ҚҰРАСТЫРҒАНШЫҒЫСҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, АБАЙАУДАНЫ,АРХАТАУЫЛЫ, «С.БЕКБОСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАМЕКТЕБІ» КММ БИОЛОИЯ ПӘНІНІҢМҰҒАЛІМІ НЫҒЫМЕТЖАНОВАГҮЛЖАН ҚЫМБАТҚЫЗЫ, ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ,ТРЕНЕР.
9-СЫНЫПТЫҢ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
(ЖАҢАРТЫЛҒАНБАҒДАРЛАМАБОЙЫНШАҚҰРАСТЫРЫЛҒАН)
Көмекші құрал
Оқу-әдістемелік құрал биология пәні мұғалімдеріне арналған.
КІРІСПЕ
Қазіргі еліміздегі білім беру жүйесінің басты мақсаты-бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, білімді де, білікті жеке тұлға дайындау. Ал ол өз кезегінде білім жүйесінде түбегейлі өзгерісті талап етеді. Осыған орай қазіргі күні мектептерде жаңартылған білім мазмұны бойынша білім берілуде. Кез келген мемлекеттің мәдениетті даму деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден- бір көрсеткіш –білім берудің-жүйелілігі мен сапасы. Сондықтан ұстаздар қауымы үшін жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілетін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына-өз-өзін дамытуға
жағдай жасау міндеті тұр. Осыған байланысты әр ұстаз сапалы білім мен саналы тәрбие берудің түрлі жолдарын іздестіруі қажет. Биология сабақтарында түрлі тапсырмалар, қызықты мәліметтер және ойын элементтерін жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау,
жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Түрлі тапсырмалар, қызықты мәліметтер және ойын элементтері оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Тапсырмалар оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде және шығармашылық қабілетін оятатын қызықты мәліметтерге толы болғанда ғана дұрыс нәтижелер береді. Құралдағы әдістемелік материалдар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік құрал пән мұғалімдері үшін сабақ барысында пайдаланатын таптырмас көмекші құрал болады деп сенемін. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда тақырыптан тыс тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Түрлі тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Шығармашылық тапсырмалар балалардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді.