Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


т а р а у Негізгі ұғымдар



Pdf көрінісі
бет54/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

т а р а у
Негізгі ұғымдар:
француз абсолютизмі, 
абсолюттік монархия
нотаблилер, мануфак-
тура. 
Бүгінгі сабағымызда француз абсолютизмінің қалыптасу ерекшеліктері 
туралы білетін боламыз. Батыс елдеріне тән монархиялық билік жүйесін 
анықтаймыз.
Француз абсолютизмі мен экономикасының 
даму ерекшеліктері. Батыс пен Шығыста абсолю-
тизм ХVІ–ХVІІІ ғасырлар аралығында орнықты. 
Абсолютизм – жоғары өкімет билігінің толықтай 
жеке-дара бір адамның қолына шоғырлануы. 
Францияны біріктіру 
ХІ Людовиктің тұсында 
(1461–1483) аяқ талды. ХVІ ғасырда Франция 
өзінің аумағын қалыптастырып, Батыс Еуропадағы орталықтандырыл-
ған аграрлы ірі мемлекетке айналды. ХVІ ғасырдағы саяси-әлеуметтік 
өзгерістер Францияда абсолюттік монархияны қалыптастырды. Басқа 
Еуропа елдеріндегі абсолютизммен салыстырғанда француз 
абсолютизмі 
күшті дамыған классикалық түрде орнықты. Феодалдық дворяндар елдегі 
артықшылық жағдайдағы 
абсолютизмнің арқа сүйер негізгі тірегіне ай-
налды. Француз королін католиктік шіркеу де қолдады. Жаңадан да-
мып келе жатқан буржуазия тобының өкілдері де абсолютизмді қолдап 
отырды. Себебі, қаржысы жетерлік буржуазия өкілдерінен мемлекеттік 
шығын көбейген сайын өкімет қарыз алып отырды. Ал өкімет өз та-
рапынан қарыз бергендерге жанама алым-салықтарды жинауға рұқсат 
етті. Олар алым-салық жинайтын компаниялар құрып, халықтан түсетін 
салықтан үлкен көлемде қаржы жинап алып отырды. Мұндай жолмен 
жиналған қаржы капиталдың алғашқы қорлануындағы француздық 
ерекшелікке айналды. Сонымен бірге француз буржуазиясының ірі тобы 
абсолютизмді қолдауының нәтижесінде күйзелген дворяндардың жерін 
сатып алды.
Француз абсолюттік монархиясының негіздері І Францискінің тұ-
сында (1515–1547) одан әрі күшейді. І Франциск шіркеуді толық өзіне 
бағындырды. 
І Францискінің уақытында Бас штаттың шақырылуы тоқтатылды. 
Олардың орнына 
нотаблилер, яғни корольдің өзі тағайындаған адамдар 
тобының жиналыстары өткізіліп тұрды. Елді басқару билігі 
Корольдік 
кеңестің қолына шоғырланды. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


87
Король әскері мен жыл сайынғы өсіп отыратын мемлекеттік аппа-
ратты ұстауға және ақсүйектер мен дворяндарға артықшылық беруге 
көп қаражат қажет еді. Сондықтан да елдің қазынасы алым-салықтарды 
көбейту мен тонаушылық соғыстар жүргізу арқылы толықтырылып 
отырды. Мысалы, ХV ғасырдың аяғында салықтар 3 млн болса, ХVІ 
ғасырдың ортасында 9 млн ливрге жеткен. 
І Франциск қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған ІІІ Ген-
рих тұсында (1547–1559) Франция мемлекеті қазіргі кездегі шегаралық 
аумағына сәйкес өз жерлерін біріктіруді толық аяқтады.
ХVI ғасырдың басында Францияның сая си-экономикалық күш-
қуаты артып, бүкiл ел бiр орталықты өкiметке – 
король билiгiне ба-
ғындырылды. 1539 жылы Франция королi I Франциск мемлекеттiк 
тiл ретiнде француз тiлiн енгiздi. Осыдан бастап мемлекеттегi ресми 
құжаттар латын тiлiнде емес, француз тiлiнде жүргiзiле бастады.
ХVI ғасырда Франция алғашқы қор жинау кезеңiне аяқ басты. 
Алғашқы қор дегеніміз – өндірісті қамтамасыз етуге жұмсалатын ақша-
лай қаражат, кіріс көздері. ХVI ғасырдың басында мануфактуралық 
өндiрiс өмiрге келдi. Мануфактура де генiмiз – еңбек бө лi нi сi не және 
қолөнерi техникасына негiзделген iрi кә сiпорын дар. Шы ны, жi бек, шұға, 
қағаз т.б. өндіретін мануфактуралар кең өрiс алды.
Франция Англиямен, Германия, Скандинавия елдерiмен, Испания 
және Америкамен сауда жасады. Әсiресе Жерорта те ңiзi жағасындағы 
елдермен сау даның маңызы зор болды.
ХVII ғасырдың басында сырт қы сау-
даны дамыта түсу мақ саты мен Франция 
Америка құрлы ғынан отар басып алуға 
кiрiстi. 1608 жылы Канадада фран-
цуз отарының орталығы болған Квебек 
қаласының негiзi қаланды.
Францияның ХVII ғасырдың бiрiншi 
жартысындағы саяси-экономикалық жағ- 
дайы жақсара түстi.
Бұл жетiстiктерде корольдiң бiрiншi 
министрi 
кардинал Ри шелье нiң үлесi зор 
болды. Ри шелье Францияны 1624 жыл-
дан 1642 жыл ға дейiн биледi. Ол барлық 
күш-жiгерiн орталық үкiмет билiгiн 
нығайтуға, 
экономиканы 
дамытуға, 
Францияның басқа елдер арасындағы бе-
делiн арттыруға жұмсады. Ришелье фео -
король
Франциядағы XVII ғасырдағы 
шексiз абсолюттiк монархия
тұрақты әскер
қазына
шенеуніктер
бас штаттар
шаруалар
қала халқы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


88
дал-ақ сүйек тердiң қарсылығын тойтарып, бiр ор-
та лық қа бағынған өкiмет билiгiн нығайтты.
ХVII ғасырдың екiншi жартысында Францияда 
шексiз абсолют тiк монархия түпкi лiктi орнады, ел 
би лi гi түгелдей корольдiң қо лына жинақталды.
Абсолюттiк монархияның негiзгi белгiлерi:
– корольдiң сөзi бүкiл ел үшiн заң болды;
– король қазынаны өзі басқарды;
– соттарды өзi тағайындап отырды;
– армияны өзi басқарды;
– салық мөлшерiн өзi белгiледi;
– салық жинаушыларды өзi тағайындап отырды;
– елдiң барлық халқы корольдiң боданы деп саналды;
– ағылшын корольдерi сияқты француз корольдерi де шiркеудi 
өздерiне бағындырып алды.
Мұндай 
билiктiң 
кемшiлiк терi не 
қарамастан, ХVI–ХVII ғасыр дың бi рiн шi 
жартысын да Франция Еуропа елдерi нiң 
арасындағы ең қуатты мемлекеттiң бiрiне 
айналды.
Француз абсолютизмінің толық қалыптасуы ХІV Людовиктің 1643–
1715 жылдары билік еткен тұсында аяқталды. 1661 жылы ХІV Людо-
вик корольдік кеңесті Үлкен кеңес етіп қайта құрды. Оның құрамына 
король (кеңес төрағасы), герцогтар, министрлер, мемлекеттік хатшылар 
және канцлер (король жоқ кезде төрағалық етті) кірді. 
ХІV Людовик Франция аумағының тұтастығын нығайтты. Ол 
Еуропадағы саны көп, қуатты және жоғары деңгейде ұйымдастырылған 
әскер құрды. Оның тұсында Францияда мәдениет пен өнер, ғылым дамы-
ды. Король өзіне сән-салтанатты Версаль сарайын салғызды. ХІV Людо-
вик билік еткен жылдар Франция тарихында 
«Ұлы ғасыр» деп аталды.
Король мен оның төңірегіндегілердің шектен тыс сән-салтанаты, 
әскери жорықтар халыққа салынатын салықтарды көбейтті. ХІV Лю-
довик салық жүйесін реформалады. Тұз және басқа көптеген заттарға 
салықтар енгізді. Ол шексіз билікті өз қолына алды. Оның кезінде 
корольдік соттың біртұтас жүйесі қалыптасты. Мұның бәрі ХІV Людовик 
билігінің соңына қарай халықтың жағдайын нашарлатты. Король като-
лик дінін ұстанып, оны мойындамағандарды қатаң жазалады.
Ришелье
ХІV Людовиктің «Мемлекет 
дегеніміз – мен» деген сөзін 
қалай түсіндіңдер? 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет