4
* * * Х и м и я с а б а ғ ы * * *
Дарынды оқушылардың
шығармашылық қабілетін арттыру
Баланың толыққанды эстетикалық дамып-
жетілуіне, оның рухани жан-дүниесінің үйлесімді
дамуына
үлкен
мүмкіндіктер
туғызатын
адамгершілік-эстетикалық циклдың көптеген
түрлерінің ішінде хореографияның алатын орны
зор.
Бимен айналысу бейнелі ой мен қиялды
дамытады.
Балалардың көрермен алдында өнер көрсетуі
баланың жарқын да қуанышты сезімдерін туғызады.
Әуен
ырғағымен
қимылдау
–
балалардың
жеке
шығармашылық
қабілетін дамытады.
Тыңдалған әуеннің
бейнесін суреттеп,
п л а с т и к а д а
беру
икемділігі
қ а л ы п т а с а д ы .
Оқу іс-әрекетінде
л и р и к а м е н
астасатын көңілді
әуендерге
би
қойылымдарын қою
баланың өз жағдайын
эмоционалды реттеу
дағдысын
жүзеге
асырады.
Бимен айналысу
-
сауықтыру-
алдын-алу жұмыстарының бөлінбес бір бөлшегі
болып табылады. Ол тірек-қимыл аппаратының
дұрыс дамуына көмектесіп, сымбатты дұрыс
қалыптастырып, жалпақтабандылықтың алдын-
алады, тыныс алу мүшелерінің функционалды
жетілуіне оң ықпалын тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды заманауи
талаптарға сай икемді, қозғалыс белсенділігі,
эстетикалық талғамы жоғары тұлға ретінде
тәрбиелеуде өнердің орны ерекше. Бұл мақсатқа
мектеп жасына дейінгі балаларды хореография
өнеріне үйрету жолымен жетуге болады. Бұл іс –
әрекетке: ритмика, гимнастиканың, алғашқы би
қимылдарының элеметтері, жаттығулардың толық
кешенді түрлері кіреді.
Би билеу - балалардың сүйікті ісі. Ал
хореография өнері баланы жан-жақты дамытуда
үлкен әсер ететін өнер.
Мектеп жасына дейінгі балаларды би өнеріне
тарту, би арқылы шығармашылық, танымдық
қабілеттерін дамыту, эстетикалық, пластикалық,
сауықтыру, тәрбиелік бағытта бала тұлғасының
жан-жақты қалыптасуына жәрдемдесу. Осы
тақырыппен жұмыстана отырып, алдыма келесі
мақсат қойдым:
Мақсатым: Хореография арқылы балалардың
эстетикалық талғамын қалыптастыру. Салауатты
өмір салтын, биге икемділігін дамыту. Ұжымдық
қарым-қатынасқа, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Балалардың хореографиялық дағдыларын
қалыптастыруда жұмыстанған бағыттарым:
Эстетикалық: әуенді тыңдай білу мен ой-
өрісін дамыту; би қимылдарына қызығушылық
тудыру, өз тұлғасына сүйсіне білу, әуенді, мәнерлі
би ырғақтарымен қимылдай білу дағдыларын
қалыптастыру.
Пластикалық:
иілгіштікті,
икемділікті,
мәнерлілікті, қимыл нақтылығын, бұлшық ет
күшін, шыдамдылықты, жылдамдық күшін,
үйлестіре білу қабілеттерін дамыту, әсемдікке
құштарлық сезімі мен қимыл көркемдігін дамытып,
би элементтерінің негізін қалыптастыру.
Сауықтыру: тірек-қимыл аппаратының өсу
белсенділігін арттырып, сымбатының дұрыс
қалыптасуын, тыныс алу жолдарының жұмысын
реттеу.
Тәрбиелік: ерік-жігерін дамыту, өз бетімен
еркін билей білу, өзінің шығармашылығының
нәтижесін түсіне білу, өз іс-әрекетін бағалай білуге
үйрету, өз замандастарының шығармашылығына
құрметпен қарауға үйрету.
Балабақшада би үйрету - негізгі мақсат емес.
Басты мақсатым хореографиялық дағдыларын
қалыптастыру – қимылдық ырғақты ойындар,
тербелу, тепе-теңдік, айналу, шыр айналу, жүгіру,
секіріп жүгіру, тәжім ету, музыка тыңдау және т.б.
Балалардың кеңістікті бағдарлай білуіне ерекше
көңіл бөлу (шеңберді, шаршыны айналу, қиғаштап
айналу, «жыланша», «сегіздік», жұптасып, үштік,
тізілу
арқылы,
серіктесін
ауыстырып, қимыл бағытын өзгерту т.б.).
Балаға ара қашықтықты сақтап, өз жолынан
жаңылыспай, соқтығысып қалудың алдын-алуды
үйрету. Реакцияға арналған арнайы жаттығулар
қолдандым: жинақталу, назар аудару, тепе-теңдік,
денеге күш түсіру мен денені бос ұстау. Қимыл
жаттығуларында арнайы сәттерге: әр түрлі ара
қашықтықтағы қадамдар, түрлі қадамдарды қосу,
жанымен шоқыту т.б. назар аудардым.
Балалардың қолы жетімді қарапайым
әуендерге табиғи және біртіндеп қарапайым би
ырғақтарының туындауы ерекше маңызға ие.
Тамырдың соғысының реттелуі - біртіндеп
қалыптасатын құбылыс. Қимыл бұл жерде
міндетті және таптырмайтын тәсіл болып
табылады. Оның қарапайым түрлері - бастапқыда
бір орында, соңынан кеңістікте жүріп тұру,
ишарамен, даңғырлақ аспаптармен байланысты
түрлері бұл жұмыста керек те пайдалы болып
табылады. Балалармен жұмыста мектепке дейінгі
ұйымның білім беру қызметінде қолданылатын
нақты әдістері мен тәсілдерін қолдандым. Осыған
байланысты әрбір жаттығуда, ойында, биді
түсіндірудің, балаларға жеткізудің тиімді тәсілін
таңдап алдым.
Көрсету тәсілі: жаңа би қимылдарын жаттату
үшін мүлтіксіз
дәл, таза, шынайы
к ө р с е т і л і м н е н
бастау қажет.
А у ы з ш а
тәсіл: әдістемелік
көрсетілім ауызша
т ү с і н д і р у м е н
тығыз байланыста.
А р н а й ы
т е р м и н д е р м е н ,
орындау әдістерімен
таныстыру жүреді.
Балаларды мақтай
отырып, талап қоя
білу керек. Үйретуде
қ о л д а н ы л а т ы н
тәсілдер: әңгімелеу,
баяндау, түсіндіру,
әуенмен
бірге
ауызша
айтып
түсіндіру және әр қимыл – қозғалыстың эмоциясы
мен ырғақтары өте маңызды.
Көрнекі тәсіл: билердің суреттерін, сонымен
қатар испан биіне «веер», қазақ биіне «торсық»,
«қамшы», орыс биіне «орамал» т.б көрсету
жатады.
Әуенмен сүйемелдеу – әдістемелік тәсіл
ретінде өзімнің түсіндіруіммен балаларға әуенді
би қимылдарымен үйлестіре, ұйымдастырылған
оқу іс -әрекетін білуге көмектеседі. Қимылмен
өрілген әуен орындау шеберліктерін шыңдайды:
айқындылық,
мәнерлілік,
ырғақтылық,
үйлесімділіктерін қалыптастырады.
Ойын әдісі. Ұйымдастырылған оқу іс
-әректінің мазмұны мен мақсат-міндеттерін
шешетін, балалардың жасы мен дайындықтарына
сәйкес келетін ойын таңдалады. Ойын баланың оқу
іс -әрекетіне деген қызығушылығын арттырып,
жағымды көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Ойын
арқылы баланың ұжымдағы өзіндік дараланатын
тұлғасы қалыптасады. Ойын баланың ақыл-ойын,
қиялын дамытып, есте сақтау қабілетін арттырады.
Оқу іс –әрекетін ойын түрінде өткізу – қажетті іс -
әрекетті тез меңгеруге септігін тигізеді.
Тәжірибе әдісі – балалардың жаттығулар
мен би қойылымдарын өздіктерінен орындауы.
Сонымен қатар оқу процесі басты педагогикалық
ұстанымдардан құрылады: жүйелілік, оқу іс
-әрекетіне тұрақтылығы, жағдаятты меңгеру
нәтижелілігі, техникалық күрделілігіне қарай
дене күшінің біртіндеп ұлғаюы (қарапайымнан
күрделіге қарай). Барлық жұмыс белгілі бір тәртіп
бойынша құрылады: тәжім ету немесе иіліп сәлем
берумен бас ию (оқу іс –әрекетінің басында және
соңында, сергіту сәті, тыныс алу жаттығулары.
Жұмыстың басты бөлігі қойылған міндеттерге
жетудің әдіс-тәсілдеріне байланысты өзгереді.
1. Білімділік: Қимыл түсіндіріледі. Жай
қарқында, орындалу тәсілдері көрсетіледі.
2.Пысықтау: Қимыл, би қойылымдары үш-
төрт реттен қайта-қайта қайталанады. Бірінші
қайталаулар педагогпен бірге жүргізіледі.
Кейінгілері кезекпен әрбір билеуші баламен
қайталанады.
3. Қорытынды: мұнда балалар үйретілген
қимылдың барлығын өз беттерімен дұрыс
орындап шығулары қажет.
4. Қойылымдық: Бидің толық атына сай,
сипатын ашып көрсету қажет.
Хореография оқу іс-әрекеттерінде бірде бір
қимыл–қозғалыс бұлшықеттердің механикалық
қыздырынуынсыз орындалмайды.
Хореографиямен
айналысу
балалар
шығармашылығының бастауы болып табылады.
Жұлдыз Сапарова,
№9 «Еркемай» МдҰ педагог-
хореографы, Орал қаласы
Жайық ұстазы
12 наурыз, 2015 ж.
Балалардың
хореографиялық дағдыларын
қалыптастыру
Дарынды
балалардың
шығармашылық
қабілеттерін жоғары дәрежеде дамыту үшін
химия пәні бойынша арнайы бағдарламалар,
элективті курстар жоспары жасалуы керек.
Дарынды бала дәстүрлі түрде жүргізілетін
сабақтармен қатар, қосымша материалдармен
қамтылуы тиіс. Ондай материалдар баланың
білімін жоғарылататын күрделі мазмұнды
болуы керек. Даралық қабілеттерді ашатын,
оқушының өзіндік идеяларын көрсете алатын
технологялардың қатарына проблемалық оқыту,
жобалау технологиялары және шағын топтарда
оқыту әдісі жатады.
Проблемалық оқыту технологиясы. Бұл
технологияны қолдану арқылы біз төмендегідей
мақсаттарға қол жеткіземіз: логикалық, ғылыми,
шығармашылық ойлауды үйрету; оқушыларда
тек білімді қалыптастырмай, оқу материалын
дәлелді және сенімді етіп жасау, ғылыми,
диалектикалық-материалистік
дүниетаным
қалыптастыруға негізделген білім беру; білімнің
беріктілігін қалыптастыруға ықпал ету, өйткені
оқушылардың өзі тапқан ақпараттары есте жақсы
сақталады; оқушының эмоциялық өрісіне әсер
ету, яғни оларда өз күшінің сенімділігіне, ойлау
іс-әрекетінің
күрделілігіне
қанағаттандыру
сияқты
сенімдер
қалыптастыру;
ізденіс
және зерттеушілік әс-әрекетінің қарапайым
дағдыларын қалыптастыру; оқушының білуге
ұмтылу ынтасына мән бере отырып, оның ілімге
деген танымын қалыптастырып, қызығушылығын
арттыру.
Оқушылар өз бетінше іздеу этаптарын
белгілейді,
әртүрлі
болжамдар
айтады,
проблеманы шешудің әр түрлі гипотезасын
ұсынады. Мысалы:
Проблемалық эксперимент ретінде мыстың
аммиак ерітіндісінде еруін қарастырайық.
Реактивтер: 15-28 пайыз аммиак ерітіндісі, мыс
кесектері.
Жұмыс барысы: Сынауыққа бірнеше мыс
кесегін салып, 15-20 мл аммиак ерітіндісін
құямыз, сынауықтың аузын мықтап жауып, оны
сілкілеп араластырамыз. Ерітінді көгілдір түске
ие болады.
1. мыстың аммиак ерітіндісімен қалай
әрекеттесетінін қалай дәлелдейміз?
2. Реакция мүмкін бе? Мыс негізбен
әрекеттеспейді, алайда реакция жүрді. Реакцияға
оттектің қатысуын қалайша түсіндіреміз?
Cu+NH4OH=[Cu(NH3)4OH]2
2. Аминқышқылы ерітіндісі бейтарап орта
беретінін түсіндіру. Оқушылар аминқышқылының
екі жақты қасиет көрсететінін, яғни карбоксил
тобы қышқылдық, ал амин тобы негіздік қасиет
беретінін түсіндіреді. Әңгімелесу барысында
мұғалім оқушыларды карбон қышқылының
протоны көшетінін айтуға итермелейді, сөйтіп
оның амфотерлі екенін және биполярлы ион
екенін ашып көрсетеді.
Шағын топта оқыту әдісі. Бұл әдіс семинар
сабақтарда жиі қолданылады. Әдістің негізі
- сыныпты 3-4 кіші топтарға бөліп оқыту. Ол
топтардағы оқушылардың саны 5-7 адамнан
аспауы тиіс, себебі оқушылар саны аз болған
сайын олардың бір-бірімен қарым-қатынасы
күшейе түспек. Әр топ берілген тақырып
бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз
жауаптарын жоспарлайды, дәлелдеуге тырысады,
толықтырады. Бұл әдіс дарынды оқушылардың
қызығушылығын арттырып, олардың көбірек
ойлануларына жол ашады.
Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап
оқыту - жеке тұлғаға бағдарланған оқыту. Бұл
технология оқушылардың берілген тапсырманы
жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның
тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген.
Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар көп
нәрсеге өзі көз жеткізеді. Яғни, бұл оқушылардың
танымдық қасиеттерін арттырудың, өз еңбектерінің
нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы
жетістіктерін сезінудің бірден-бір жолы болып
табылады. Жобалардың тақырыбы мынадай
болуы мүмкін: "Ауыз су проблемасы", "Темекінің
ағзадағы бос радикалды тотығу реакциясына
әсері", "Адам ағзасында қышқылдық-негіздік
баланысты сақтау".
Элективті курстар. Бұл - сабақты ұйымдастыру
формаларының бірі. Мұнда дарынды оқушылар
өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізуге, мектеп
бағдарламасының кейбір бөліктерін тереңдетіп
оқуына, өз қызығушылықтары бойынша білімді
игеруге мүмкіндік алады. Курстың ерекшелігі
сонда, оның мазмұнын сабақта қарастырылмайтын
кейбір тақырыптар құрайды және ол тақырыптар
қосымша материалдарды қажет етеді, сондықтан
оқушылар бұл материалдармен жұмыс жасау
барысында өз бетімен ізденеді, мұғалімнің берген
ақпаратына қосымша ақпарат көздерін жинайды.
Яғни бұл әдіс арқылы дарынды оқушылардың
шығармашылығы арта түспек. Мысалы, "Химия
тұрмыста", "Химия ауыл-шаруашылығында",
"Химиялық элементтер адам ағзасында".
Курстың мақсаты: Пәнаралық байланысты
қолдана отырып, дарынды оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту, химия
пәнінің адам өміріндегі рөлін, маңызын көрсету.
Курстың міндеттері: оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттырып, алған білімдерін
практикада қолдануға үйрету. Жоғарыда
көрсетілген жұмыс түрлері семинар сабақтарында,
түрлі практикум сабақтарда және лабораториялық
сабақтарда қолданыс табуы мүмкін. Химия
сабағында дарынды балалардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру үшін көптеген есептер
шығартып,
интеллектуалды-шығармашылық
ойындар, танымжорықтар өткізуге де болады.
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар ретінде
дарынды балалар үшін түрлі факультатив
сабақтар, үйірмелер, мектептегі ғылыми қоғамдар,
интеллектуалды марафондар, сайыстар, аудандық,
облыстық олимпиадалар, зерттеу жұмыстарын
өткізіп отыру қажет. Әсіресе, зерттеу жұмыстары
оқушылардың дарындылық қабілетін дамытуда
маңызды роль атқарады. Мұндай зерттеу
жұмыстары оқушылардың қосымша және
ғылыми материалдармен жұмыс істеуге, өздерін
қызықтыратын тақырыптар бойынша рефераттар,
баяндамалар жазуға және сол еңбектерін ғылыми-
практикалық
конференцияларда
қорғауға,
дарынды балалардың өз қабілеттерін жүзеге
асыруына мүмкіндік береді. Мысалы, мынадай
зерттеу жұмысын ұсынуға болады. Тақырыбы:
Азот тыңайтқыштары лабораториялық зерттеу:
азық¬-түліктердегі нитрат мөлшеріне талдау
жасау. Мақсаты: Көкөніс өнімдеріндегі нитрат
мөлшерін зерттеу. Нитрат мөлшерін азайтудың
жолдарын жасау
Тапсырма: Түрлі тәсілдерді қолдана
отырып,
өсу
алқаптарындағы
нитрат
мөлшерін
анықтаңыздар.
Оқушылардың
дарындылық қабілеттерін дамытудың тағы
бір жолы - кейс технология. Бұл оқытудың
ерекшелігі - проблемалық жағдаяттың шешімін
шынайы өмірден іздестіру болып табылады.
Мысалы, "Қазақстанда суды залалсыздандыру
проблемалары"
тақырыбы
газеттердегі
ақпараттарды,
құжаттық
ақпараттарды,
видеороликтерді, тарихи фактілерді қамтиды.
Химия және биология пәнінен дарынды
балаларға мынадай тақырыптардағы кейстарды
ұсынуға болады: "Чипс адам ағзасына зиян
ба?", "Ағызынды сулардың экологиялық
проблемалары", "Пластиктен жасалған бұйымдар
әлемдік мұхитты ластауда", "Темекі тартатындар
және радон", т.с.с.
Дарынды балалармен жұмыс істеуде есеп
шығарудың маңызы зор екендігін айтқан
болатынбыз. Төменде, бірнеше есептердің
мысалдары келтірілген: №1. А және В жай
заттары өзара реакцияласып, С затын түзеді.
С заты көміртек (ІV) оксидімен әрекеттескен
кезде В және D заттары (құрамында 8,14 пайыз
көміртегі және 32,5 оттегі бар) түзіледі. А-D
заттарын анықтаңыздар және реакция теңдеулерін
жазыңыздар.
№2. Қатты В затының сумен реакциясының
нәтижесінде түзілген А газы оттегімен
әрекеттесе отырып, С,D (Көп мөлшерде) және
Е (салыстырмалы молекулалық массалары
18, 19, 20) заттары түзіледі. А газы натриймен
әрекеттескен кезде эквимолярлы мөлшерде В
және Ғ заттарын түзеді. Осы заттар сумен А және
G газдар қоспасын түзеді және оларды оттегінде
жаққан кезде С,D заттарының көп мөлшерде және
Е заты түзіледі. Қандай заттар туралы айтылған
және реакция бағытын түсіндіріңіздер.
№3. Ыдыста А жай затының 0,18 г үлгісін
концентрлі
күкірт
қышқылының
артық
мөлшерімен қыздырады. Реакцияның газтәрізді
өнімдерін кальций гидроксидінің артық мөлшері
арқылы өткізген кезде 5,1 г тұнба түзіледі. А
затының анықтаңыздар және жауабыңызды
сәйкес реакция теңдеулері және есептеулермен
дәлелдеңіздер.
№4. Молекулаларындағы көміртегі саны
бірдей қаныққан және қанықпаған екі газ тәрізді
көмірсутектердің эквимолярлы мөлшерлерінің
қоспасы 80 г. Төртхлорлы көміртектегі 20
пайыздық бромның ерітіндісін түссіздендіре
алады. Осы қоспаның дәл осы мөлшерін жаққан
кезде 134,4 л СО2 бөлінеді. Қандай көмірсутектер
алынғандығын анықтаңыздар.
№5. Молекула құрамында 74 пайыз бромы
бар дигалоген туындысы этиленді А көміртегіне
бромды қосу нәтижесінде түзіледі. А және В
қосылыстарының құрылысы мен А затының
барлық изомерлерін жазыңыздар.
№6. Байланыстың орнына байланысты
изомерлі болатын, қанықпаған көмірсутектердің
бір класына жататын А және В көмірсутектерінің
эквимолярлы қоспасы бар. Осы қоспаны жаққан
кезде 89,6 л СО2 бөлінсе, толық каталиттік гидрлеу
үшін 44,8 л сутегі жұмсалады. Көмірсутектер
қоспасы күміс оксидінің аммиакты ерітіндісімен
әрекеттескен кезде тұнба түзілетіндігін ескере
отырып, қоспадағы көмірсутектерді және
олардың мөлшерлерін анықтаңыздар.
Педагогтың дарынды балалармен жұмысы
– бұл күрделі де ешқашан тоқтамайтын үрдіс.
Ол мұғалімдерден жеке өсуді, дарындылардың
және
оларды
оқытудың
психологиясы
саласында тұрақты жаңартылып тұратын жақсы
білімді, сонымен қатар психологтармен, басқа
мұғалімдермен, әкімшілікпен және міндетті
түрде дарындылардың ата-аналарымен тығыз
ынтымақтастықты талап етеді.
Келешек жастардың қолында! Еліміздің
болашағы жарқын болуы үшін тәрбиелі, білімді,
құзыретті, бәсекеге қабілетті жас жеткіншектерді
қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз.
Ендеше, сол мақсатты тізгінге ала отырып,
оқушылардың арасынан ерекше қабілетке ие,
дарынды балаларды іріктеп алып, олармен
жоспарлы түрде жұмыс жасалуы қажет. Әрине,
егер оң нәтижелері көрсетіліп жатса, ол нұр
үстіне нұр болмақ.
Эльмира Қазиқанова,
Теректі аудандық білім бөлімінің
әдіскері
** Мектепке дейінгі білім**
5
З
д р а в с т в у й ,
г о с т ь я - з и м а !
Воспитание и обучение детей - дело очень
ответственное. Оно требует от педагога чуткости,
терпения и, конечно, мастерства. Учитель не
только должен хорошо знать свой предмет,
суметь донести его до учеников, но, что немало
важно, заинтересовать их, чтобы у ребят возникло
желание создавать что-то своими руками. Очень
важно вовремя заметить ученика, раскрыть в нем
творческие способности.
Что такое творческие
способности на
самом
деле?
Это
понятие тесным образом
связано с понятием «творчество»
и «творческая деятельность». Под творческой
деятельностью мы понимаем такую деятельность
человека, в результате которой создается что-
то новое – будь это предмет внешнего мира или
построение мышления, приводящее к новым
знаниям о мире, или чувство, отражающее новое
отношение к действительности.
В поведение человека, его деятельности
можно выделить два основных вида поступков.
Первый: воспроизводящий или репродуктивный.
Такой вид деятельности тесно связан с нашей
памятью и повторением уже знакомых приемов,
навыков. Второй: творческий, результатом
которого является не воспроизведение бывших в
его опыте впечатлений или действий, а создание
новых образов или действий.
Способности
-
это
индивидуально-
психологические особенности личности, которые
являются условиями успешного осуществления
данной деятельности и динамики овладения
знаниями, умениями и навыками. Таким образом,
в самом общем виде определение творческих
способностей выглядит следующим образом.
Творческие способности – это индивидуальные
особенности человека, которые определяют
успешность
выполнения
им
творческой
деятельности различного рода, которая требует
от человека не шаблонных, привычных действий,
а подвижности, гибкости мышления, быстрой
ориентации и адаптации к новым условиям,
творческого подхода к решению больших и малых
проблем. И это несомненно так.
Творческие
потенциалы
заложены
и существуют в каждом человеке. При
благоприятных условиях каждый ребенок может
проявить себя. Развитию творчества ребенка
способствует наличие генетической основы и
условий социально-педагогического характера.
Для того, чтобы дети развивали творческие
способности, необходимо постоянно создавать
ситуацию творческой, учебной деятельности,
способствующей раскрытию и развитию
природных данных. Творческие способности
не только проявляются в деятельности, но и
формируются в ней. И чем раньше дети будут
развивать свои способности, тем выше будет их
творческий потенциал.
Творчество начинается с новой
идеи. Новые идеи могут
появляться как на
основе новой
информации, так и без
нее. Чтобы ребенок мог создать что-
то новое он должен опираться на уже известное,
иметь материал, хранящейся в памяти. Чтобы дети
начали творчески применять полученные ими
ранее знания, необходимо, чтобы они испытывали
потребность в предложенной им деятельности.
Должна быть организована мотивация к действию.
Иначе интереса к творчеству просто не будет.
Последовательность творческой деятельности
ребенка заключается в том, что на самом первом
этапе, познакомившись с образцами работ
разного уровня сложности, дети составляют
свою композицию изделия. В первых работах
непременно включаются элементы, обязательные
для начального обучения. Тем, кто испытывает
затруднения в первоначальном композиционном
решении, предполагаются готовые образцы,
в которые дети по желанию могут вносить
изменения. Все равно в каждом образце проявится
индивидуальность исполнения.
Пробуждение интереса к действию, следует
начинать с демонстрации пособия, творческих
работ. Показ рассчитан на пробуждение
переживаний учащихся, вызванных созерцанием
красивого изделия, мастерски выполненного
преподавателем.
Предмет технологии представляет большую
возможность для того, чтобы творить, изобретать
что-то новое. На уроках технологии ребята с
удовольствием занимаются конструированием и
моделированием, выполняют творческие проекты.
Это может быть домашняя утварь, сувениры,
игрушки. В своих поделках учащиеся широко
используют природный материал, например, рога
животных.
Своё творчество ребята демонстрируют на
выставках, в районных и областных конкурсах.
Это дает стимул, возможность проявить себя.
Наша задача – дать учащимся попробовать свои
силы в самых разных видах труда. Пусть каждый
сам решает, когда, сколько и какой творческой
работой ему заниматься. Все это вырабатывает
самостоятельность,
инициативу,
приучает
планировать свое время, помогает выявлению и
развитию склонностей и способностей.
Достарыңызбен бөлісу: