Модулятор (М) бастапқы сигналдары (С1 (t) … СN(t)) электрлік сигналға
U1 (t) … UN(t) айналдырады. Одан кейін жинағыш құрылғысында (ЖҚ) N арнадан алынған сигнал U(t) топтық сигналға біріктіреді, бұл физикалық тізбек арқылы беріледі. Физикалық тізбекте өшуліктер және бөгеуілдер болғандықтан, аралық станцияға (АС) сигнал бұрмаланған түрде беріледі. АҚ міндеті – физикалық тізбек бойында болатын U(t)+Uбөг(t) сигналдың өшулікті бұрмалануын қалпына келтіру, күшейту, яғни бастапқы сигнал С1 (t) түріне айналдыру. Бұл топтық сигнал U(t) АҚ кейін физикалық тізбек арқылы соңғы станцияның қабылдағышына (АСқаб), яғни электрлі сигналдарды бөлетін ( БҚ ) құрылғыға түседі. Бұл жерде топтық сигналда N - арналы сигнал бөлініп шығады, яғни U1 (t) … UN(t) арналық сигналдар өзінің кезегінде демодуляторға (ДМ) түседі. ДМ-ден кейін электрлі сигналдар, бастапқы сигналдарға айналып өзіне тиісті жерлеріне беріледі. Қабылдау станциясына келіп түсетін сигналдар (яғни демодулятор шығысындағы) (С11(t) … СN1(t)) бастапқы, яғни тарату станциясындағы С1 (t) … СN(t) сигналдардан өзгеше болады, өйткені оның құрамында сигналмен қатар аз да болса бөгеуіл болады.
КАБЖ – ні құрудың екі жолы болады. Олар арналары жиілікпен бөлінген (АЖБ) және арналары уақытпен бөлінген (АУБ). Жиілікпен бөлу кезінде (АЖБ) тарату жолында әр арнаның өз жиілігі болады.
3 – сурет. АЖБ КАБЖ-ң қарапайымдалған құрылымдық сұлбасы
ЖС – жолақты сүзгі;
ГҚтар, ГҚқаб - таратқыш және қабылдағыш бөлігіндегі генераторлық құрылғысы;
ТЖС – төменгі жиілікті сүзгі; FТ1 – fТN – тасымалдаушы жиіліктер;
fmіn - fmax – бастапқы сигнал алқабы;
fтоп= f2N – f – топтық сигналдар.
Бастапқы сигнал модулятор көмегімен сызықтық спектрдегі сәйкес аймаққа өтеді. Жиіліктерді модуляторға өткізу үшін ГҚқаб-нан сәйкес тасымалдаушы жиіліктер беріледі. Модуляторға берілетін тасымалдаушы жиіліктер сызықтық спектрде арналық сигналдардың жиілік спектрлері бірін-бірі жаппайтындай етіп таңдалынады. Модулятор шығысында бастапқы сигналға сәйкес болатын сигналдарды өткізу үшін және қажет емес сызықтық сигналдарды сүзу үшін қолданылатын жолақтық сүзгілер (ЖС) қолданылады. Олар әртүрлі жиілік жолақтарын өткізеді. Бұдан кейін сигналдар топтық сигналға біріктіріледі, оның кеңдігі
fтоп = 2N - f1. Қабылдағыш бөлімінің кірісіне ЖС қойылады, бұлар f2N-1–f2Nжиілік жолағын бөліп шығарады. ДМ-ға fH1-fHN электрлік сигналдары беріледі. Сонымен қатар, ДМ-ға ГҚқаб-нан ГҚтар-да пайдаланылған тасымалдаушы жиіліктер келіп түседі. ДМ-да модуляциялаудың кері процесі жүреді, яғни жиіліктік аймақтан спектрдің өтуі және электрлік сигналдың бастапқы сигналға өтуі. Жолдардан сигналдармен келген бөгеуіл, шу ТЖС-де басылады. ТЖС шығысында Fmіn - Fmax аламыз. Мұнда В–3–3 жүйесі үшін мысал келтіріп кеткен жөн:
4 – сурет. В–3–3 жүйесінде сызықтық спектрдің құрылуы
5 – сурет. К – 60 жүйелері
К – 60 бірінші арнасы сызықсыз спектрде 12,3 - 15,4 кГц жиілікті алып тұрады. Бұл жиілік жолағы бастапқы сигналды 3 сатылы түрлендіру арқылы алынады. Сызықтық 0,3-3,4 кГц спектрге 12,3-15,4 кГц жиіліктерін 12 кГц –пен 1 сатылы түрлендіру арқылы өтуге болады.Яғни fарна Fәрине бұлардың fарна = F болғаны бізге тиімді. Бұл кезде алқаптың топтық сигнал көп арна санын бір жиілігінде ұйымдастыруға болады.
Қабылдау жағында арналық сигналды толық бөліп алу үшін ЖФ сипаттамасы мүлтіксіз болуы керек.
f қорғ = 0,9 кГц
6 – сурет. Қорғаныс интервалы
Нақты сүзгілерде АЖС, мүлтіксіз сүзгілерге қарағанда өзгеше болады, сондықтан арналардың беріктігін көтеру үшін, оларды қорғайтын аралық енгізіледі, яғни fқорғ. Уақытпен бөліну тәсілінде тізбек бойымен тізбектелген өте қысқа импульстар беріледі, амплитудасы лездік мәнге тең бастапқы сигнал сол уақытқа теңелген. Бірінші арналық импульстер бірінші арнаға беріледі, содан кейін 2-ші, 3-ші арнаға және N-ші арнаға беріледі, содан кейін қайтадан 1-ші арнаға беріледі. Цикл қайталанады.
7 – сурет. КАТЖ–нің уақытпен бөлінген қарапайымдалған құрылымдық сұлбасы
СС – синхросигнал;
ССТ – синхросигнал түрлендіргіші;
ССқаб – синхросигнал қабылдағышы;
ЭК – электронды кілт.
КАТЖ-де арналары уақытпен бөліну қарапайым орындалады. Егер тізбек бойынша импульстер тізбегі берілсе, бір ғана арнаның импульстер арасының интервалы басқа арналардың импульстерімен толықтырылады. Үздіксіз сигналдарды тарату кезінде оларды уақыт бойынша дискреттеу қажет. Нәтижесінде үзіліссіз сигналдар әртүрлі амплитудалы импульстер тізбегіне түрленеді.
Бастапқы сигналдар С1 (t) ... СN(t) төменгі жиілікті сүзгіден (ТЖС) өтіп, ТЖС тек төменгі жиілікті өткізеді де, ал жоғары жиілікті өзінде қалдырады, содан кейін сигнал электронды кілтке ЭК1 беріледі. Электронды кілт өз кезегінде аз уақыт мезетінде генератордан келіп сигнал түскен
импульс көмегімен іске қосылады. Бұл жерде ЭК модулятор қызметін атқарады. Кілттердің біртіндеп қосылуының арқасында (Кл1 … КлN) бастапқы сигналдар қысқа уақыт ішінде, яғни бірінші барлық сигналдар топтастырылады, содан кейін жолға қосылады.