Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет43/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
(Қазақтың шешендік сөздері) 
?!1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
2-тапсырма: Қос нүктенің, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер


Қапан Сатыбалдиннің мені қызметке алуы


Жақсы адамдар көп екен. Солардың шарапаты көп тиді дедім. Мені «Қазақ әдебиетіне» қалай жұмысқа алғанын айтайын. Жұмыс сұрап барғанымда, Қапан Сатыбалдин мені он үшінші ғып тіркеді ғой. Алдымда он екі адам бар. Сосын: «Орыста он үш деген оңған цифр емес, бірақ, біз қазақпыз ғой, хабарласып тұр», – деп, қалжыңдап күлді. Он бес күннен кейін барсам: «Әй, балам, сені жұмысқа алайын деп отырмын. Қайда жоғалып кеттің?» – деп іздеп отыр екен.
Сөйтсем, қандай принцип ұстаған дейсіз ғой. Жаңағы он екі адамның әр қайсысының соңында екі-үштен «жанкүйер» жүр екен. Маза бермейді, үйіне телефон соғады. Ал сұрауы жоқ жалғыз мен екем. Сонда Қапекеңнің ұстанған қағидасы осы. Өзі балалар үйінен шыққан. 1932 жылғы аштықта бір әулеттен жалғыз аман қалған ғой. Жетім болып өскен.
«Осыны алайыншы. Ешкімі де, «крышасы» да жоқ» деген ғой. Бұл менің тікелей тағдырыма әсер етті. Әдебиеттің жуан ортасына топ ете қалдым. Ана жақта бес жыл сүргінде жүріп, кешігіп қалған адаммын. Жолдастарым, сабақтастарым озып кеткен. Оларды қуып жетуіме Қапан Сатыбалдин ықпал етті. Ол кісінің ақылдылығында, басқасында шаруам жоқ. Ал адамгершілігі керемет.
(Қабдеш Жұмаділов)


?!1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
2-тапсырма: Қос нүктенің, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер


Ғали Ормановтың ұқыптылығы

...Ешкімге зияны жоқ, өзімен-өзі жүретін қызық ағаларымыздың бірі Ғали Орманов болатын. Мен «Жұлдыз» журналында істеп жүрген кезде ол кісі Қазақстан жазушылар одағында екінші хатшының қызметін атқарды. Біздің қазақ негізінен жайбасар, ашық-тесік, етек-жеңін жинап жүрмейтін алқа-салқа халық қой. Ал Ғалекең өте жинақы, өте ұқыпты адам еді. Ісіне де, сөзіне де қатты жауапкершілікпен қарайтын. Бір күні ол бізге, «Жазушы» баспасына жаңа өлеңдер жинағының қолжазбасын әкеліп тапсырды. Шынын айтсам, бұрын-соңды мұндай таза, мұндай жинақы, мұндай ұқыпты қолжазба көргем жоқ. Ең сапалы ақ қағазға басылған, әріп қателері жоқтың қасы. Қыртыстанған, бүктелген бірде-бір парақ көрмейсің. Банкіден жаңа шыққан судай жаңа банкнот тәрізді. Сондай керемет қолжазбаны тапсырып кеткені сол еді, он бес-жиырма минуттан кейін Ғалекең телефон соғып:


– Қадыр, сендерге тапсырып кеткен қолжазбаның сексен үшінші бетінде үшінші шумақтың төртінші тармағында «с» пен «п» алмасып түсіп, «аспан» сөзі «апсан» болып кетіпті. Қалай байқамадым екен! Соны әзірге қарындашпен жөндей салшы! Кейін ол бетті қайтадан бастырып берермін. Кешір, айналайын! – деді. Қолжазбасына осынша жауапкершілікпен қараған ұқыптылығы үшін Ғалекеңе іштей қатты разы болдым.
Қ.Мырза Әли).

Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Тапсырма: Қос нүктенің, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет