Ми қыртысы – тыныстың сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Жұлындағы орталықтары
- Мойын бөлімінде – көкет жүйкесінің ядролары.
- кеуде бөлімінде – қабырға аралық еттердің ядролары.
Тыныс алудың гуморальдық реттелуі. СО2-ның тыныстың реттеудегі маңызы.
Тыныс орталығының гуморалдық реттеушісі хеморецепторлардан келетін ішкі ортаның газ құрамы туралы сигналдар болып табылады. Хеморецепторлар:
Орталық (булбарлық)
Шеткі
Орталық (булбарлық) хеморецепторлар мидың жасушадан тыс сұйықтығындағы СО
2 кернеуі мен Н
+ концентрациясына сезімтал. Алғаш рет СО
2 рөлін Фредерик 1890 ж дәлелдеді.
Шеткі хеморецепторлар тамырларда орналасады.
Ұйқы артериясының бифуркациясында каротид денесі орналасқан, ол қанның газ құрамының өзгерістеріне сезімтал:
О2 кернеуінің төмендеуіне.
СО2 кернеуінің жоғарылауына.
Н+ концентрациясының артуына (ацидоз)