2 дәріс. Телекоммуникациялық жүйеге жалпы түсінік Дәрістің мақсаты: электрбайланыс біріншілік және екіншілік желісі туралы оқып білу, арналар классификациясын, күре жолдардың, беріліс жүйесі және функциялау шартын оқып үйрену.
Телекоммуникация кез келген елді мекендегі абоненттер арасында байланыс орнатады. Сондықтан да ТМД бір-бірімен өзара байланысқан байланыс желісі (ӨББЖ) орнатылған.
ӨББЖ - электрбайланыс техникасының құрылымы, типтік арналардардағы біріншілік байланыс және типтік топтық күре жолда және сол базада екіншілік желі салып беруші.
Біріншілік желі стансалар құрамымен және беріліс сызығынан тұрады. Олар типтік арналар желісін орнатады. Біріншілік желі елдегі бүкіл территорияны қамтып, үш сатылы құрылымды, магистральды, ішкізонаны және жергілікті желіні біріктіріп құрайды.
Магистральды желі елдегі бүкіл территорияны алып, үлкен негізгі пункттерді өзара байланыстырады. Ішкізоналық желі облыс аймақтарын ғана байланыстырады.
Жергілікті желі қала немесе ауылдық аудан арасын байланыстырады. Олар қалалық телефон желісі (ҚТЖ) және ауылдық телефон желісі (АТЖ) деп аталады.
Біріншілік желі арналар базасында екіншілік желі пайда болады. Электрлік байланыс түріне байланысты екіншілік желілер телефондық, телеграфтық, деректік беріліс желілері, газет берілісі, дауыстық, теледидарлық болып бөлінеді.
Көпарналы электрбайланыста әртүрдегі сигналдар бөлек арналар бойынша жіберіледі, беріліс жүйесі көмегімен орындалады.
Тарату болуын қамтамасыз етеді, типтік топтық күре жолдар және типті арналар берілісінің біріншілік желісі біріктірілген автоматты байланыс желісі (БАБЖ) болып табылады.
Тарату жүйесі (ТЖ) стансалы жабдық пен сызықты күре жол жабдығынан тұрады.
Тарату жүйесінің классификациясы:
- арналарды бөлу әдісіне қарай: жиілік бойынша бөлу арналары (ЖБА) және уақыттық бөлу арналары (УБА);
- сигналдарды тарату түріне қарай: аналогтық тарату жүйесі және цифрлық тарату жүйесі;
- таратылу ортасына қарай: ауа арқылы, кабельді оптикалық- талшықты, радиорелейлік;
- жұмыс істеу аймағына байланысты: магистральдық, ішкізоналық, жергілікті.
Таратылу арнасы – техникалық құралдың құрамы және ортада таратылуы, электр биік байланыс сигналдарын, белгілі бір жиілікте, белгілі бір жылдамдықта екі станса арасында таратушы. Қазіргі таңдағы таратушы көп арналы болып келеді. Көпарналы жүйе бір уақытта көп сигналдарды тарата алады. Арна таратушыны, егер де ол белгілі бір параметрлерге сәйкес келсе, оны типтік деп атайды.
1 кесте – Типтік арналардың жіберілу классификациясы
Біріншілік (60-108) кГц немесе 2048 Кбит/с
Екіншілік (312-552) кГц немесе 8448 Кбит/с
Үшіншілік (812-2044) кГц немесе 34368 Кбит/с
Теледидар арнасы
Жиілік спектрі (0 – 6) Мгц
Сызықты күре жол (СКЖ) – техникалық құралдың құрамы, жиіліктік сызығында немесе белгілі бір номиналды арналар санының таратушы жүйеде жылдамдықпен электрлік байланыс сигналдарын таратушы. Таралу арнасына қарай сызықты күре жол кабельді, ауа арқылы, радиорелік, жерсеріктік, оптикалық-талшықты болады.
Топтық күре жол - техникалық құралдың құрамы, электрлік байланыс сигналында немесе сызығында таратуды, тұрақтандырған топты арналарды қамтамасыз етеді. Тональді жиілікті жылдымдығымен таратушы бір немесе бірнеше таратушы жүйесінде болады.
Электрлік байланыс ақпаратты әртүрлі қашықтықта таратуды қамтамасыз етеді, бірақ таратылу аумағы шектеулі, өйткені сызық бойынша сигнал тарағанда әлсіреп жоғалады.
Таратушы сызықты сигналдың әлсіреуіне әкеледі, ол мына формула бойынша анықталады:
aл =αţ × Ĺ,
мұндағы αţ - километрлік кабельдің әлсіреу коэффиценті;
Ĺ - сызықтың ұзындығы.
Абонеттер арасында байланыс орнатқанда сигналдар бірнеше аймақтан өтеді мысалы: қалалық телефон стансасы, ауылдық телефон стансасы, Халықаралық телефон стансасы (ҚТС, АТС,ХТС) және әрбір байланыс нұсқасында арналар әлсіреуі әр кезде болып тұруы мүмкін.
1 сурет – Бөлімдер тізбегіндегі өшуліктердің бөлінуі
Халықаралық электрбайланыс одағы өшулік әртүрлі абонент арасында 29,7 Дб-ден аспау керек деп бекітті. Осыған орай, 10 км-ден астам қашықтықта күшейткіштер қолданылады немесе тығыздау құрылғыларын орнатады.
Үлкен қалаларда ҚТС орнатқанда, көп мөлшерде байланыстырушы жолдарды белгілі бір қашықтықта орналастыру керек. Бұл кабельдің шығынына әкеледі, сондықтанда станса арасындағы аймақтарда көпарналы тығыздау құрылғысын орнату экономикалық тұрғыдан өте тиімді, ол бір жұп кабель көмегімен керекті арна санын ұйымдастыра алады. Кабельді сигнал әлсіреуін тудырмау үшін, стансалар арасында міндетті түрде күшейткіштер пунктін орнату керек. Олар қызмет етілетін және қызмет етілмейтін болуы мүмкін.
2 сурет - Байланыс ұйымының сұлбасы
ОП-да аппаратура орнатылады, ол белгілі бір кабельмен алдын ала стансалар арасында таратушы жүйе орнатады. Таратушы жүйе арқылы керекті арналар типі әртүрлі хабарлама жіберу үшін құрастырылады.
Қалааралық арна 4 өткізгішті болу керек.
3 сурет - Тональді жиіліктік арнаның қалааралық сұлбасы
Қалааралық жүйе үшін бағыттайтын орта таратушы симметриялық, коаксиалды және оптикалық-талшықты кабельдер қолданылады.
Кабельді байланыс өзімен бірге ток тасымалдайтын өткізгіштікті көрсетеді, олар бір-бірімен ажыратылған. Әрбір өткізгіштік жұп электрлік тізбекті көрсетеді. Электр тізбек арқылы ақпарат электромагниттік энергия ретінде таратылады.
Оптикалық кабельде ток тасымалдайтын өткізгіштің орнына шыны талшықтар қолданылады, одан ақпарат түстік энергия арқылы таралады.
Оптикалық талшық немесе өткізгішті ылғалдылықтан қорғау үшін герметикалық тыстар қолданылады.
Симметриялық кабельдер деп – физикалық екі сым жұптары бірдей типте болса, олар бірдей материалдан жасалады, диаметрлері т.б. бірдей болады. Ток тасымалдаушы симметриялық кабельдердің сымдары мыстан 0,8-1,4 мм диаметрінде немесе алюминийден жасалады. Оқшаулау үшін кабельді қағаз қолданылады, полистирол, полиэтилен және басқа да пластмассалар. Симметриялық кабельдердің сымдарын оқшауланған соң элементтерге орайды. Жұмыс істейтін сымдарды орағанда сыртқы және ішкі бөгеуілдерден қорғайды. Қалааралық үлкен жиілікті симметриялық кабельдер төрт шиыршықты: 1х4,4х4,7х4. Мысалы: МКС - 4х4х1,2.
Симметриялық кабельдің негізгі кемшілігі болып өткізгіш жұптардың бір-біріне әсерлесуі, ол спектрдегі өткізетін сигналды әлсіретеді (300 кГц-ке дейін).
Коаксиалды кабельдің негізгі элементі - коаксиалды жұп болып табылады. Ол – майысқақ металды түтік, ішінде дәл ортасында оқшауланған сым орналасқан. Түтікті-сыртқы сым, ал ортадағы сымды ішкі деп атайды. Ішкі және сыртқы сымдардың орталары өзара тең келген соң, бұл жұпты коаксиалды жұп деп атайды. Өткізгіштер арасында оқшаулауды полиэтилендік шайба арқылы жүзеге асырады. Ол ішкі өткізгіште орналасқан. Бұл кабельде бірнеше коаксиалды жұп болуы мүмкін. Мысалы: КМ-4, КМ-8/6.
Сыртқы өткізгіш ішкі өткізгішке экран болады, бұндай кабельде өткізгіштер арасында жұптық әсерлесу болмайды.
Оптикалық кабельде өткізгіш болып оптикалық талшықтар қызмет жасайды, олар жоғары сапалы шыны немесе пластмассадан жасалады. Кабельде талшықтар саны шектеуші болмайды. Оптикалық-талшықта өткізгіштік қабілеті өте жоғары мыңдаған арнада өткізе алады, ал жылдамдығы цифрлық ақпаратты өткізгендегідей мыңдаған, жүздеген гбит/сек жүреді.
Оптикалық кабельдің салмағы көлемі мысты кабельге қарағанда бірнеше есе аз.