Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет84/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
?!
*
Ойталқы
Орта ғасырларда шығыс елдерінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі қандай 
болды? 
1. Қытай мен Үндістан мәдениеттерінің жетістіктерін көрсетіңдер.
2. Түрiк мемлекетінде мәдениеттің қандай салалары дамыды?
3. Авторы мен шығармаларын сәйкестендіріңдер.
І. Ахмет Факих
а) «Жүсіп пен Зылиха»
ІІ. Шейад Хамза 
ә) «Бес дастан»
ІІІ. Низами Гәнжауи
б) «Тағдыр кітабы»
1. Салыстыру кестесін толтырыңдар.
Ғұламалар
Еңбектері
Маңызы
1. Әл-Хорезми
2. Ибн-Сина
3. Әл-Бируни
4. Фирдоуси
5. Рудаки
6. Әлішер Науаи
2. Орталық Азия елдерінде орта ғасырлардан бері келе жатқан сәулет 
өнерінің ескерт кіштері туралы слайд дайындаңдар. 
3. Шығыстың ортағасырлық мәдениеті әлемдік өркениетті қалай байытқаны 
жөнінде шағын эссе жазыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


133
§28. РЕФОРМАЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ. 
МАРТИН ЛЮТЕР МЕН ТОМАС МЮНЦЕР
РЕФОРМАЦИЯ
О н ы н ш ы 
т а р а у
Негізгі ұғымдар:
реформация, индуль-
генция, бытыраңқылық,
Мартин Лютер, 
Томас Мюнцер. 
Бүгінгі сабағымызда адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін 
рөлінің өзгеру себептерін анықтаймыз. Мартин Лютер мен Томас Мюнцер 
ілімдерімен танысамыз. 
Реформацияның себептері. Реформация (ла-
тынның «қайта құру», «жаңарту» деген сөзі-
нен шыққан) – христиан дінінің үшінші үл кен 
бағыты протестанттықты дүниеге әкелді. Про -
тестанизм (латынша 
protestatio, protestor) – 
қарсылық, келіспеушілік деген мағынаны 
білдіреді. Реформациялық қозғалыс – ХVІ 
ғасырдағы Еуропаның қоғамдық өміріндегі ірі оқиға. Сондықтан Еуропа 
елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең 
реформация дәуірі 
саналады. Реформацияның Германияда басталуының өзіндік себептері 
болатын. ХV ғасырдың екінші жартысы мен ХVІ ғасырдағы географиялық 
ашылулар әлемдік сауда жолдарының бағытын өзгертті. Еуропа елдері 
үшін басты сауда жолы Жерорта теңізінің маңызы төмендеп, оның 
орнына жаңа бағыт Атлантика мен Солтүстік теңіздің маңызы күшейді. 
Осыған байланысты Германияда экономикалық құлдырау басталды. 
Капиталистік өндірістің дамуы тежелді, ішкі сауда қатынасы баяулады. 
Ауылшаруашылық өнімдерінің тек сыртқы саудаға шығатындары ғана 
дамыды.
Еуропаның ірі елдерінде сауда мен 
өнеркәсіптің дамуы елдің саяси бірі гуіне 
әкелсе, Германияда жергілікті ор та-
лықтардың (князьдықтар, графтықтар) 
төңірегіндегі мүдделер елдегі быты- 
раңқылықты кү шейт ті. ХІІ ғасырдан бастап ішкі ыдырау жолына 
түскен Германия империясы ХVІ ғасырдың қарсаңында дербес өзара 
байланыстары жоқ бытыраңқы аймақ күйінде қалды. Дербес бірлес-
тіктердің арасында талас-тартыс, бәсекелестік орын алды. Жергілікті 
жерлердегі билеуші князьдар биліктерін күшейтіп, өз ақшаларын 
шығарды. Алым-салықты өздеріне қалдырып, сот істерін де өздері шешіп 
Реформациялық қозғалыстың 
Германияда басталуының себе-
бін нақты ашып көрсетіңдер. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


134
отырды. Сөйтіп, елдің бытыраңқылығы экономиканың құлдырауына 
әкеліп соқтырды. Неміс саудагерлері мен кәсіпкерлері мемлекеттің 
көмегі мен қолдауынан айырылған еді.
ХV ғасыр дың аяғы – ХVI ғасырдың бас кезiнде Гер манияда 
католик 
шiркеуiнiң ықпалы күшейдi. Оның ұлан-бай тақ жер иелiктерi болды. Ол 
жерлерден түсiп жат қан табыстар Рим папасының қазынасына жө не л-
тiлетiн. Католик шiркеуi
индульгенциялар сату арқылы көп табыс та-
уып тұрды. Қоғамдағы тәртіп мәселесінің қатаң сақталуына үлес қосып 
отырған болып, князьдықтардан жер, мал-мүлік, ақшалай сыйлықтар 
алып отырды. Католик шіркеуі өзіне қарсы пікір айтқандарды Құдайдан 
безген деп жариялап, қатаң жазалады. 
Германиядағы феодалдық бытыраңқылықты, өкімет билігінің әлсіз- 
дігін пайдаланып, католик шіркеуінің басшылары қоғамдық қатынас-
тарда да өз үстемдігін орнатты. Дінбасылары князьдарды бағынышты-
лықта ұстауға тырысты. Католик шіркеуі орталықтарының қыруар жер- 
ді иемденуі жері жоқ неміс рыцарьларының да наразылығын туғызды.
Шіркеу табыстарының ауыртпалығы қарапайым еңбекші халыққа, 
яғни шаруаларға, қолөнершілер мен саудагерлерге түсетін. Католик 
шіркеуінің өкімет билігіне ұмтылуы неміс князьдарының наразылығын 
туғызды. Сөйтіп, ХVІ ғасырдың басында Германияда барлық әлеуметтік 
топтардың Рим папасына, шіркеу орталықтарына қарсы наразылықтары 
шегіне жетті.
Мар тин Лютер
Ойталқы
Германия, Испания, Италия сияқты елдерде католик шіркеуінің ықпалы 
неге күшті болды деп ойлайсыңдар?
Католик шiр кеуінiң озбырлығы халық нара- 
зылығын туғызды. Католик шiр кеуi нiң озбырлығына 
қарсы қоз ғалыс Гер ма ния та ри хы на 
реформация де-
ген атпен ендi. Реформация – ХV ғасырдағы Батыс 
және Орталық Еуропадағы католик шіркеуіне қарсы 
қуатты қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Ол 
қозғалыс шiркеудiң әлеуметтiк-саяси құрылымына 
өзгерiстер енгiзу дi талап еттi. Қозғалысты дiн са-
ла сының бiлiмдары, университет профессоры 
Мар-
тин Лютер (1483–1546) бастады. Ол «Шіркеу мен 
дінбасылар адам мен Құдай арасындағы дәнекер 
емес және құпия күш арқылы олар адамның күнәсін 
кешіріп, жанын тазарта алмайды», – деп мәлімдеді. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


135
М. Лютер сол кездегі ең ірі мыс өнер-
кәсібі орталықтарының бірі Эйслебене 
қаласында (Саксония) дүниеге келген. 
Лютердің жастық шағы өзінің жағдайына 
наразы бюргерлердің арасында және ка-
толик дін иелеріне қарсылық үдей түскен 
кезеңге тура келді. Лютер он сегіз жасында Эрфурт университетіне түсіп, 
гуманистер үйірмесінің мүшелерімен жақын танысады. Ол біраз уақыт 
солардың ықпалында болды. Университетті бітірген соң Августин мо-
настырына орналасады, оның дүниеге көзқарасы осы жерде біржолата 
қалыптасты. Ол: «адамдар кү нәдан шiр кеу қаулыларының, папа үкiм-
дерi мен нұс қау ларының күшiмен құтылмайды, күнәдан құтылу дың 
басты жолы – Киелi кiтапты оқу, оған толық сену», – дедi. Лютердiң 
пiкiрiнше, шiркеу мен дiн иелерiнiң мiндеттерi тек Киелi кiтаптың 
мазмұнын түсiндiру, христиандарды сол арқылы «сенiмге» жетелеу едi.
1517 жылы Лютер шiркеу озбырлығы мен папа ин дуль ген ция сына қарсы 
көзқарасын бiлдiретiн үн деуiн – «95 тезисiн» таратты. 1520 жылы Лютер папа 
зорлығына қарсы күрестi бүкiл немiс ұлтының iсi деп жария лады. 
Лютер әдiлетсiздiкке қарсы күш қолдануды жақтамады. Әдiлет-
тiлiкке тек үгiт-насихат, тү сiн дiру, көзiн жет кiзу сияқты заңды жолдар-
мен жету ке рек екенiн айтты. Шыдамдылық танытуға үгiттедi.
Мартин Лютердiң бұл пiкiрiне дiн уағызшы-
сы 
Томас Мюнцер (1490–1525) қарсы көз қарас 
ұстанды. Ол барлық езгiге, зорлық-зомбы лыққа 
шыдаған дар ға Құдайдың мейi рiм-ша пағат жа сай-
тыны туралы тү сi нiк тi жоққа шы ғар ды. Мюнцер-
дiң пiкiрiнше, адам дар дың өзiнен тыс, олардың 
өмiр дегi тiр шi лi гiнен басқа еш қандай өмiр жоқ. 
Мюн цер монас тыр ь ларды, дворяндар мен князь-
дарды қамалдарымен қоса күл-талқан етуге 
шақырды. Ол әлеу меттiк-экономи ка лық теңсiздiк 
болмайтын қоғамдық құрылыс ты уа ғыздады.
Мюнцердi қолдаған кедей шаруалар мен қо л - 
өнер шi лер 1524 жылы кө те рi лiске шықты. 
Көтерiлiсшiлер 
ана бап тистер, яғни «бас қаша шоқынушылар» деп атал-
ды. Олар байлар мен шiр кеу дiң байлығын күшпен тар тып алып, жерде 
жұмақ орнатпақ болды. Бұл қозғалыс көп қиыншылықпен 1525 жылы 
ба сыл ды. Мюнцер өкiмет қолына түсiп, өлiм жазасына ке сiлдi.
Т. Мюнцер мен М. Лютердің ілімдері 
ортағасырлық қоғамның барлық 
топтарының мүддесіне сай келді 
ме? Ойларыңды дәлелдеңдер.
Томас Мюнцер
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет