1) Симпатикалық (вазоконстрикторлар-қан тамырларды тарылтатын заттар). Оларға адреналин, норадреналин, вазопрессин, серотонин, ренин-ангиотензин жүйесі жатады.
2) Парасимпатикалық (вазодилататорлар-қантамырларды кеңейтетін заттар). Оларға гистамин, ацетилхолин, медуллин, простагландиндер, зат алмасу өнімі жатады.
3) Тамыр қозғалтқыш орталық. Тамыр қозғалтқыш (вазомоторлық) орталық – тамыр түтігінің диаметрін өзгертетін орталық.
Қантамырытонусыныңгуморальдықреттелуі.
Қан тамырлар тонусы - белгілі бір деңгейге дейін қан тамырлардың тарылуын қамтамасыз ететін тамырлар қабырғасының бірыңғай салалы бұлшықеттерінің тұрақты ширығу дәрежесі. Қантамыр саңылауы оның тонусына байланысты. Қан тамырлар тонусы жоғарлағанда тамырлар саңылауы тарылып, ондағы қысым көтеріледі. Тамырлар тонусыжүйкелік-гуморалдық және рефлекстік жолдарымен реттеледі.
Гуморалдық реттелу Вазоконстрикторлар – қан тамырларды тарылтатын заттар: 1. Адреналин, норадреналин. 2. Вазопрессин. 3. Серотонин. 4. Ренин-ангиотензин жүйесі.
Вазодилятаторлар – қан тамырларды кеңейтетін заттар: 1. Гистамин. 2. Ацетилхолин. 3. Медуллин (бүйрек). 4. Простагландиндер. 5. Зат алмасу өнімі. Артериялықпульс.
Артериалық пульс – бұл жүректің ырғақты соғуына байланысты тамыр ішіндегі қысымның өзгеруіне негізделген, артерия қабырғысының ырғақты тербелісі.
Жүректен қолқаға қатты қысыммен шыққан қанның ықпалынан пайда болған қолқа қабырғасының толқынды тербелісі – пульстік толқындеп аталады. Ол артерия тамырлары бойымен тез тарайды.