өз ішінен кейбір принцип-тәсілдері 
белгіленеді. Олар, біздіңше, мыналар:
1. Орыс сөздерін өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси, 
әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне енген жаңа 
құбылыстарды, заттарды, ұғымдарды бұрынғылармен шата-
стырмай, айырып атау мақсатымен пайдалану. Мысалы, Рос-
сия империясының правосын қалған екі праводан (қазақтың 
әдет-ғұрып заңы мен мұсылманның шариғатынан) ажыратып 
атау үшін Абай саналы түрде қолданған закон, сот, судья, ад-
вокат, дознание, посредник, кәтелешке сөздері.
2. Әзірге қазақ қауымына бейтаныс болса да, аударуға
немесе суреттеп түсіндіругс болмайтын ұғым, зат, құбылыс 
атауларын орысша алу принципі. Мысалы: электр, фабрик, 
миллион, единица, ноль, номер, штык, картечь, подвижный 
элемент, впечатлительность сердца т.б.
3. Орыс сөздерін образ жасау, мысқылдау, адресанттарға 
бағыштау т.б. тәрізді стильдік мақсатта пайдалану. Мысалы: 


128
гуляйттау, пошел дереу, расход, здравомыслящий, занимайся 
прямотой т.б. сөздерінің қолданысы.
4. Орыс тілінің сапалық әсерін қабылдау. Мысалы, сөздердің 
тіркесу қабілетін кеңейту (ой көзі, қараңғы көңіл) мен бірен-
саран семантикалық калькалар т.б.
Міне, Абай тілінде орыс тілінің алған орны, атқарған рөлі, 
тигізген әсері, біздіңше, осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет