Жүрек қызметінің жүйкелік реттелуі – сопақша мида орналасқан жүрек ырғағының орталығына байланысты. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері қамтамасыз етеді. Парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетсе, симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді. ВЖЖ – қос нейронды. Біреуі ОЖЖ-де, ал екіншісі шеткі ганглийлерде орналасады.
Жүрек қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке жүйесінің бірінші нейроны сопақша мида, ал екінші нейроны жүректің интрамуральдық ганглийде орналасады.
Жүректің симпатикалық жүйке жүйесінің бірінші нейрондары жұлынның бастапқы 1-5 кеуде сегменттерінің бүйір ашаларында орналасады.
Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі - вегетативтік жүйке жүйесінің орталық тонусының өзгеруімен қамтамасыз етіледі. Орталықтың тонусы экстрорецепторлардан, проприорецепторлардан, интерорецепторлардан, рефлекстік алаңдардан келетін импульстерге байланысты (аорталық, сино-каротидтік, лөкпелік, Бейинбридж аймағы).
Жүрек қызметінің гуморалдық реттелуі –кезеген жүйкеге әсеріне ұқсас заттар ваготропты, ал симпатикалық жүйке әсері сияқты химиялық заттар симпатотропты заттар деп аталады. Қанға түрлі заттар қамтамасыз етеді (иондар, гормондар, медиаторлар және т.б химиялық заттар). Бұл заттар қаннан кардиомиоциттерге өтіп, жүрек қызметіне тікелей әсер етеді. Гуморальдық заттар жүрекке орталықтағы кезеген жүйке арқылы әсер етуі мүмкін. Бұл әсер олардың жүрекке тікелей тигізетін әсеріне қарама-қарсы болады. КСl, ацетилхолин кезеген жүйке нейрондары тонусын тежеп, симпатикалық жүйке тонусын күшейтеді, сөйтіп, жүрек қызметін жақсартады, ал адреналин, хлорлы кальций кезеген жүйке орталығын қоздырып, жүректің кызметін төмендетеді.