Құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет4/19
Дата09.11.2022
өлшемі1,25 Mb.
#48906
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
akma. физио 2 рк

Лейкоциттерқанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4,1-9,0х109/л. Лейкоциттер санының артуы лейкоцитоз, азаюы лейкоцитопения деп аталады.
Лейкоцитоз, лейкоцитопения :физиологиялық абсолюттік,салыстырмалы.Потологиялық абсолюттік,салыстырмалы
Лейкоциттердің қызметі:
1. Фагоциттік.
2. Антитоксиндік қызмет. Эозинофильдер табиғаты белоктық токсиндерді, антиген-антидене кешенін залалсыздандырып, бұзады, аллергия кезінде көбейіп кететін гистаминді бұзатын гистаминаза ферментін жасап шығарады (аллергиялық реакциялар).
3. Биологиялық белсенді заттар түзеді. Базофильдер капиллярлар саңылауын кеңейтетін гистамин және табиғи антикоагулянт - гепаринді жасап шығарады.
4. Лейкоциттер белок алмасу өнімдері мен қоректік заттарды адсорбциялап, тасымалдай алады
5. Лимфоциттер иммундық жүйенің орталық звеносы болып табылады.
Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Олардың түрлері: Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер, Т-амплифайер.
Т-хелпер В лимфоцитпен бірге әрекеттеседі, бөгде заттарға ақпарат жеткізеді.
Т-супрессор Т хелпер мен Т киллер шамадан тыс көбейіп кетсе, олардың азаюына әсер етеді.
Т-киллер
Т-амплифайер Т супрессор мөлшерін реттейді, лимфоциттерді көбейтіп жібереді.
В-лимфоциттер гуморалдық иммунитет қалыптастырады, антиденелер түзеді (b және g-глобулиндер).
6. Лейкоциттер қанның ұюына қатысады.
7. Моноциттер өлген жасушаларды фагоциттеп, ұлпа регенерациясына қатысады.
8. Нейтрофилдер интерферон жасап шығарады.

  1. Лейкоцитарлық формула.

Лейкоциттердің жеке түрлерінің олардың жалпы санынан пайыздық мөлшері лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады.

Қанда метамиелоциттер пайда болып жас нейтрофилдер көбейсе, лейкограмманың солға жылжығаны. Бұл лейкопоэздің күшейгенін көрсетеді. Егер сегмент ядролы лейкоциттер саны көбейіп, жас нейтрофилдер азайса, лейкограмманың оңга жылжығаны. Бұл лейкопоэздің нашарлағанын корсетеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет