Радиотехника, электроника және телекоммуникация


Онда сигнал деңгейлері абсолютті



бет3/27
Дата20.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#141878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
копарналекция

Онда сигнал деңгейлері абсолютті деп аталады. Егер Р,U,I деңгейлері тізбектің қарастырылатын нүктесінде трактінің басы болып саналатын нүктеге қатысты анықталса (басқаша айтсақ, деңгейдің нөлдік санау нүктесі (ДНСН)), онда бұл деңгейлер қатысты деңгейлер деп аталады.
Рқ қатысты = Рқ х - Рқ 0
Рк қатысты = Рқх - Рқ 0 
Рт қатысты = РI х - РI 0 
Рқ қатысты = Рн қат. – 10lg|Z/ Z|
Рқ қатысты = Рт қат. + 10lg|Z/ Z|
Z, Z– жолдың басындағы өлшеу нүктелеріндегі кіріс кедергілері.
Тарату арналарының түрлері
Сигналдарды дұрыс тарату-қабылдау үшін сигналдың динамикалық диапазоны мен алқаптың кеңдігі тарату арналарының сипаттамаларына сәйкес болуы қажет. Бірақ әр түрлі сигналдардың параметрлері әр түрлі болады, сондықтан бұл арнада кез-келген хабарларды беру мүмкін емес.
Сол себептен типтік арналардың стандартты жиынтығы бөлінген. Типтік арна ретінде жиіліктерді тиімді беру алқабы бар арна (0.3 3.4 кГц) есептелінеді. Арна алқабы телефондық сигналдың жиіліктер алқабының кеңдігіне сәйкес келеді. Осы арна өз параметрлері арқасында факсимилді телеграфтық сигналдарды 9600 бодқа дейін жылдамдықпен бере алады. Осы арна (ТЖ) тоналді жиілікті арна деп аталады.
Кеңалқапты арнаның екі негізгі түрі бар.
Біріншілік – қолайлы таратылатын жиілік жолағы:
а) I – 65  103 кГц;
б) II – 330  530 кГц;
в) III – 900  1900 кГц.
Бірінші және екінші топтағы кең алқапты арналар – мәліметтерді және газеттерді жылдам таратуға пайдаланылады. Үшінші топтағы арналар жиілігі >6,5 МГц телевизиялық сигналдарды тарату үшін қолданылады.
Екіншілік – орын алатын жиілік жолағы:
а) I – 60  108 кГц;
б) II – 312  552 кГц;
в) III – 812  2044 кГц.
Мұның бәрі коаксиалды кабель арқылы РРЛ және спутникті байланыс арқылы іске асады.

2 – сурет. КАБЖ-нің қарапайымдалған құрылымдық сұлбасы

ЖҚ- арналарды жинағыш құрылғы;


АҚ- арналарды ажырату құрылғысы;
C1(t)-CN(t) – бастапқы сигнал
U1(t)-UN(t) – электрлік сигнал
Таратудың типтік арналардың құрылуы тарату жүйесімен қамтамасыз етіледі. Тарату ортасы (коаксиалді, симметриялық, оптикалық кабелдер, РРЛ, әуе жолдары) тарату жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. N арнаны беруге болатын 1-2 физикалық жұптар (2-4 сымды) немесе бір физикалық жол (радиотехникада оларды тірек деп атайды) таралу ортасы болады.
КАБЖ немесе N арналы тарату жүйесі ТЖ деп бір физикалық тізбек (символ) арқылы бір уақытта және тәуелсіз біреуін қамтамасыз ететін техникалық амалдардың жиынтығын айтамыз. Тарату жүйесінің құрамына таралу ортасынан басқа соңғы және аралық станция кіреді.
КАБЖ-нің қарапайымдалған құрылымдық сұлбасы 2-суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет