Rap? Шалғынбаева Қ.Қ. Албытова Н. П


Пысықтау сұрақтары мен тапсырмапар



Pdf көрінісі
бет14/92
Дата07.10.2024
өлшемі14,38 Mb.
#147024
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92
Байланысты:
педагогика

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмапар
1. Әлемдік тәжірибедегі жогары білім беру тарихына шолу жасаңыз.
2. Батыс елдеріндегі жоғары білім беру тәжірибесінің ерекшеліктерін 
атаңыз.
3. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуын сызба 
түрінде көрсетіңіз.
4. Қазақстандағы жоғары білімнің қалыптасуына еңбек сіңірген 
ғалым-зертгеушілерді және олардың зерттеу бағыттарын атаңыз.
Негізгі әдебиеттер
1. Сайпова А.А. Становление и развитие подготовки научно­
педагогических кадров на кафедре педагогики А ГУ имени А бая. 
Автореф. на соиск. уч. степени канд. пед. наук., Алматы, 2003.
2. Калкеева 
К.Р. 
Теоретико-методологические 
основы 
систематизации 
и 
конструктирования 
содержания 
истории 
педагогики и образования Казахстана. Автореф. на соискание 
ученой степени доктора пед. наук. Караганда, 2010.
В
Қосымша эдебиеттер
1. Эбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы: Дарын, 2002
2. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы: Білім, 2007
3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. А., 1984.
4. Джуринский А.Н. История педагогики. М., 1999.
5. Латы шина Д.И. История педагогики (История образования и 
педагогической мысли). М., 2006.
6. Титов В.А. История педагогики. Конспект лекции. М., 2003.
40


Тақырыбы: ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ МЕН ОНЫҢ АДАМ
ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСШДЕГІ ОРНЫ
Жоспары
1. Қазіргі педагогика адамның рухани, интеллектуалдық жэне 
әлеуметгік қайта қалыптастыру ғылымы ретінде
2. Педагогиканың құрылымы
3. Педагогика мен жогары 
мектеп педагогикасыньщ негізгі
кате гория л ар ы.
4. Педагогикалық гылымдар жүйесі
5. Педагогиканың пэнаралық сипаты
Қазіргі педагогика адамныц рухани, интеллектуалдық жэне
әлеуметтік қайта қалыптастыру гылымы ретінде. 
«Педагогика» 
термин жэне гылымның атауы ретінде өз атауын Ежелгі Грециядан 
алады. «Педагогика» сөзі грек тілінен аударганда «баланы жетектеу» 
(«paida gogos», «paida» - бала, «gogos» - жетектеу) түсінігін береді. 
Ежелгі Грецияда өзінің иесінің (аристократтьщ) баласын мінез- 
құлқын бақылай жэне мүмкін болар қауіптен қоргай отырып 
мектепке апарып жэне алып келетін құлдарды педагог деп атаган. 
Кейіннен арнайы дайындықтан өткен, балаларга білім беру мен 
тәрбиелеумен 
айналысатьш, 
педагогикалық 
іс-эрекетпен 
айналысатын адамдар педагогтар деп аталды. Осыдан келіп 
педагогика тәрбие туралы ерекше гылым болып саналды.
Тарихи тұргыда педагогика балаларды тэрбиелеу туралы гылым 
ретінде қалыптасқан. «Педагогика» термині неміс тілді, франкотілді, 
скандинавиялық және батыс европалық мемлекеттерде қолданыста. 
Агылшын тілді мемлекеттерде ол қолданыста жоқ, аталган 
мемлекеттерде бұл ұгымның орнына «білім беру туралы гылым 
(немесе 
гылымдар)» 
термині 
қолданылады. 
Еуропада, 
Үлыбританияда, АҚШ-та кеңінен тарапган education термині 
(образование дегенді білдіреді) «образ» деген түбірі жоқ, апайда білім 
беру процесіне қатысушылардың өзара әрекетгесуінің барлық 
аспектілерін қамтып, мазмұны бойынша кең ұгым болып табылады.
Кейбір мемлекеттерде «андрогогика» атты гылым саласы болды. 
Андрогогика (гр. andros - ересек адам, agoge - басшылыққа алу, 
тэрбиелеу) - ересектерге білім беру, оқыту, тәрбиелеудің теориялық 
жэне практикалық проблемаларын қамтитын педагогикалық гылым 
саласының аталымы, онда ересектерді оқытудың принциптері ашып
41


қарқың
көрсетіледі жэне дамытылады. ¥ғымды немістің тарихшысы к.капп 
(1833ж.) енгізген. Ересек адам - физиологиялық, психологиялық, 
әлеуметтік, адамгершілік жагынан толысқан, өмірлік тәжірибесі бар, 
экономикалық тәуелсіз, өзінің мінез-құлқын басқара алатын адам. 
Әйтсе де ересек адамга да түлга ретінде үнемі даму қажет. 
Андрогогиканы зерттеуші ғалымдардың бірі - ересектерді оқытуға 
арналған ғылым десе, екіншілері - біпім беру жүйесіндегі 
дамып келе жатқан жаңа бағыт деп түсіндіреді.
Ғылыми айнапымда бүгінде педагогикаға, оның зерттеу пэніне, 
объектісіне берілген анықтамалар да эр түрлі. К.Д.Ушинский 
бойынша: «Педагогика - мақсатқа жетуге бағытгалған, арнайы 
үйымдастырылған білім беру жүйесінде өскелең ұрпақ пен 
ересектерді оқьпу мен тәрбиелеу туралы ғьшым». Кеңеетік 
энциклопедиялық сөздікте: «Педагогика - адамды тәрбиелеу туралы 
гылым; ол тәрбиенің мәнін, мақсатын, міндеттерін, заңдылыктарын 
жэне оның қогам өміріндегі жэне жеке адамның дамуындагы алатын 
орнын анықгайды» делінген. 
Педагогикалық энциклопедияда: 
«Педагогика - тәрбиені, оқытуды, білім беруді зерттейтін теориялық 
жэне қолданбалы ғылымдардың бірлігі», Ресейлік педагогикалық 
энциклопедияда (1999ж.): «Педагогика - білім берудің мэнін, 
заңдылыгын 
ашатын 
гылым 
саласы» 

ретінде 
көпшілікке 
үсынылады.
М.Жүмабаев 
мына 
түргыда 
өз 
ойьш 
түжырымдаган: 
«Пидагогика» - грек елінің сөзі: бис — бапа, агогі — жетектеу деген 
сөзден қүралган. Баягы Грецияда балаларды багып, мактабқа апып 
келіп жүретін кэрі қүлдар пидагог деп аталган. Пидагог деген аттың 
бұрын мактаулы болмаганы осыдан көрінеді. Бірақ соңгы заманда 
фэн, гылым өсіп, адамзат өнерленген сайын, пидагог деген ат қадірлі, 
қасиетті болып барады».
Ю.К.Бабанский «Педагогика» (1983ж.) атты оқулыгында: 
«Педагогика - тэрбие туралы гылым, өйткені оның пэні «қогамның 
ерекше функциясы — тэрбие болып табылады» - десе, Г.М.Афонина, 
И.П.Подласый: «Педагогика — адамды тәрбиелеу туралы гылым»,
В.П.Беспалько (1995ж.): «Педагогика — өскелең ұрпакты тэрбиелеудің 
жетілген жолдары мен эдістері бойынша адамзаттың қүнды 
тәжірибесі жинақталган гылымдардың бірі» - деген. Л.М.Мардахаев: 
«Педагогика — адамды оқьпу мен тәрбиелеудің мәні, заңдылықтары, 
принциптері, эдістері жэне формалары туралы гылым» - десе, 
И.И.Прокопьев, Н.В.Михалкович: «Педагогика - білім беру жэне
42


жеке 
тұлганы 
дамыту 
мен 
қалыптастьфудағы 
тэрбиелеу 
практикасындағы шеберлік туралы гылым» - деп шеберлікке назар 
аударса, Козлова С.А., Куликова ТА.: «Педагогика - а) практикалық 
іс-эрекеттің аймагы, онер, қолөнер; б) ғылыми білімнің аймагы, 
гылым», Е.С.Рапацевич: «Педагогика — гылым жэне адамды тану 
саласы, ягни, нақты педагогикалық жүйе контексінде дамуында 
дербес-жас ерекшеліктерді ескере отырып мәліметті тасымалдау- 
қабылдау жэне жалпымәдени құндылықтарға икемдеу тәсілдері мен 
жолдары туралы гуманитарлық гылым саласы», Н.В .Бордовская,
A.А.Реан, 
С.И.Розум: 
«Педагогика 
-
ұйымдастырылган 
педагогикалық жүйе жагдайында субъектілердің дамуын қамтамасыз 
ететін педагогикалық процесс туралы гылым», И.Ф.Харламов: 
Педагогика — теориялық гылым жэне педагогикалық іс-эрекет, өнер»,
B.И.Андреев: «Педагогика — адамды тэрбиелеу, білім беру, оқыту, 
әлеуметтендіру жэне өздігінен шыгармашылыгын дамыту туралы заң 
мен * заңдылықтар туралы гылым» - деп педагогиканың негізгі 
категориялары педагогикалық процесс, педагогикалық іс-эрекет, 
тэрбиелеу, білім беру, оқыту, элеумегтендіру мәселелеріне басты 
назар аударган.
Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдияровалар: «Педагогика — тэрбие 
теориясы мен эдістемесін нақтылай отырып, жеке адам дамуының 
астарлы, тереңде жатқан тетіктерін жэне оның дайындыгына қогам 
тарапынан қойылган талаптар мен әлеуметтік сапаларга орай арнайы 
ұйымдастырылган қалыптасу процесін зерттейді» - деп гылым 
туралы ой-тұжырым жасаган.
Олай болса, педагогика — өзіндік нысаны мен зерттеу пэніне ие 
дербес білім саласы ретінде қарастырылатын, ол педагогикалық 
тәжірибенің әсерінен дамитын, өзінің теориясы мен методологиясын 
қалыптастырган (эдіснамалық деңгейлерді) жэне өзіне тэн эдістерді 
қолданатын, негізгі категориясы тэрбие, білім беру, оқыту болып 
табылатын гылым. Ол адамзаттың жинақтаган тэжірибесін ұрпақтан- 
ұрпаққа тасымалдаушы мақсатты процесс пен өскелец ұрпақты 
омірге, іс-эрекетке даярлаушы гылым. Педагогика қогамның 
тэрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым.
Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой 
үсынган А.С.Макаренко. Педагогтың пікірі: көпшілік педагогика 
нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика 
зерттеулерінің объектісі — бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». 
Дегенмен, бала да, адам да зерттеуші назарынынан тыс қалмайды.
43


Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардьщ бірі 
болғандықтан, 
педагогика аталған объекгтердің тұлгалық дамуы мен қалыптасуына 
мақсатты багдарланган саналы іс-әрекеттер аймағын зерттейді. 
Осыдан, педагогика өз нысаны ретіиде тек өкілі (индивид) не оның 
психикасын қарастырмай (бұлар психология гылымының обьектісі), 
оның дамуына байланысты педагогикапық-тәрбие құбылыстар 
жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп 
қогамның мақсатты багдарланган іс-әрекеттері процесінде дара адам 
дамуына себепкер болтан құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар 
педагогика 
гылымында 
білім 
беру 
(образование) 
атауымен 
белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін 
танытады.
Педагогиканың зерттейтін объектісі — бала, адам, жеке тұлға. 
Бала гылыми танымдылықтағы біртұтас объект. Сол біртұтас 
объектіні, б аланы зерттейтін гылым — педагогика. Педагогика 
объектісі — педагогикалық іс-әрекет. Педагогиканың объектісі — 
саналы да мақсатты түрде жүзеге асырылатьга процесс ретінде — 
тәрбие.
Педагогика пэні негізінен «тәрбие» категориясының көмегімен 
анықталады. Бүгінде нақты педагогиканың пэні анықталмаганымен 
көпшілік зерттеушілер оны адамзат жеке тұлгасының қапыптасу мен 
даму мэнін зерттеу жэне осы негізде арнайы ұйымдастырылган 
педагогикалық процесс ретінде тәрбие теориясы мен эдістемесін 
жасау деп түсіндіреді.
Б.Т:Лихачев бойынша: «Педагогика пэні — нақты-тарихи тэрбие 
процесінің объективті заңдары». Педагогика пэні — индивидтің өткен 
ұрпақтардың элеуметтік тэжірибені меңгеруі, оқу жэне окудан тыс 
уақыт бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табьшады. 
Педагогика пэні - адамдарга білім беру заңдылықгары, принциптері, 
формасы мен әдістері.
Педагогика гылымының пэні — бала (адам), соның тәрбиесі, 
оқуы, үйренуі, дамуы, қалыптасуы. Педагогика пэні нақгы тарихи 
тәрбие процесін оныц объективтік заңдылықтарына, элеуметтік 
қатынасына, өмірдегі қогамдық тэрбие тэжірибесіне сүйене отырып, 
болашақ жас ұрпақтың даму, қалыптасуын зерттеу.
Педагогиканың зерттеу пәні — тэрбие, білім беру, оқьггу, 
әлеуметтендіру және адамның шыгармашылық өзін-өзі дамыту 
туралы тұтастай жүйе. Педагогиканыц пэні - арнайы әлеуметтік 
мекемелерде (институтгарда): отбасы, білім беру және мәдени-тәрбие
44


орындарында - мақсатты-бағдарлы ұйымдастырылған шынайы 
біртұтас процесс ретіңде көрінетін жүйеленген білім саласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет