Құрамы Дәріс мақсаты: зат айнылымымен танысу Топырақ құралу үрдістерін қарастыру Топырақтың химиялық құрамымен танысу


Топырақтағы органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауы үрдістері



бет6/10
Дата27.09.2023
өлшемі34,31 Kb.
#110378
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Топырақтағы органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауы үрдістері. Фотосинтез арқылы және микроорганизмдер мен жануарлардың өсімдіктерді пайдалануы кезінде қалыптасқан органикалық заттар биоценоздың құрамды бөліктерінің өнімдері ретінде топыраққа қайтарылады. Олар мен бірге фотосинтез әсерімен шоғырланған энергия, биогенді элементтер және қарашірінді құралуына қажет органикалық заттар топыраққа түседі. Осы органикалық заттар топырақ түзілу үрдісі кезінде екі бағытта өзгерістерге ұшырайды. Олар минералдану және қарашірінді түзілуі.
Минералдану құбылысы кезінде күрделі органикалық заттар әр түрлі микроорганизмдердің қатысуымен қарапайым химиялық қосылыстарға дейін ыдырайды (су, көмірқышқыл газы, түрлі аниондар мен катиондарға). Органикалық заттардың 80-90% минералдану құбылысына ұшырайды. Пайда болған өнімдер топырақ ерітіндісі құрамына көшіп өсімдіктер үшін қайтадан қоректік зат болып биологиялық зат айналымына қосылады.
Қарашірінді түзілу құбылысы барлық топырақ типтері қалыптасуы кезінде байқалады. Бұл топырақ құралуының басты көрсеткіші, осы құбылыс әсерінен топыраққа түскен органикалық қалдықтардың бір бөлігі ерекше зат қарашіріндіге айналады. Қарашірінді тек қана топырақтарға ғана тән зат. Топырақ құрамды кезінде минералдану мен қарашірінді түзілуі құбылыстары оңтайлы жағдайда жүргенде топырақта қарашірінді қабаты түзіледі және оның қуатының, қалыңдығының артқаны байқалады. Топырақта қарашірінді мөлшері артқан сайын оның құнарлылығы молайып, қасиеттері жақсара түседі. Қоршаған ортаның жағдайлары, топырақ түзуші факторлар қолайсыз болған жағдайда топырақтағы қарашірінді түзілуі, жиналуы үрдістерінің қарқыны бәсеңдейді, қарашіріндінің және басқа органикалық заттардың минералдануының артуы байқалып, құнарсыз топырақтар түзілуі ықтимал.
Шымтезек түзілу құбылысы - ылғалдылық артықжағдайда анаэробты ортада әлсіз ыдыраған органикалық қалдықтардың жинақталуымен сипатталады. Бұл үрдіс әсерінен топырақта шымтезек қабаты қалыптасады. Батпақты топырақтар түзілу үрдістеріне қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет