35
ләкин, уа, һәм, каю, ки (кім) тәрізді шылаулар да, етістіктердің
III жағына көптік жалғауын қосу
(бармадылар) тәрізді мор-
фологиялық тәсілдер де,
ки, қию, диу дәнекерлерімен құрылған
сөйлем конструкциялары да кездеседі. Бұл «шағатайлық»
белгілер кітаби тілде жазылған проза жанрының біразында
ұшырасып отырады. Тіпті, кітаби тілде шығарылмаған, XIX
ғасырда хатқа түскен халық жырларының қара сөз үзіктерінде
бірен-саран кітаби грамматикалық
тәсілдер енгізіліп жібе-
рілгенін көреміз. Мысалы, «Қисса Қамбардың» 1888 жылғы
Қазанда басылғанында: Күндерде бір күн Мақтым хан
ноғайлының билеріне ұрысты: менің патша
уа һәм күйеу
болғаным қалай... «Қисса Алпамыштың» 1901 жылғы баспа-
сында: Байбөрінің Құлтай деген немере ағасы бар екен. Ол
һәм перзентке зар екен.
Байбөрі һәм Құлтай... Шыныбай де-
ген бір
ұғыл қалыпты. Алқисса ... қалмақтарының белі сынып,
хүкіміне көніп
тұрдылар.
Әрине, бұл – кітаби тілдің өзі емес, тигізген «салқыны».
Сондай-ақ діни тақырыпта жырланған қисса-дастандарда
кітаби тілдік сипат негізінен лексикасында болды. Бұларды о
баста қазақтар
кітап өлең деп атағанда олардың тіліне қарап
емес, кітаптан оқылатындығына қарай атағаны сөзсіз,
бірақ
кейін қазақ халқының өз жырлары кітап болып шыққанда,
екеуінің арасындағы тематикалық та, тілдік те, көркемдік те
айырмасы қарапайым оқушының
өзіне сезіліп тұрғаны және
даусыз, сондықтан
кітаби өлең, кітаби ақын дегендер жаңа
діни мазмұнды, тілі өзгешелеу дүниелерге телініп, күні бүгінге
дейін термин болып қалғанын көреміз.
Жазба әдеби тілдің өзі емес, оның жеке нормалары осы-
лайша әр үлгіде әрқилы қолданылуына және кейде тәртіпсіз,
жүйесіз қолданылуына қарай, оның үстіне бұл үлгілердің
көпшілігінің мазмұны (діни)
мен көркемдік дәрежесінің
төмендігіне қарай қазақ даласындағы кітаби тілді жаргон
қатарына жатқызатын пікірлер де жоқ емес. Бұл тұжырымды
басы С.Е.Малов болып, көптеген ғалымдар білдіреді:
«Книги, в редком случае появляющиеся до революции и счи-
тавшиеся написанными на казахском языке, на самом деле
36
были написаны на татарском языке с
некоторым смешени-
ем этого языка с элементами казахского
36
; или они писались
на том книжном мусульманско-тюркском жаргоне, которым
пользовались ученые без различия национальности: и татары,
и башкиры, и казахи, и киргизы... Да и по содержанию эти
редкие книжки были слишком специальны и однообразны.
Религия и религиозная мораль – вот все их содержание. Язык
этих книжек и книг был полон арабских и персидских слов,
был полон татаризмов и чагатаизмов, т.е. элементов средне-
азиатского
тюркского, да узбекского языка»
37
.
Діни қисса-дастандардың тілі жаргондық тіл («испорчен-
ный или смешанный язык») дегенді Ғ. Мұсабаев пен С.Аман-
жолов та айтады
38
. Ә.Құрышжанов «қоспа тіл» деген терминді
ұсынады
39
, өйткені оның талдаулары М.Қалтаев шығармалары
тәрізді үлгілердің тілі не таза қазақша, не таза кітаби емес,
негізі қазақша, бірақ кітаби тіл элементтері араласқан деген
пікірді дәлелдейді.
Қысқасы, осындай әр алуан, кейде бір-біріне қарама-қарсы
пікірлер кітаби тілдің әр жанрда,
тіпті бір жанрдың ішіндегі
әр нұсқада әртүрлі дәреже-сипатта және әртүрлі шеберлік-
қисында бой көрсеткенін байқатады. Сондықтан бірқатары,
мысалы, М. Қалтаев, Н.Наушабаев, Шәді төре, Әубәкір
Кердері, Ақмолда тәрізді ақындар тілі «әдеби қоспа тіл»
тәрізді болып, енді бірқатары, мысалы, Кашафуддиннің «қазақ
36
С.Е.Маловтың татар тілінде жазылған деп отырғандары С.Мұқанов көрсеткен-
дей, Кашафуддиндердің «Бастайын китабімни хамди илән; Яраткан аллага айтмәк
мінән» («Мақұлат». - Қазан, 1897) дегендер немесе Қ.Жұмалиев көрсеткендей, «Бала-
лар әуел ашап болғаш, уақытыменен тамақ тойғаш, китабларды қолына алғаш оқур
сабақ яхшылап» («Қисса әдеблі бала». - Қазан, 1895)
деген сияқтылар болу
керек. Шынында, бұлар – не таза қазақ тілінде, не таза татар тілінде, не таза
кітаби тілде жазылған үлгілер емес. Татар молдалары мен жазушысымақтары
қазақ оқушы жұртшылығына «қазақша» ұсынған «туындылары».
Бұлар жөнінде
зерттеуші С.Мұқанов («Жарқын жұлдыздар», 288-293-б.), Қ.Жұмалиев («Қазақ
әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі», 170-174-б.) дәлелді
мысалдарымен көрсетіп, өте жақсы айтып өткен.
37
Достарыңызбен бөлісу: