Құрамы Дәріс мақсаты: зат айнылымымен танысу Топырақ құралу үрдістерін қарастыру Топырақтың химиялық құрамымен танысу



бет5/10
Дата27.09.2023
өлшемі34,31 Kb.
#110378
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қарапайым микроүрдістерге қарама-қарсы бағытта жүретін келесідей құбылыстар жатады:
-Тірі организмдердің топырақтан минералды заттарды сіңіруі және органикалық заттарды синтездеуі. Организмдердің топыраққа және атмосфераға органикалық және минералды заттарды бөліп шығаруы;
-Органикалық заттардың ыдырауы мен минерализациялануы. Органикалық және минералды заттардан қарашірінділі заттардың пайда болуы;
-Топырақ ерітіндісінің қышқылдануы. Топырақ ерітіндісінің бейтараптануы;
-Топырақ түзуші тау жыныстарының бастапқы минералдарының ыдырауы. Туынды минералдардың және органикалық–минералды кешендердің пайда болуы;
-Коллоидтардың коагуляцияға ұшырап, тұрақты түйіршіктер құрауы. Коллоидтардың пептизацияға ұшырап, түйіршіктердің бұзылуы;
-Минералды қосылыстардың сумен қосылуы. Осы заттардың судан арылуы;
-Тотығу құбылыстары. Тотықсыздану құбылыстары;
-Еріген заттардың топырақтың үстіңгі қабаттарына көтеріліп, шоғырлануы. Ерітіндінің топырақтың астынғы қабаттарына жылжып, ерігіш заттардың шайылып кетуі;
-Топырақтың газдарды өзіне сіңіруі (адсорбция) және топырақтан газдардың бөлініп шығуы (десорбция);
-Топырақтың әр түрлі қабаттарының жіктеліп пайда болуы. Топырақ қабаттарының әр түрлі әсерлер нәтижесінде бұзылуы.
Қарапайым микроүрдістер топырақтың белгілі ерекше морфологиялық белгілерін, қасиеттерін қалыптастыра алмайды.
Жалпы макроүрдістер белгілі бір топырақты (типін, типшесін) қалыптастыруға қатысады. Оларға қара топырақ түзілу үрдістері, күлгін топырақ, кебірлер түзілу үрдістері т.б. жатады. Топырақ типтері (мысалы: қара топырақ, күлгін топырақ, немесе кебір) топырақ түзілуінің құрамды үрдістерінің бірнешеуінің қосарлана жүруі әсерлерінен пайда болады.
Топырақ түзілуінің құрамды үрдістері-топырақтың пайда болуына басты себебін тигізетін, топырақта үйлесімді, өзара байланысты жүретін биологиялық, химиялық және физикалық құбылыстар. Олар топырақтың басты белгілерін қалыптастыруға қатысады. Мысалы: қарашірінділі қабаттың немесе кебірленген қабаттың пайда болуына себепші болатын құбылыстар. Қазіргі уақытта топырақ түзілуінің құрамды үрдістерінің толық тізімі қалыптасқан жоқ. Ғалымдардың бұл мәселеге көз қарасы әр түрлі болып отыр.
И.П.Герасимов, М.А.Глазовская топырақ түзілуінің құрамды үрдістерінің (1960) 10 түрін атап, оларды үш топқа бөлді.
І топ - топырақтың минералды бөлігінің өзгерістерге ұшырауына қатысты үрдістер: бастапқы қарапайым топырақ құралу; топырақтың балшықтануы; латериттену.
ІІ топ - топырақтың органикалық бөлігінің өзгерістерге ұшырауына қатысты үрдістер: қарашірінді жиналу; шымтезек жиналу.
ІІІ топ- топырақта пайда болған минералды және органикалық өнімдердің өзгерістерге ұшырауымен жылжуына қатысты үрдістер: сортаңдану кебірлену мен шақаттану; қопалану мен кеңдену; шайылу; күлгіндену.
А.А. Роде (1971), И.П. Герасимов (1973,1980) жоғарыда көрсетілген үрдістерге тағыда бірнеше үрдістер түрін қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет