Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Орта ғасырлар тарихының деректері



Pdf көрінісі
бет3/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Орта ғасырлар тарихының деректері. Біз орта ғасырлардағы оқи-
ғаларды 
деректер арқылы білеміз. 
Еуропаның ерте орта ғасырлар кезеңінің оқиғаларына арналған 
«Ни-
белунгтар туралы жыр», «Ролланд туралы жыр» т.б. шығармалар. 
«Нибелунгтар туралы жырда» халықтардың Ұлы қоныс аудару 
дәуіріндегі оқиғалар баяндалған. Жырдың негізіне V ғасырдағы франк-
тер мен бургундықтардың (нибелунгтар) ғұндармен қарым-қатынасы 
және өзара соғыстары арқау болған. 
«Ролланд туралы жырда» франк королі Ұлы Карлдің және оның 
қолбасшысы Ролландтың Испанияға жорығы баяндалған. Бұл жорықта 
ержүрек Ролланд ерлікпен қаза тапқан. ХІІ ғасырда жазылған жырда 
халықтың патриоттық сезімі бейнеленген.
V–ХІ ғасырлардағы жазба деректерге ІІ Юстинианның 
«Азамат-
тық құқықтар жинағы» кіреді. V–ІХ ғасырлар аралығында Рим 
империясының аумағында орналасқан герман, кельт тайпаларының 
әдет-ғұрып заңдары жазылды. Олар: 
Бургунд, Вестгот, Салийлық, 
Саксондық ақиқаттар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


7
«Қаһарлы сот кiтабы»
1. «Орта ғасырлар» термині қашан пайда болды? 
2. Тарихтың орта ғасырлар кезеңінде адамзат дамуының қандай сатысына 
тоқталамыз? 
3. Орта ғасырлар деректерінің ежелгі антикалық деректерден ерекшелігі 
неде болды? Салыстырып көрсетіңдер.
4. Орта ғасырлар тарихы кезеңдерінің деректері қандай құжаттардан 
құралды?
Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін кестеге түсіріңдер.
Ерте орта ғасырлар
Дамыған орта ғасырлар
Кейінгі орта ғасырлар
*
?!
Ойталқы
Тарихи деректерсіз өткен кезең туралы толық мәлiметтер алу мүмкін бе?
Шаруашылық саласына байланысты деректерге 
жер тізімі мен 
кадас тры (халық санағы мен салық төлемдері) жа тады. Бұл топтағы 
аса маңызды дерек – ағылшын корольдігіндегі халық санағына арналған 
«Қаһарлы сот кітабы». 
Қоғамдық-саяси жазбалар (
хартиялар
да маңызды дереккөз саналады. Мәселен, 
Франция королі VІ Людовигтің Лорис қа-
ласына берген хартиясы, византиялық 
«Эпарх кітабы» мен ХІІІ ғасырдағы «Париж 
қаласының қолөнер кітабы». Монархиялық 
биліктің қалыптасу кезеңінде деректердің 
жаңа түрі парламенттік хаттамалар мен 
статуттар (ережелер) қалыптасты. Бұлардың қатарына Франция Бас 
штаттарының хаттамалары, Кастилия т.б. кортестерінің шешімдері 
кіреді.
Шығыс елдерінің деректеріне: ерте орта ғасырлардағы Қытай жыл-
намалары, араб географтары мен саяхатшыларының еңбектері, жер бөлу 
жөніндегі құжаттар, құқықтық заңдар, «Монғолдардың құпия шежіресі», 
«Яса» («Жасақ») т.б. кіреді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет