3 Топырақтың химиялық құрамы Топырақ түзілу қубылыстарыныц нэтижесінде жалпы тау жыныстарының құрамын сақтайды. Бірақ көптеген элементтердің мөлшерлері өзгереді.
Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші орында О мен Si, екінші А1 мен Ғе, үшінші Са мен Мg солардаы кейін Nа, К т.б. элементтер орналасқан. Топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамын айырмашылығы көрінеді. Мұнда органикалық әлементтердің мөлшерлері көп көміргегі 20 есе, азот 10 есе артық онымен қатар оттегі және сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий темір, калий, кальций. магнийдің аз екені байқалады.Осы элсменттер әр түрлі химиялық қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. Өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі,сутегі,оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді мииералды түрде олардың карбонатты тұ здары кездеседі.
Оттегі су құрамында, гидроксидтер, алюмосиликаттар, бос қышқылдар және олардың тұздарының құрамында болады.
Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтің бірі - кремний . Ол жср қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп,органикалық заттар құрамындағы көміртегі сияқты маңызды рөл атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі кварц минералы 8іО2 Кремний және кремний қышқылдарының тұздары силикаттар меи алюмосиликатгар құрамына кіреді. Өсімдіктердің құрамында да кремний бар, мысалы ол дәнді дақылдарда 10% -дан 60%-ға дейін жетеді.
Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында кездеседі. Бұлардың биологиялық маңызы емес АІ2Оз-тің топырақтағы жалпы мөлшері 1-2%-дан 15-20%-ні дейін, ал ферралитті топырақтарда 40%-ға дейін жетеді.
Темір әр түрлі оксидті, гидроксидті және шала күкіртті қосындылардың
құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге темір жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып клороз деген ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері әр түрлі. Мысалы құмдақ топырақтарда 0,5-1,0%, лесс жыныстарында түзілген топырақтарында 3-5, ал ферралитті топырақтарда 20-50%.
Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе басқа минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элемент те өсімдіктерге өте қажет. Топырақта ол 1-3% мөлшерінде болады.
Калций мен натрий дала шпаттарының ортоклаз, микроклин,альбит құрамында бұзылу нәтижесінде минералды қышқылдардың тұздарын құрайды. Бұл туздар суда жақсы ериді. Калций өсімдіктердің қоректік элементтерінің бірі. Оның топырақтағы мөлшері - 2-3%.Na2О-ның мөлшері - 1-3%. Натрийдің жылжы малы түрі топырақта жоғары болса, ол физикалық және химиялық жағынан қолайсыз қасиеттер туғызады.
Титан көбінесе алғашқыда үгілуге аз берілетін минерал дардың құрамына жатады (ильменит, рутил, сфен). ТіО2- мөлішері топырақта көп болмайды.
Марганецтің топырақтағы мөлшері өте аз. Пиролюзит, баунит, оливин сияқты микроэлемепттер өсімдіктердің өсуі мен сапалы дамуына өте қажет. Бұл тақырыпқа әріректе тоқталмақпыз.
Күкіріт өсімдіктердің немесе жануарлардың қалдықтарынан түзілген органикалық заттардың құрамында болады пирит деген минерал түрінде де кездеседі: Ғе28. Топыракта 8О3 мөлшері проценттің оннан бір бөлігінен аспайды, кейбір сульфатты тұздар топырақта көп болуы мүмкін. Егер де күкірттің; топырақта жылжымалы түрі мол болса, оның себебін осы' төңіректе ыластаушы өндіріс орындарынан іздестірген жөн.
Көміртегі, сутегі, азот, фосфор - органогендік элементтер. Олардың топыраққа тигізер пайдасы көп. Көміртеігі гумустың,! органикалық қалдықтардың құрамында, сутегі газдардың, өсімдік пен жануарлардың денелеріндегі органикалық заттарда болады. Көміртегі органикалық заггарға бай топырақтарда 34 10%, сутегі 3-6% мөлшерде. Азот өсімдіктің есуінде, жануарлардың тіршілігінде зор рөл атқарады.
Фосфор апатит, фосфорит минералдары құрамында және топырақ шіріндісінде, органикалық қосындыларда кездеседі, Топырақта фосфор - фосфор қышқылының тұздары фосфаттар; түрінде болады Na мен Са бір фосфаты NаНРО4, Са(Н2РО4)2 натрий мен кальций екі фосфаты Ка2НРО4, СаНРО4.2Н2О;