Эритроциттің құрылысы: ядросыз, екі жағы ойыс диск тәріздес, дөңгелек жасуша, диаметрі 7,4-7,6 мкм.Эритроциттердің химиялық құрамы:су 60%,құрғақ қалдық 40%:гемоглобин 36% басқа заттар 4%
Эритроциттердің саны (адам қанының әр литрінде):
ерлерде – (4,0-5,1)*1012, әйелдерде – (3,7-4,7)*1012.
Эритроцитоз – эритроциттер санының көбеюі.
Эритроцитопения – эритроциттер санының азаюы
Эритроциттердің қызметі 1.Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.
2.Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады (Hb буфері).
3.Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.
4.Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді (Х.Қ. Сәтпаева).
5.Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.
6.Қанның ұюына қатысады.
7.Қан тобын анықтайды.
Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид, 96% глобин және 4% гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында 2 валентті темір атомы болады. Гемоглобиннің бір молекуласы О2-нің 4 молекуласымен байланысады.