Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны да қолданады.
Мұғалім өздік жұмыстың
басында оқушылардың есіне қауіпсіздік ережесін салады.
Сіз оқушыларға қолдау көрсету үшін не істейсіз?
Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат
нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!
Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға
белсене қатыстың! және т.б.
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау:
оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;
туындылардың репродукцияларын суреттеуі;
жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;
жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана
бағалаңыз).
Құндылықтармен байланысСуретшілердің туындылары көрсетіледі. Табиғат пен туған өлкеге сүйіспеншіліктері мен эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында №2 қосымшадағы материалдар мен тақпақтар пайдаланылады.
Ойлану. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен
бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.