Ас қабылдаған соң сілекей 1-3c жасырын кезеңнен соң бөлінеді. Бұл тіл, жұтқыншақ, кезеген, тіл жүйкелерінің афферентті талшықтары бойымен ауыз қуысының сезгіш рецепторларынан қозу сопақша мидың сілекей бөлу орталығына және симпатикалық жүйкенің эфферентті (жоғарғы мойын түйіндері) талшықтары бойымен және парасимпатикалық жүйкелер бойымен сілекей бездеріне барады. Барлық сілекейдің 95% кұлақ маңы және жақ асты бездерімен бөлінеді. Қалған 5% тіл асты безі мен ауыздың кілегей кабығының бездерінен шығады. Әрбір сілекей безі ерекше сөл бөледі. Құлақ маны безі нәруызды, тіл
мен тамақ асты бездері — кілегейлі сөл бөледі.
Әр түрлі тағамдық және тағамдық емес заттарға құрамы әр түрлі сілекей бөлінеді.Тамақтың механикалық, химиялык, температуралық қасиеттері тіл жүйкесінде әр түрлі серпілістер туғызады және олардың пайда болу жылдамдығы әр түрлі болады (И.И. Лаптев). Сілекей бездеріне гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, қалқанша және ұйқы бездерінің гормондары, сондай-ақ жыныс бездерінің гормондары әсер етеді. Өз кезегінде сілекейде қан гормондары мен олигопептидтер мөлшері анықталады.
Желудочный сок
Асқазан сөлі бөлінуінің реттелуі жүйкелік және гуморалдық механизмдермен
жүзеге асады. Кезбе жүйке қарын қызметін ынталандырады. Симпатикалық
жүйкелер тежеуші әсер көрсетеді. Қарынның сөл шығаруын күшейтеді: 1. Гастрин 2. Гистамин 3. Бомбезин 4. Мотилин және басқа ГИГ
5. Белоктар ыдырауының өнімдері
сөл шығаруын тежейді: 1. Гастрон, энтерогастрон
2. Соматостатин 3. ВИП – вазоактивті ішек пептиді
4. Холецистокинин-панкреозимин 5. ЖИП – қарын-ішек пептид
6. Глюкагон 7. Май алмасу өнімдері
12 – перстная кишка
Он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде бруннер бездері (дуоденальды) орн-кан. Бруннер бездерінің сөлі - қою,түссіз сұйық,реакциясы әлсіз сілтілі, протеолитикалык, амилолитикалық және липолитикалық белсенділігі шамалы.
Люберкин бездерінің де (ішек крипталары) сөл бөлу қабілеті бар.
Бокал тәрізді клеткалардың түйіршік тәрізді эндоплазмалық торында сөлдiң нәруыздық құрамы пайда болады, Гольджи аппаратында (пластинкалар жиынтығы) мукополисахаридтер пайда болады. Бұл клеткалардан бөлінетін сөл ферменттері белсенді болады, оның ішінде протеолитикалық белсенділігі де жақсы. Энтероциттердің сөлдерінде гидролитикалык ферменттер болады. Ішек крипталарында эндокринді кызмет атқаратын аргентаффинді клеткалар орналаскан.Ішек эпителиі аш ішек қуысына көптеген заттар бөледі, бірқатар
заттар каннан тасымалданады. Ішектегі заттар белсенді және пассивті (енжарлық) түрде ішек қуысынан және кілегей қабат беттерінен қанға және лимфаға өтеді. Әрбір 3-6 сағатта ішек эпителиі толығымен жаңарып отырады.
Панкреатический сок
Ұйқы безінің сөл бөлуі, қанға келіп түсетін қоректік заттардың ыдырау өнімдеріне және гастроинтестинальді гормондар балансына байланысты болады. Мысалы, қандағы глюкоза концентрациясы жоғарылағанда және В-клеткаларға гастрин мен секретиннің әсері жоғарылағанда инсулин өндірілуі артады. Инсулин өз кезегінде, амилаза, трипсиноген және химотрипсиногендердің өндірілуін жандандырады. Қанда глюкоза мөлшері төмендегенде, сондай-ақ ұйқы
безінің 5-клеткаларына холецистокинин әсер еткенде, глюкагонның пайда болуы артады. Глюкагон ұйқы безі ферменттерінің пайда болуын азайтады. Тағы да екі тежегіш механизмдердің қорғаныстық маңызы бар: канда панкреатикалық ферменттер белсенділігінің жоғарылауы және ұйқы безінің өзегінде сөл қысымының артуы. Ұйқы безі сөлінің бөлінуі тамақтану тәртібіне байланысты жедел және ұзақ уақыттық бейімделуге ұшырайды. Сөл бөлінуін күшейтеді: 1. Просекретин HCl секретин 2. Панкреозимин-холецистокинин
3. Бомбезин, гастрин, инсулин