Құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет8/19
Дата09.11.2022
өлшемі1,25 Mb.
#48906
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
akma. физио 2 рк

Қан айналысы.

  1. Жүректің жиырылу циклы, кезеңдері.

Жүректің жиырылуы систола,босауы диастола деп, ал систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек циклы деп аталады. Жүрек 70-72 рет соқса, жүрек циклы 0,8 – 0,9 секундке тең. Цикл уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, себебі систола уақыты көбінесе өзгермейді.

Асинхрондық жиырылуда жиырылу біртіндеп жүреді.
Изометрлік жиырылуда ет түгелдей ширығады, яғни жиырылмайды.
Протодиастола жүрек еттері біртіндеп босап, қан қысымы біртіндеп төмендейді.
Изометрлік босау кезінде ет талшықтары бір мезетте босаңсып, қысым азаяды.
Қанға толу кезеңі ең ұзақ кезең. Жүрек көбіне диастола кезінде қанға толады.
Пресистола кезеңі. Жүрекшелер жиырылып, қарыншаға қан құйылады.



  1. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері.

Автоматия – жүрек етінде өзінен өзі пайда болған импульстер арқылы жүректің ырғақты соғуы.
Қозғыштық – жүрек етінің қозу үрдісін тудыру қабілеті.
Өткізгіштік – жүрек етінің қозуды өткізу қабілеті.
Жиырылу – жүрек етінің ұзындығын және ширығуын өзгерту қабілеті.
Эластикалық – жиырылудан кейін бастапқы қалпына келу қабілеті.



  1. Жүрек автоматиясының құрылымы, табиғаты мен градиенті туралы. Жүректің өткізгіш жүйесі.

Жүректің өткізгіш жүйесі барлық бөлімдерінің автоматиялық қасиеті бірдей емес,жүрек автоматиясында айырмашылық-градиент болады.Бұл заң бойынша жүректің өткізгіш жүйесіндегі бөлімдер синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын олардың автоматиялық дәрежесі төмендейді.Синоатриалдық түйіннің автоматиясы ең жоғары болып, атриовентрикулярлық түйіннің, Гис шоғырының, Гис аяқшаларының,Пуркинье талшықтарының автоматиясы бұданда төмен.Бұлардың автоматиялық дәрежесі өздігінен туатын қозу санына байланысты.Осыған орай бірінші түйінді жүректің пейсмекері деп аталады.Синоатиалдық түйіні-автоматияның бірінші дәрежелі орталығы,ал-атриовентрикулярлық түйін-автоматияның екінші дәрежелі орталығы болады
Автоматиялық қасиеті:жүрек етінде ешқандай тітіркергіш әсерінсіз өздігінен қозу импульстерінің пайда болуын автоматия деп аталады.Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі:миогендік және нейрогендік теория бар
Жүрек автоматиясының миогендік теориясы бойынша қозу жүректің атипті еттерінде пайда болады,яғни жүректің автоматиялық қасиеті оның ет тіндерінің қозуына байланысты
Жүректің өткізгіш жүйесі:Синоатриалдық түйіні,Бахман будасы,Атриовентрикулярлық түйіні,Гис шоғыры,Гис шоғырының аяқшалары, Пуркенье талшықтары





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет