Радиотехника, электроника және телекоммуникация


дәріс. Телекоммуникация желілері және коммутация жүйелері



бет9/27
Дата20.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#141878
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
5 дәріс. Телекоммуникация желілері және коммутация жүйелері
Дәрістің мақсаты: негізгі терминдермен танысу, стандарттау телекоммуникациясындағы институттармен танысу
«Телекоммуникация» терминінің мағынасы әлі толық ашылған жоқ. Көптеген жылдар оның мағынасы «электрбайланыс» немесе «алыс байланыс» болып келеді. Желі технологиясының дамуына қарай ол сөздің мағынасы кеңейді, қазіргі таңда тасымалдаушы және таратушы әдістерін әртүрлі ақпараттар (сөздер, факсті және мультимедиялық) кабельдер арқылы, оптикалық-талшықты, радио, жерсеріктік және басқа да байланыс түрлері жатады. Байланыс құрылғыларының параметрлері, жасалынатын, құрастырылатын және барлық елдерде қолданылатын және де электрбайланыстың дамуын анықтау жөнінде дүниежүзілік деңгейде – халықаралық электрбайланыс ұйымы (ХЭҰ) шешеді. ХЭҰ стандарттаушы ұйымы стандарттаушы электрбайланыс секторы ХЭҰ -Т, Т-әрпі телекоммуникация сөзін білдіреді. 1865 жылы 17 мамыр күні 20 мемлекет алғашқы халықаралық телеграфтық байланысқа сәйкес қол қойды. Сөйтіп, халықаралық телеграфтық ұйым орнады. Осы күн ХЭҰ-ның құрылған күні болып есептелінді. 1885 жылы Халықаралық телеграфты ұйым телефондық байланыс облысындағы басқаруға байланысты өз жұмысына кірісті. Еуропалық телекоммуникациялық стандарттар институты 1988 жылы құрылды. ETSI- негізгі мақсаты – жалпыеуропалық телекоммуникациялық стандарттар құрастыру. Бұл стандарттар халықтық электрбайланыс жүйесін біріктіріп, өз кезегінде жұмыс атқарып жатыр.
Халықаралық электрбайланыс ұйымы негізгі стратегиялық мақсаты болып жаһанды ақпаратты құрылым жасау, соның арқасында жаһандану байланысы пайда болады. Жаһандану байланысы - бұл бүкіләлемдік желі байланысы, осы байланысқа халықтық желілер қосылады. Осыған орай әр абонент кез келген уақытта өзіне керекті байланыс желісінде қосыла алады.
Қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялар біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады. Инфокоммуникация термині пайда болды.
Инфокоммуникация – жаңа термин, ақпараттық және телекоммуникациялық элементтердің өзара ажырамас бөліктері екенін көрсетеді де әрі қарай бір-бірімен әсерлесе отырып дами береді. Инфокоммуникациялық желілер бір жағынан электрбайланыс желісі арқылы болса, екінші жағынан болашақта есептеу желісі немесе бір жүйеге келтіруде дами береді. Мысалға келтірсек, ақпараттық желінің классикалық құрылымы, яғни есептеу желісі, басқа да телекоммуникациялық желілер секілді негізгі компоненттерді құрайды: абоненттік жүйелер (терминалдар) өздерінің желі басқармасын транспорттық желімен байланыстырушы, деректер қоры мен басқару жүйесін көрсетеді. Оған қоса, ақпараттық желі, ашық жүйелерді байланыстыратын, оларды ашық ақпаратты желі деп атауға болады. Соған орай, барлық қазіргі таңдағы электрбайланыс желілері. Х.200 «Этолонды модельді ашық жүйелер әсерлесуі» стандарты бойынша ашық жүйе теория қоры жасалынады, ол ISO-да 1984 жылы кабылданды.
ХХІ ғасырда цифрлық мультисервистік желі NGN-нің қарқынды дамуы, «әрқайсысының әркіммен көпбайланысы» пародигмасын іске асырушы және қазіргі беріліс желісі мен қорлар жүйесін реттеу қағидаларына негізделген. Сөзсіз, көзге көрінетін болашаққа байланыс жабдықтарының анықтайтын фактормен соңғы одан әрі технологиялық дамуларды жасайды. Желі - ол өте күрделі жүйе, көптеген түрлі компоненттерден тұрады: компьютерлер, концентраторлар, жүйелік қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б. Жүйелік интеграторлар және желілердің әкімшілерінің негізгі жұмысы болып, бұл жүйеде ақпараттар ағынында жұмысты жақсы атқарып, қолданушыларына олардың қолданбалы есептерін шешуге рұқсат береді. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету қызметке желі қарайды, желі басқа қолданбаны бағдарламамен қамтамасыз ететін байланысқа арналған. Бұл қызмет желіаралық айырбас механизмі болып табылады.
Желілік технология - бұл келісілген стандартты ережелер жиынтығы және бағдарламалық - аппараттар құрылғысы (мысалы, желілік адаптер, драйверлер, кабельдер және тіркеуіштер), есептеу желісінің құрылғысы үшін жеткілікті.
Ерекше түрлері және соған тиісті электрбайланыстағы қызметтері хабарлама жіберудің белгілі түріне жатады: телефонды, телеграфты, факсимильді, теледидарлы, бейнетелефонды мәліметтер т.б. Құрылғылар жиынтығы сигналдарды жіберу/қабылдау электрбайланыс және таралу ортасының сигналдарын электрбайланыс және телекоммуникациялық жүйелер деп аталады. Телекоммуникациялық жүйелердің жиынтығы, аймақтық қағидасына біріккен, бағыныштылық электрбайланыс желісі немесе телекоммуникациялық желі деп аталады.
5.1 кесте

Телекоммуникациялық желінің түрлері

Қызмет көрсету түрлері

Ақпараттарды көру түрлері

Телефондық желі

Интерактивті қызмет

Тек дауыстық ақпарат

Радиожелі

Кеңарналы қызметтер

Тек дауыстық ақпарат

Теледидарлы желі

Кеңарналы қызметтер

Дауыс және сурет

Мәліметтерді жіберу желісі (компьютерлі желі)


Алфавитті-цифрлы байланыс

Кез келген байланыс желісі байланыс тораптардың жиынтығын, шеткі пункт және байланыс жолын көрсетеді. Желінің негізгі функциясы болып хабарламаның берілген мекен жайға жеткізілуі, сонымен қатар жіберілу жылдамдығы бойымен қажетті сапалық көрсеткіштері қамтамасыз етілу қажет немесе жеткізілу уақыты, сенімділігі және бағасы.
Телекоммуникациялық желіге төмендегідей негізгі элементтер кіреді:
- СРЕ (Customer Premises Equipment) қолданушылық құрылғыларымен (терминдік құрылғыларымен - ТҚ, соңғы пункт - СП, абоненттік пун - АП) сонымен қатар, телефондар, факстар, компьютерлер, модемдер т.с.с., қолданушыларға қолданушы құрылғы ретінде анықталған.
- Желі торабы (network node) қолдайды және уақытша қосылуларды қарсы жақтағы қолдап отырады.
- Желілік тораптар кірістік порт (input port) арқылы трафиктерді қабылдайды, олардың қайда бағытталғанын анықтайды (негізгі заңға немесе теру заңына сүйене отырып), сонымен қатар шығыстық порт (output port) арқылы трафиктеді шығарып отырады. Барлық трафиктердің бағытын тағайындалған нүкте арқылы анықтау оңайға түседі, сол желілік торапта олар жаңартылып отырады. Трафиктерді бағытталуының көптеген нұсқалары бар.
Қолданушы құрылғылар желілік тораптармен интерфейстер жолымен қолданушы-желі (UNI, user-network interface). Көмегімен қосылады.
Желілік тораптар интерфейстер жолымен желілік тораптар (NNI, network node interface) қосылады. Олар бір-бірінен жылдамдықтары арқылы тұтынушы қолануымен анықталады.
Желіаралық интерфейіс түрлі желілік элементтер арасындағы қатынастарды (коммутаторлар, маршрутизаторлар) түрлі желіастына кіретін интерфейстерді анықтайды.

15 сурет – Желі топологиясы
Желі топологиясы – бұл оның элементтерін қосу топологиясы. Қазіргі байланыс желілерінің негізі сымды жолдар құрайды, электрлік және оптикалық кабельдерден жасалған және радиожолдан тұрады. Желілік технология физикалық және логикалық байланыс территория арасындағы қашықтатылған желілік тораптардан және көптеген әртүрлі конфигурациялар тудырады.
1.Толық байланыстырылған (Ұяшықтар). Көптеген торапаралық қосылыстардан. Толық байланыстырылған желі әрбір торап барлық басқа тораптық желілермен байланысқан, бұл желіде жоғарғы сенімділікті қажеттілік болады, бірақ аздаған желілік ресурстарды қажет етеді, ол оның қолданылуын қиындатады.
2. Тораптық конфигурация. Қалалық телефондық желі (ҚТЖ).
3. Жұлдызша. Барлық құрылғылар орталық хабтарға қосылған. Тораптар бір-бірімен ақпараттарды хаб арқылы жібере отырып қосылған.
4. Екілік жұлдызша. Зоналық телефондық желі, ЛВС Ethernet.
5. Сақина. Әрбір құрылғы басқа екеуімен қосылып, тұйықталған сақинаны түзеді. ҚТС, SDH, абоненттік кіру желісі, ЛВС FDDI.
6. Екі еселенген сақина. Әрбір құрылғы басқа екі еселенген құрылғылармен, тұйықталған сақина түзе отырып қосылады. ҚТС, SDH, абоненттік кіру желісі, ЛВС Token Ring.
7. Жалпы шина. Барлық құрылғылар орталық кабельге, шина (bus) немесе магистраль (backbone) деп аталған жолға қосылады, ЛВС Ethernet.
8. Ағаш тәрізді. Телефондық желі, ЛВС Ethernet.
Магистральды жол осы іске қосылған желідегі желі тәріздес құрылымды құрайды: әрбір желілер тораптары арасында, ары кеткенде екі-үш қосылыстар жолы бар. Бұл желінің жоғары тиімділігін және шығындылығын қанағаттандырады. Зоналық желілер радиальды тораптық топологиялы болады, оларға АТС-тер үшін бір-бірімен қосылу қағидасы қосылады, абоненттердің жұлдызша арқылы қосылуы, тораптарды айнала қосылу радиустарды қия отырып қосылуы болады. ТОҚТА атты қағида жаңа сақина құрылымы бағытында жетілдіріліп келеді, әсіресе жаңадан тұрғызылған телекоммуникациялық құрылымдарда – локальді желілерде.
№ 6 дәріс. КАБЖ – нің күшейткіш аппаратуралары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет