Натрий,калий,кейбір амин қышқылдар,алкоголь және кейбір дәрілік заттарға өтімді.
Ауыз қуысында ас аз уақыт болады және мономерлерге дейін ыдырамайды, сондықтан сіңірілу аз,тіпті жоқ. Дегенмен, кейбір дәрілер тез сіңеді,сондықтан оларды тіл астына салып емдейді. (сублингвальді)
Желудок
Сіңірілу аздап қана, көп мөлшерде тек кейбір амин қышқылдары, глюкоза, еріген су мен минералды тұздар сіңіріледі, этил спиртінің ерітіндісі жақсы сіңіріледі (алкоголь).
Аминқышқылдарының сіңірілуі, су мен минералды заттарды сіңіруі-асқазан-ішек жолдарына су тамақпен және ішкен сұйықпен (2-2,5л), ас қорыту бездерінің сөлімен (6-7л) түседі және нәжіспен тәудігіне 100-150мл су шығады.Судың біраз мөлшері осмостық градиент бойынша асқазанда аздап сіңіріле бастайды. Және Хлориондарының сіңірілуі асқазанда пассивті жүреді.
Нутриенттердің,судың, электролиттердің негізгі сіңірілуі жүреді және қоректік заттардың гидролиздену өнімдерімен (пептид, аминқышқыл,глюкоза,тағамдық экстрагенттер), сонымен қоса ас қорыту бездері секрецияларының кейбір компоненттері,мысалы,өт қышқылдары жүреді.
Майдың ыдырау өнімдерінің сіңірілуі, көмірсулар сіңірілуі және пассивті тасымалдау- Мұндай рөлді атқару үшін иондық градиенттер, әсіресе Nа+ градиенті қолданылады.
Аш ішекте глюкозаның, галактозаның, бос амин қышқылдарынын, дипептидтер және үшпептидтердің, өт қышқылы тұздарынын, билирубиннің және тағы басқа заттардың сіңірілуі Na+-ға тәуелді болып табылады. Натрий иондары ащы ішек қуысынан канға ішек эпителиоциттері және клетка аралык арналар бойымен тасымалданады. Натрий иондарынын эпителиоциттерге түсуі электрохимиялык градиент бойынша пассивті түрде жүреді. Эпителиоциттерден олардың латеральды және базальды
мембраналары арқылы натрий иондары клетка аралык сүйыктыкка, канға және лимфаға белсенді тасымалданады. Клетка аралық арналар бойымен натрий иондары концентрация градиенті бойынша пассивті
тасымалданады.Пассивті тасымалдауға диффузия,осмос және фильтрация жатады.
Қалыпты жағдайда тоқ ішекте сіңіру шамалы. Бұл негізінен суды сіңіру және нәжістің түзілуі осы жерде болады.Аз мөлшерде глюкоза, амин қышқылдары және басқа да жеңіл сіңірілетін заттар сіңіріледі.
Осы негізде қоректік клизмалар қолданылады, яғни тік ішекке жеңіл сіңімді қоректік заттарды енгізеді. Тоқ ішекте натрийдің сіңірілуі кант және амин қышқылдарының болуына байланысты емес, ашы ішекте осы заттардың болуына байланысты болады. Аш ішекте Na және CI иондарының тасымалдануы қосарласа жүреді. Тоқ ішекте сіңірілетін натрий иондары калий иондарына ауыса алмасады. Организмде натрий иондарының мөлшері азайғанда, ішектерде оның сіңірілуі күрт артады. Натрий иондарының сіңірілуін гипофиз және бүйрек үсті бездерінің гормондары күшейтеді, ал гастрин, секретин, холецистокинин-панкреозимин төмендетеді.