Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет44/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128
Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Оқушылар сызықтық перспектива заңын білу арқылы кеңістікті дұрыс қабылдап, композиция жасайды. Күнтізбе жасап, сыныпты безендіруге,
бөлмені әшекейлеуге, достарына сыйлық әзірлеуге болады. Алған білімдері оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, ал біліктері жаңа шығармашылық
жұмыстар жасауға мүмкіндік береді.




Материалды түсіндіру

Бұл тақырыптың алғашқы бөлігі сызықтық перспектива құбылысын меңгеруге арналады. Бұған баса назар аудару керек, өйткені алда оқушылар пейзаж салады, егер бұған дейін пейзаждарды
сызықтық перспективаны ескермей салса, енді онымен жақын танысу керек. Бұл оқушыларға жұмыстарын жетілдіріп, натурамен жұмыс істеу
үшін алғашқы қадам болмақ. Оқушылар заттардың алыстаған сайын көлемі өзгеретініне көздері жетуі керек, ол үшін оқулық бойынша бірігіп тәжірибе жүргізіп көреді. Одан соң заттардың алыстаған сайын өзгеріске ұшырайтынын тақтада сызба тү- рінде көрсетеді. Одан әрі оқушылармен бірге суретшілердің бірнеше пейзаж жұмысын талдап, олардың түс үйлесіміне назар аударады. Суретші түс арқылы жыл мезгілдері мен пейзаждың көңіл күйін қалай беретініне көңіл қояды. Композицияға қандай пішім таңдайтынын, сондай-ақ пейзажда сызықтық перспективаны қалай бергеніне көңіл
бөледі.

Оқулық.
Сызықтық перспектива анық көрінетін жыл мез- гілдері бейнеленген пейзаждар.

Әдемі пейзаж су- реттері бар қабыр- ғаға ілетін күнтіз- белер.




http://www.biblioteka r.ru/k108- Limburg/index.htm

№1, 2 қосымшадағы материалдар.



Өздік жұмысты орындау

Оқушылар сызықтық перспектива ережелерін анықтағаннан кейін, №1 жұмыс дәптерінің 22–25- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды. Содан
кейін ғана пейзаж салуға кірісуге болады. Алдымен оқушыларды топтарға бөледі, олар жыл
мезгілдеріне сәйкес қандай пейзаждарды
бейнелейтіндерін шешіп алады (жеребе тастауға болады), әр топта қыс, көктем, жаз бен күзге арналған үш сурет болғаны дұрыс. Одан әрі пейзаждың пішімі мен өлшемін, ортақ күнтізбені қалай әшекейлейтіндерін анықтайды, пішімдері бірдей болуын қадағалау керек. Жұмыстарды
әртүрлі тәсілмен орындаған жөн, алайда сызықтық перспектива міндетті түрде болуы керек.

№ 1 жұмыс дәптері, 22–25-беттер, түсті қарындаштар мен
фломастерлер.

Жұқа түрлі түсті қатырма қағаз, са- лынған не суретке түсірілген пейзаж суреттері, қайшы, қылқалам, желім. Қағазға шығарыл- ған айлардың күн-


тізбесі.







Жұмыстың екінші бөлігі күнтізбе жасауға арналады. Оқушылар топтарға бөлініп, олар күнтізбеге ілетін пейзаждарды таңдайды. Егер олардың саны 12-ден асса, оларды жыл
мезгілдеріне сәйкес бөліп, ең жақсыларын таңдап алады. Оқушылар әкелген пейзаж фотосуреттерін де пайдалануға болады. Жұқа қатырма қағаз парағын қиып, оларға суреттерді белгілі бір мезгіл- дің күнтізбесіне орын қалдырып орналастыру керек. Суреттер мен күнтізбені ұқыптап
желімдейді. Күнтізбені айларына қарап жинайды (тескішпен тесіп, таспа не жіппен байлайды).
Мұғалім жеке-дара кеңес береді, жасаған жұмыстарын түзетіп, көмектеседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет