Р. Сыздык 1-том indd


Жұрнақ жалғау арқылы жасалған неологизмдер



Pdf көрінісі
бет71/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   180
Жұрнақ жалғау арқылы жасалған неологизмдер. 
Төл сөздерден лексикалық неологизмдерді жасауда Абай- 
дың ең актив қолданған тәсілі – жұрнақ жалғау. Және бұл 
жердегі тәсіл біреу болғанмен, аффикстер де, түбір морфема- 
лар да және осы тәсілмен жаңа сөз жасау мотивтері де 
әлденешеу болып келеді. Ең алдымен, жұрнақтар арқылы 
Абай жасаған жаңа сөздердің үлкен тобын абстракт ұғымдағы 
есімдер құрайды. Жалпы Абай текстерінде айрықша көзге 
түсетін нәрсе – абстракт атаулардың молдығы. Оның себебі 
бар. Абай творчествосы сан тақырыпты, алуан мазмұнды болып 
келсе, солардың біреуі – философтық сипат. Абай толғанады. 
Бір кезек адамның, әсіресе замандастарының әрқилы қасиет-
мінездерін сөз етіп ойға шомады. Енді бірде болмыс пен 
рух, адам табиғаты мен Құдай тағала тәрізді ұғымдарды 
жеке бір шығармасының тақырыбы етеді. Бұл толғаныстар 
өлеңдерінде де бар, ал прозасында тіпті басым. Демек, ойшыл 
Абай дерексіз ұғымдарды өз алдына объект етіп не жырласа, 
не «Қара сөздерінде» әңгімелесе, сол ұғымдар атауы молы-
нан қолданылуы қажет. Ал Абайдан бұрын таза қазақ тілінде 
дәл осындай философиялық, психологиялық трактат, этюд-
тар жоқ болатын. Пушкин сөзімен айтсақ, ол кезде қазақтың 
«метафизикалық тілі» жоқ-ты. Сондықтан Абайға бұл қыруар 
ұғымдардың атауларын өзі жасауына немесе өзге тілден алу-
ына я болмаса тілде бұрыннан барларын активтендіруге тура 
келді.
Абайда -лық жұрнағы арқылы абстракт ұғымды білдіре- 
тін туынды зат есімдер жасау тәсілі ерекше көзге түседі. 
Мысалы, ашуланшақтық, өтірікшілік, салғырттық, күлкі- 
шілдік, ықтиярсыздық, беріктік тәрізді атаулардың -лық 
жұрнағынсыз түрлері қазақ тілінде жиі қолданылатын, бірақ 
бұлардан абстракт есімдер жасау потенциясы болғанмен, ол 
есімдер көп қолданылмайтын. Айталық, Абай беріктік сөзін 
«твердость духа» деген дерексіз есім атауына айналдыра-
ды. Бұрын немесе Абай тұстарында мінезі берік немесе тіпті 
біреудің мінезінің беріктігі (қаттылығы деген мәнде) тәрізді 
тіркестер қолданылғанымен, беріктік сөзін Абай тәрізді 
абстрактік категория атауына айналдыру жоқ болатын. Сондай-


150
ақ адамның көңіл-күйін білдіретін мағынадағы суықтық сөзі 
Абай жаңалығы: Жанында суықтық бар бір жасырын (II, 104). 
Тегіндік сөзі де – аударма үстінде туған Абайдың неологизмі: 
Айтшы, аға, нағып жеңілдік, Мәскеуде емес тегіндік (II, 70) 
– Скажи-ка, дядя, ведь не даром Москва спаленная пожаром... 
(Лермонтов, I, 14).
Абайдың 15-сөзіндегі өзі объект етіп әңгімелейтін қызық- 
пақтық, құмарлық деген категориялардың осы атауларын 
да автор өзі жасаған. Үшінші – әрбір нәрсеге қызықпақтық. 
Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатұғын нәрсе екен (II, 172). 
Мұндағы құмарлық сөзі тұлға жағынан бұрыннан да бар бо-
луы әбден ықтимал, бірақ бұрынғы құмарлық – әйел мен 
еркектің бір-біріне деген сезімін ғана білдірсе, Абай әңгімелеп 
отырған құмарлық – жалпы бір нәрсеге ұмтылу, талпыну 
мағынасын беретін сөз. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады 
екен, әртүрлі құмар болған нәрсе... (II, 172). Осы жердегі әрбір 
құмарлық, әртүрлі нәрсеге құмарлық дегеніне қарағанда, автор 
бұл сөзге жаңа ұғымды сыйғызып, жаңа сөз жасап тұр. Сірә 
да, -лық жұрнағы арқылы жана сөз жасауда сын есім түбірін 
актив пайдалану Абай қаламына тән нәрсе. Өзгелерде, әсіресе, 
жалпыхалықтық тілде, жақсылық, жамандық, үлкендік, 
кішілік, жомарттық, сараңдық тәрізді ертеден қалыптасқан 
сөздер болмаса, сын есім түбірлерінсн -лық арқылы туынды 
сөз жасау дәл Абайдағыдай дәрежеде емес.
Ақынның өте жиі қолданған сөздерінің бірі – салғырттық 
тұлғасы да, жоғарғы суықтық, құмарлық сөздері де осы 
іспеттес.
Абай -лық жұрнағы арқылы жаңа абстракт есім жасауда
бұл тәсілдің өзіне дейінгі тіл практикасында көп қолданыл- 
маған түрін пайдаланады. Ол – әр алуан жұрнақтар арқылы 
жасалған туынды сөздерге -лық аффиксін тіркеу. Бұлардың 
ішінде -лы, -сыз жұрнақты туынды түбірлерден -лық арқы- 
лы жасалған дерексіз ұғым атаулары ерекше көзге түседі: 
тоқтаулылық, байлаулылық, арлылық, намыстылық, естілік, 
білімділік, қайратсыздық, ақылсыздық, талапсыздық, тиянақ- 
сыздық, қайғысыздық, ассыздық, сусыздық т.б. Бұлардың көбі 
– Абайдың өзі жасаған неологизмдер, әсіресе тоқтаулылық, 


151
байлаулылық, арлылық, намыстылық тәрізді туындылар Абай-
дан өзге қаламгерлерден табылмайды. Бұл есімдердің түбірі 
– адам баласына тән қасиеттерді білдіретін сөздер. Солардың 
бар (-лы арқылы) немесе жоқтығына (-сыз арқылы) қарай аб-
стракт ұғымды білдіру Абай тақырыбына үндеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет