Құрамы Дәріс мақсаты: зат айнылымымен танысу Топырақ құралу үрдістерін қарастыру Топырақтың химиялық құрамымен танысу



бет4/10
Дата27.09.2023
өлшемі34,31 Kb.
#110378
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Топырақтың кемелденіп жетілген кезеңіне көшуіне келесідей себептер бар. Топырақтың дамуы барысында бір мезгілдерде табиғаттың, қоршаған ортаның жағдайлары ұзақ жылдар бойы бір қалыпты болуы ықтимал. Сол себепті топырақтың қоршаған ортамен байланысы оның қасиеттері өзгермей, ондағы құбылыстар тұрақтылығымен сипатталады. Табиғи жағдайдағы биогеоценоздағы биологиялық зат айналымның кезекті сатысы, оның алдындағы зат айналымдарына сәйкес және оған қатысатын қосылыстар алдыңғы зат айналымдарына қатысқан болып келеді. Сонымен бірге тау жыныстарының минералдарынан зат айналымына қосылатын элементтер өте шамалы болады. Көрсетілген себептердің салдарынан топырақтың құрамы, негізгі қасиеттері көп уақыт бойы тұрақты болып қалыптасады. Сондықтан топырақты кемелденіп жетілген кезеңіне жетті деп санаймыз.
Топырақтың кемелденіп жетілген кезеңінде топырақ бойында түрлі құбылыстар өзара үйлесімді кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында өтіп, заттардың биогеохимиялық айналымын құрайды. Оның әсерінен топырақтардың қасиеттерінің ұдайы толысып отыруы байқалады. Сөйтіп топырақтың қасиеттерінің бір қалыпты, оның экожүйеде қалыптасуының тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Топырақты агроэкологиялық жүйеде пайдаланғанда ондағы үйлесімді қатынастар бұзылып, оның қасиеттері өзгереді. Топырақты оның қасиеттеріне, пайда болу заңдылықтарына, аймақтың топырақ құралу жағдайларына сүйене отырып, оны жақсарту шараларын қолданатын мәдени агроэкологиялық жүйелерді жүзеге асырған жағдайда топырақтың құнарлылығы ұдайы жоғарылай түседі.


2 Топырақ құралу үрдістері
Жер бетінде топырақ құралу факторларының өзара қарым-қатынасының алуан түрлі болып үйлесім табуы әсерінен табиғатта әр түрлі топырақ құралу үрдістері жүріп түрлі топырақтар қалыптасады. Солай бола тұрса да әлемдегі барлық топырақтардың типтері құралуы кезінде бір-бірінен аздаған өзгешеліктері бар, бірақ жалпы бағыты ұқсас үрдістер жүреді. Топырақ құралуының негізін қарама-қарсы бағытталған және бір-бірімен тығыз байланыста болатын биохимиялық, химиялық, физикалық, физикалық-химиялық үрдістер–тірі организмдердің қоршаған ортадан минералды элементтерді сіңіруі және қоршаған ортаға өздерінің, сонымен бірге, өнімдері мен қалдықтарының тигізетін әсері анықтайды. Топырақ құралу үрдістері үш топқа бөлінеді. Олар:
-қарапайым микроүрдістер
-топырақ түзілуінің құрамды үрдістері (элементарные почвенные процессы)
-жалпы макроүрдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет