Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет87/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ
О н б і р і н ш і 
т а р а у
§30. ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕРДІҢ ДАМУЫ
Николай 
Коперник
Негізгі ұғымдар:
ғылыми револю ция
ғарыш әле мі, ғылыми 
көзқарастар мен 
жаңалықтар. 
Бүгінгі сабағымызда ортағасырлар кезіндегі ғылыми білімдердің дамуы-
мен, адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің маңызымен танысамыз. 
Ұлы ғұламалар мен олардың еңбектерін оқып білеміз. Кейінгі орта ғасырлар 
кезеңіндегі Жердің құрылысы туралы ғылыми жаңалықтардың жаратылыстану 
ғылымдарының дамуы үшін маңызын анықтаймыз.
Ғылымның дамуы. Географиялық ашылулар 
тұсындағы 
Колумб пен Васко да Гаманың саяхат-
тарынан кейiн, басқа теңiзшiлер де дүниежүзiнiң 
түкпiр-түкпiрiне қауiптi теңiз саяхаттарына шы-
ғуды тоқтат қан жоқ. ХVII ғасырдың басында Ав-
стралия құрлығы ашылды. Орыстар Солтүстiк 
Азияның зерттелмеген жерлерiне енiп, Тынық 
мұхит жағалауына шықты. Батыл саяхатшылар құр лықтың, теңiздер 
мен мұхиттардың көп бө лiгiн зерттедi. География ғылымы тамаша табыс-
қа жеттi.
Ашық теңiзде кеменiң қай жерде жүргенiн дұрыс анықтау үшiн 
планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жақсы бiлу керек болды. 
Дiнбасылар Птоле мейдiң Жер қозғалмайды деген iлiмiн қуаттады. Бұл 
iлiм Жер мен адам ды Құдай жаратты, ол Күн мен ғаламшарларды Жер дi 
айналып жылжуға мәж бүр еттi деген дiни қиял ға қайшы келмедi.
Коперник Николай. Ғарыш әлемi жө нiндегi дiни көзқарастар ға
Поль ша ның ұлы ғалымы Ни колай Коперник (1473–1543) күйрете соққы 
бердi. Ол 1507 жылы Жер және басқа планеталар Күндi айналып жү редi 
деген тұжырымын ғы лыми жолмен дәлел дедi. «
Аспан 
денелерiнiң айналысы туралы» атақты еңбегiн жазды.
Коперник өзiнiң ашқан жаңалықтарын ұзақ уақыт 
жариялай алмады. Жаңа iлiм оны шiркеудiң қуғынына 
ұшыратып қана қоймай, жаппай кiнәлауға және келемеж-
ге душар етуi мүмкiн едi. Күн жердi айналады де генге 
бүкiл дүниежүзi сенетiн. Тек Коперник мұны ақи қатқа 
қайшы деп есептедi. Коперниктiң ұзақ жылғы еңбегi – 
«Аспан денелерiнiң айналысы туралы» кiта бының бiр да-
насы ғана тек 1543 жылы ол қайтыс болар күнi жарық 
көрдi. Достары кiтабының бi рiн шi данасын қолына ұс тат-
қан кезде ол өлiм халiнде жатыр едi. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


141
Коперниктiң ашқан жаңалығының тари-
хи маңызы зор. Ол бас қа ғаламшарлар және 
Күн Жердi айналады деген адасушылықтан 
құтқарып, ғылымда еркiн ой лау ға жол 
ашты. Католик шiркеуi бұл қағиданың адам-
дарға тигiзетiн ықпалынан шiркеуге нұқсан келедi, беделiн түсiрiп, 
адамдардың қорқыныш сезiмiн азайтады деп қауiптенiп, оларды және 
оның жақтастарын қатты қудалап отырды. Осыған қарамастан Ко-
перниктiң аш қан жаңалықтары ғы лымда бүтiндей төң керiс жасады. 
Коперниктің ілімі негізінде ғаламшарлар қозғалысының заңдылықтарын 
неміс астрономы 
Иоганн Кеплер (1571–1630) ашты. Католиктердің 
қудалауы салдарынан Кеплер 1600 жылы Прагаға келіп, даниялық астро-
ном Т. Брагемен бірге жұмыс істеген. Прагада оның оптиканы астрономияға 
қолдану туралы «Виттелоға толықтыру» (1604), «Диоптика» (1611) атты 
трактаттары және «Жаңа астрономия» (1609) атты құнды еңбегі жарық 
көрген. Кеплердің жаңалықтары астрономияның ілгері дамуында елеулі 
рөл атқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет