Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет57/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105
Опричнина. IV Иван кезiнде халық 
наразылығымен қатар, бояр-
лардың қарсы лы ғы күшейдi. IV Иванды халық Грозный деп атады. Ол 
елде опричнина саясатын енгiздi. Осыған сәйкес мемлекеттiк жерлерге 
патшаны қол даған сенiмдi адамдар орналастырылды. Патшаға қарсы 
шыққан боярлардың жерлерi тартып алынып, олар шет аймақтар ға
кө шiрiлдi. 
IV Иван Грозный
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


93
Халықтың IV Иван 
патшадан опричнинаны 
жоюды талап етуi
Опричнинаны арнаулы, се нiмдi адамдардан тұратын әскер жүр гiздi. 
Опричнина «опричь» сөзiнен шыққан – «басқа, айрықша» де ген мағынаны 
бiлдiредi. Ауыспалы мағынасы – «жүгенсiз кеткен орда». 
Халықты қорқыту үшiн опричнина әскерлерi қанжығаларына иттiң
басы мен сыпырғыш байлап жүрдi. Бұл олардың патшаға иттiң ие-
сiне берiлгендей берiлгендiгiн, опасыздарды мемлекеттен сыпырып 
тастайтындығын бiлдiрдi. Опричнина әскерлерi тек қана патшаға 
бағынды. IV Иван боярлар думасын таратып, боярларсыз жеке билiк 
орнатып, қарсы шыққандарды жазалап отырды. Опричнина елде үрей 
туғызып, қатал жазалау саясатына айналды. 
IV Иван опричнинаға қарсы шыққан Клин, Торжок, Тверь қалаларын 
тонап, адамдарды аяусыз жазалады.
IV Иванның қатал билiгi кезiнде шаруашылық құл дырап, елде 
тыныштық бұзылды. Патшаға қарсы халық наразылығы күшейдi. 1572 
жылы IV Иван опричнинаға тыйым салды. Елде тыныштық орнады.
Ресейде абсолюттік биліктің шарықтау шегі І Петрдің (1682–1725 
жылдары) патшалық еткен кезінде орнықты. Мемлекеттің заң шығару 
және атқару билігі император І Петрдің қолында болды. Сондай-ақ сот 
істерінде шешім қабылдайтын соңғы және жоғарғы сатыда да І Петр 
тұрды. Ол әскерлердің бас қолбасшысы және орыс шіркеуінің басшысы 
саналды. 
Боярлар Думасы таратылып, 1711 жылы заң шығарушы, нұсқау беру-
ші және атқарушы орган – 
Сенат құрылды. Бұрынғы үкіметтік мекеме лер 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


94
– приказдар жүйесі біржолата таратыл-
ды. І Петр олардың орнына 
коллегия- 
лар ұйымдастырды. Коллегиялар мем-
лекеттік басқару ісінде белгілі бір 
қызметпен айналысты. Елде бұрынғы 
уездер орнына губерниялар құрылды. Губерниялар провинцияға бөлінді. 
І Петр тұрақты орыс армиясы мен әскери-теңіз флотын құрды, әскери 
өнеркәсіпті дамытуға зор көңіл бөлді. 1703 жылы Петербургтің негізін 
қалап, 1719 жылы оны астана етті. 1721 жылы Ресей 
империя деп жа-
рияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет