Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет86/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Негізгі ұғымдар:
Кальвин, 
протестанттық, 
католицизм.
Жан Кальвин
§29. РЕФОРМАЦИЯНЫҢ ЕУРОПА ЕЛДЕРІНЕ ТАРАЛУЫ
Кальвиннің «Шіркеу дегеніміз – 
таңдаулы адамдардың қауымы» де-
ген сөзін қалай түсіндіңдер? Оның 
осы пікіріне орай өз ойларыңды 
айтыңдар.
Бүгінгі сабағымызда реформацияның Еуропа елдеріне қалай таралғанын, 
қандай өзгерістерге жеткізгенін білетін боламыз. Кальвин ілімінің негізінде 
адамның дүниетанымы мен қоғам өміріндегі дін рөлін талдаймыз. «Кальви-
низм», «контрреформация», «иезуиттер ордені» ұғымдарымен танысамыз. 
Реформацияның Еуропа елдеріне таралуы. 
Еу ро паны шарпыған реформациялық қозғалыс 
Германиядан кейін Швейцарияда күшті қарқын-
мен жүрді. Швейцария реформациясының көсемі 
Ульрих Цвингли еді. У. Цвингли 1522 жылы «67 
статья» деген еңбегін жариялады. Ол Лютердің 
көзқарастарын жетілдіріп, демократиялық бағытта дамытты. 
Швейцариядағы реформациялық қозғалыстың ірі өкілі француз
Жан Кальвин (1509–1564) саналды. Ол кальвинизм деген ілімнің негізін 
қалады. Оның мәні – Құдай адамдардың тағдырын алдын ала белгілеп 
қояды. Құдай адамның бір тобын құтқарып, екінші тобын өлімге кеседі. 
Сондықтан барлық адамдар екі топқа: 
таңдаулылар және шеттетілгендер 
болып бөлінеді. Дүние мен жеке 
адамдардың 
тағдырын 
Құдайдың 
құдіретті күші анықтайды. Ендеше, 
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық 
өзгерістер Құдайдың еркімен бола-
тын заңдылық. Әрбір діншіл адам 
Құдайдың таңдаулысымын деп ұғынуы және 
оны еңбектегі жақсы табыстарымен дәлелдеуі 
тиіс деп атап көрсетілді.
Кальвин: «Шіркеу дегеніміз – таңдаулы 
адам дардың қауымы», – деді. Оның діни же-
тек шілерінен басқалары сайланып отырды. 
Жекелеген қауымдар одақтарға бірігіп, ұлт- 
тық шіркеу құрды. Женевада Кальвин 
шір кеуді басқара отырып, жергілікті про-
тестанттық партияның жетекшісі ретінде 
25 жыл бойы қалалық кеңеске ықпал жа-
сады. Ол протестанттық діни академияны 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


138
құрды. Оның тыңдаушылары бүкіл Еуропаға кальвинизм ілімін тарат-
ты. Реформациялық қозғалыс Еуропаның басқа елдерін де қамтыды. 
Каль винизм – ХVІ ғасырдағы реформацияның нәтижесінде Жан Каль-
вин негізін қалаған протестанттық діни ілім. Ол өмір сүрудің тақуалық 
принципін уағыздады.
Англияда король VIII Генрих билік еткен жылдары шіркеулерді жап-
тырып, мүліктерін тәркіледі. Шіркеу билігін король өз қолына алды. 
Жаңа ағылшын шіркеуі құрылды. Алайда Мария Тюдор қайтадан като-
лик шіркеуін қалпына келтірді. Оның орнына билікке келген I Елизаве-
та Англияда протестанттықты түпкілікті қалыптастырды. Король епис-
коптарды өзі тағайындады және оларға лордтар палатасының кеңесіне 
қатысуына құқық берді. Сонымен бірге протестанттықтан католиктік 
ілімге өту мемлекеттік сатқындықпен тең деп бағаланды. Дұға ағылшын 
тілінде оқылатын болды.
Франциядағы реформациялық қозғалыстың өзіндік ерекшелігі 
бар еді. Бұл елде қозғалыстың дамуына қолайлы жағдайлар болма-
ды. Себебі, католицизм ұлттық бірігудің, король өкіметінің символы 
саналды. Францияда шіркеу билігі корольдің қолында еді. Ол шіркеу 
иелерін өзі тағайындап отырды. Дегенмен Францияда да католиктер 
мен реформациялық ілімді қолдаушылар арасында ұзаққа созылған 
тартыс жүрді. Бұл 1562–1598 жылдары гугеноттар соғысына ұласты. 
Францияда католицизм мемлекеттік дін болып қала берді. Еуропада 
реформациялық қозғалыс Швеция, Норвегия, Дания елдеріне де тара-
ды. 
Контрреформация – ХVІ–ХVІІ ғасырлардағы Батыс Еуропаға тараған 
реформацияға қарсы діни саяси қозғалыс. Католиктер реформацияға 
контрреформациямен жауап берді. Протестанттық ілімінің Еуропа 
құрлығында одан әрі дамуына тежеу қойды. Протестанттыққа қарсы 
күресте католиктік күштерді біріктіру және папаның беделін өсіру 
қажет болды. Осы мақсатта испандық дворян Игнати Лойоланың 
басшылығымен Иезуиттер ордені құрылды. Иезуиттер ордені – бір 
орталықтан басқарылатын, қатал тәртіпке негізделген, басшыларға сөзсіз 
бас июді талап ететін орден. Олар қоғамдық өмірдің барлық саласына 
белсене араласып отырды.
Ойталқы
Реформация қозғалысының қандай тиімді жақтары болды деп 
ойлайсыңдар?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


?!
1. Реформациялық қозғалыс қандай елдерге тарағанын картадан көрсетіңдер.
2. Жан Кальвиннің ұстанымын төменде берілген кластер арқылы көрсетіңдер.
3. Реформациялық қозғалыстың әр елдердегі ерекшеліктерін салыстыру 
кестесі арқылы айқындаңдар.
Англия
Франция
Жан Калвиннің 
ұстанымы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет