Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет24/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қ Р-нің «Білім туралы Заңы». Алматы., 2007.  
2.  М.Нәрікбаев.  Ұлт  мәселесінде  шамадан  тыс  ұызығушылықтан  гөрі,  байыпты  қадамнан 
ұтарымыз көп // Егемен Қазақстан, 2009, 30 желтоқсан 
3. Ә.Нысанбаев  Бірлік бар жерде тірлік бар// Егемен Қазақстан,  2010, 13 қаңтар.   
4. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.-Алматы, Каз.энц., 2001. 
5.Н.Ә.Назарбаев.  Жаңа  әлемдегі    Жаңа  Қазақстан  «Қазақстан-2030»  стратегиясы  Қазақстан 
дамуының  жаңа  кезеңінде.  Қазақстан  Республикасы    Президентінің    Қазақстан  халқына 
жолдауы.  2007 жылы 28 ақпан. – Алматы, 2007, -72 б. 
6.  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  берудің  2006-2008  
жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы» // 2007. 
7.  Жанабаева  Р.А.  Қазақ  халық  педагогикасындағы  патриоттық  ерлік  тәрбиесінің  ғылыми 
негіздері.  13.00.01.-  Жалпы  педагогика,  педагогика  және  білім  тарихы,  Этнопедагогика. 
Пед.ғыл.док.дисс. – Алматы., 2004. 290 б. 
 
 
Алпиева А.Т., Буханова Д.У. 
№47 КММ жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы 
 
ТАРИХ ТАРЛАНЫ - МАНАШ ҚАБАШҰЛЫ ҚОЗЫБАЕВ 
 
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  тарих  тарланы,  үлкен  бір  ғылым  саласының 
көшбасшысы, көсем сөздің шебері, зор парасат иесі. Манаш Қабашұлы Қозыбаев 1931 жылы 
16  қарашада  қазіргі  Қостанай  облысы  Меңдіқара  ауданының  Тазкөл  ауылында  дүниеге 
келген. 
1947 жылы Меңдіқара педагогика училищесін, 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ 
мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітірді. 
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  –  тарих  ғылымдарының  докторы  /1969/,  профессор 
/1970/,  Қазақстан  Республикасы  ғылымына  еңбегі  сіңген  қайраткер  /1986/,  Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі  /1989/,  Қазақ  КСР  Жоғары 
Кеңесінің халық депутаты /1991-1993/, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты /1995/, 
ҚР  Президентінің  «Бейбітшілік  және  рухани  келісім»  сыйлығының  лауреаты  /1997/, 
Қостанай қаласының құрметті азаматы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің, 
Шәкәрім  атындағы  Семей  университетінің,  Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда 
университетінің,  Қарағанды  медицина  академиясының,  «КазГор»  академиясының, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрметті профессоры. 
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  сегіз  жүзден  астам  ғылыми  еңбектердің,  соның  ішінде 
отыз  монографияның,  елуден  астам  ұжымдық  еңбектердің,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарының авторы. 
Ұстаз-ғалым  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаевтың  жетекшілігімен  тоқсанға  жуық 
ізденушілер  кандидаттық  және  докторлық  диссертациялар  қорғады.Тарихшы-ғалым 
мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің орнығуына, 

181 
 
Қазақстан  Республикасының  этнотерриториялық  тұтастығының  нығаюына  үнемі  назар 
аударған. 
Академик  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  2002  жылы  қайтыс  болды.  Ұлы  ғалымның 
есімін  мәңгілік  сақтауға  байланысты  30  мамыр  2003  жылдан  ҚР  Үкіметінің  қаулысы 
бойынша  Солтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университетіне  академик  Манаш  Қабашұлы 
Қозыбаевтың аты берілген. 
Тәуелсіз  Қазақстанның   Отан  тарих  майданының  туын  ұстаушы  ғалымдардың  бірі, 
академик  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  еңбектеріндегі  өзекті  мәселелердің  бірі  –  өркениет. 
«Өркениет және ұлт» атты еңбегінде: «Ұлт болмысы, ұлт намысы, ұлт тілі, ұлттық мәдениет, 
ұлттық  рух»  сияқты  мәселелерді  көтерген. Зерттеулерінде  көне  заманнан  бастап 
Қазақстанның  тәуелсіздігі  жолындағы  тарихы  толықтай  қамтылады.  Аталған  тарихи 
еңбектерінде ғалым қазақ тарихының көмескі тартқан тұстарын ашып, оның маңыздылығын 
айқындайды. Осы еңбектер ғалымның ұлттық тарихқа түбегейлі бет бұрғандығын көрсетеді. 
Ғалым ұлт тарихының мәселелерін көтергенде тарихи сананы қалыптастыру қажеттігін және 
қазақ  халқының  тарихын  жазу  барысында  «ақтаңдақтар»  аталынған  мәселелерді  көтеруді 
ұсынады. Қазақстанның  тәуелсіз  ел  болуы,  ұлт  мәселесі  ғалымның  еңбектерінің  басты 
тақырыбы  деуге  болады.  1991–2002  жылдарда  мерзімді  басылым  беттеріне  Манаш 
Қабашұлы  Қозыбаевтың  тәуелсіздік,  ұлт  тақырыбына  арналған  көптеген  мақалалары 
жарияланды.  Атап  айтқанда  «Тәуелсіздік  толғаныстары»,  «Тіл  тағдыры  –  ұлт  тағдыры», 
«Киелі тәуелсіздік», «Тәуелсіздік даңғылы», «Ана тілім – айбарым», «Тәуелсіздіктің рухани 
көрінісі», «Отан туралы сөз», «Қандай елміз – қандай болуға тиіспіз», «Тәуелсіздік самалы», 
«Ұлт  болмысы»,  «Ұлт  намысы»,  «Ұлт  тілі»,  «Ұлттық  мәдениет»,  «Ұлтжандылық»,  «Ұлт 
зиялылары»  және  тағы  басқа  мақалалары  жарық  көріп,  Қазақстанның  тәуелсіздікке  жету 
жолдары мен оның тарихи маңызы, халқымыздың ұлтжандылық қасиеттері айқындалды. 
Манаш Қабашұлы Қозыбаев «Тарих зердесі» атты еңбегінде  «Тәуелсіздік» ұғымының 
саяси,  экономикалық  және  рухани  болып  бөлінетіндігін,  саяси  тәуелсіздіктің  мәні  зор 
екендігін, сондықтан халыққа ең бірінші саяси тәуелсіздік қажеттігін атап өтеді. Тәуелсіз ел 
болуы  үшін  ұлттық  қасиеттерді  қадірлеу,  дәріптеу,  ұлттық  тілді  құрметтеу  ең  басты  жолда 
тұру  керектігін  баса  айтады.  Ұлттық  тілдің  мемлекеттілік  дәрежесін  көтеруде  қазақ  тілінің 
мемлекеттік статусын іске асырушылар мен билік жүйесінің ара қатынасын бірізділікке салу 
қажеттігін көрсетеді. Тіл саласындағы басты кемшіліктерді атап өтеді. Ана тілімізде сөйлеуді 
намыс  көрген,  тілін  білгісі  келмегені  үшін,  балаларын  ана  тілі  мектебіне  бермей,  қазақ 
ұлтының  атын  жамылған,  «жаңа  қазақ»  атанғандардың  қылықтарына  қынжылады.  Тәуелсіз 
еліміздің тұғыры биік болуы үшін ұлт перзенті болу қажеттігіне меңзейді. Тәуелсіздік алған 
заманда ұлтжандылық халықта бірнеше түрде байқалатынын көрсетеді. 
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  ұлтаралық  қатынастар  мен  интернационализм 
проблемаларын  қарастырып,  В.  И.  Ленин  бастаған  большевиктер  ұлт  программасының 
жүзеге  не  себепті  аспағандығын:  «Патшалық  Ресей  езілген  ұлттардың  түрмесі 
болатын…Оның  бірнеше  себептері  бар.  Біріншіден,  ұлт  мәселесі–жан–жүйеге  байланысты 
нәзік мәселе. Ал большевиктер оны шешуде диктатураға, күшке, білекке сүйенді. Екіншіден, 
ұлы  державалық  биліктен  бас  тарту  сөз  жүзінде  ғана  болды,  іс  жүзінде  халықтар  бір 
орталыққа  қарады,  орталық  империяның,  саясаттың  тірегіне  айналды.  Үшіншіден,  ұлт 
мәселесін шешу үшін экономикалық тәуелсіздік керек еді. Ал ұлт аймақтары баяғы қалпында 
шикізат  қоры  болып  қала  берді.  Төртіншіден,  ұлт  мәселесін  шешу  үшін  отаршылдық 
идеологиядан, көзқарастан арылу керек еді.  
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  өскелең  ұрпаққа  өсиет  ретінде  «Болашақ  ұрпағың 
анасының  құрсағында  жатып,  гүмбірлеген  ана  тілін  естіп  жетілсін!  Тәуелсіздіктің  көгілдір 
туы  ұлтжанды,  ұлтқанды  ұрпағыңнан  ұрпағыңа  өтілсін!»  —  дейді.Ұлт  ұстазы  Ахмет 
Байтұрсынұлы:  «Тілі  жоғалған  жұрттың  өзі  де  жоғалады»,  –  деген.  Ал,  адамзат  тарихында 
көптеген  өркениетті  елдердің  құрып  кетуі  алдымен  тілді  жоғалтудан  басталғаны  белгілі. 
Қазіргі  таңда,  шыны  керек,  қазақпыз  деп  жүргендердің  көбісі  ана  тілімізге  шорқақ  екені, 
ауызекі  сөзді  қойыртпақтап  немесе  орыс  тілін  қосып  сөйлейтіні,  қолына  қалам  ұстаса,  өз 

182 
 
ойын  дұрыстап  қағазға  түсіре  алмайтыны  белгілі.  Демек,  ұлттың  ұлт  болып  сақталып 
қалуына ана тілдің әсері зор. Ұлы Мұхтар Әуезов: « Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп 
еді, онысы ұрпақ бойына туған  тілді қасиетті бесік жырымен дарытуды меңзегені  емес пе? 
Тіпті Отаны жоқ сығандар өз тілдерінде сөйлейді. Ал біз егеменді, тәуелсіз Отанымыз бола 
тұра,  өз  тілімізді  барынша  ардақтай  алмаймыз.  Бұл  қазақ  халқы  үшін  үлкен  сын  деп 
ойлаймын.  Бесіктен  шығып,  есіктен  аттаған  баланың  тәрбиелі  болмағы  отбасына 
байланысты. Қоғамда  әдеп  —  инабат  өлшемдерінің  терең  тамырланып,  кең  жайылуында 
тәрбиенің маңызы айқындалып тұр. 
Манаш Қабашұлы Қозыбаев еңбектері «ұлтжандылық» пен «ұлтшылдық» ұғымдарын 
шатастырмау  қажеттігін  ескертеді.  Ғалымның  ойынша,  әр  халық  ұлтын  өзінше  сүйеді.  Ұлт 
тұлғаларын  танытуда  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  ерен  еңбектерінен  көруге  болады. 
Ғалымның жазған еңбектерін саралай отырып, оның ұлы тұлғаларды танытуда орта ғасырдан 
бастап  өмір  сүрген  қайраткерлерден  бастап,  тәуелсіз  Қазақстанның  іргесін  көтеруге  ат 
салысқан  қоғам  қайраткерлері  мен  ғалым,  мәдениет  қайраткерлерінің  бейнелерін  жасап, 
тарихтағы  орнын  анықтап,  тұғырына  ат  салысқандығын  аңғарамыз.  Тұлғаны  танып  білуде 
ғұмырнамаға  сүйенуі  қажеттігін  көрсетті.  Тарихи  тұлғаларды  танып  білуде  Манаш 
Қабашұлы Қозыбаев орта ғасырдағы ел билеушісі Ақсақ Темірден (Әмір  Темірден) бастап, 
соңғы  ғұмырнама  жазушылардың  жазғандарын  салыстыра  талдау  арқылы  көрсетуге 
тырысады. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлғалық ерекшелігін, Жалаңтөс батырдың 
тарихи  бейнесін,  Қожаберген  дипломат,  замана  саясаткерлігін,  Абылайдың  саясат 
жолындағы  ұстанған  көзқарасын,  Бұқардың  даналығын,  ақындық,  жыраулығын,  қазақ 
халқының  бірлігін,  тұтастығын  көксеген  Хан  Кененің  тұлғасын,  Абай  бейнесі  мен 
ұлылығын, ХХ ғасыр басында қазақ зиялылар қалыптасқан ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов, А. 
Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Ж.  Ақбаев,  Х.  Досмұхамедов  сынды  азаматтар  мен  кеңестік 
жүйеде өздерінің қоғамдық-саяси қызметімен ерекшеленген Қ. И. Сәтпаев, Ә. Х. Марғұлан 
мен Е. Б. Бекмаханов, І. Омарұлы,  Ж. Шаяхметов тұлғасын барша қазаққа танылу қажеттігін                      
М.  Қозыбаев  басты  парыз  санады.  М.  Ғабдулиннің  бойындағы  батылдық,  Нұртас 
Оңдасыновтың  іскерлік  қасиеттері  мен  ғылым  саласында  ғылыми  еңбектерімен  танымал 
болған  Ақай  Нүсіпбеков,  Салық  Зиманов,  Өмірзақ  Сұлтанғазин,  Кеңес  Нүрпейіс,  Таутан 
Амандосов,  Сұлтан  Сартаев,  Оразай  Батырбеков  сияқты  ғалымдардың  ғалымдық, 
қайраткерлік қасиеттерін бағалайды. 
Манаш  Қозыбаев  «Тарих  зердесі»  атты  еңбегінде:  Халықтың  ұлттық  санасын  оята 
түсу,  ұлтжандылықты  дамыту,  социализм  дәуірінің  бір  сәтіндегі  рухани  өмірге  деген 
«қалдық»  принциптерден  үзілді  –  кесілді  бас  тарту,  қазақ  халқының  тілін  мемлекеттік 
дәрежеге  сөз  жүзінде  емес,  іс  жүзінде  көтеру,  парасаттылықты,  имандылықты  насихаттау, 
бірақ  діни  дүмшелікке  халықты  ұрындырмау,  жаңалыққа  бастау,  қоғам  дамуының  үлкен 
белесіне қайта оралу жоқтығын есте сақтау; жақсыдан үйрену, адам баласының арасындағы 
ізгі қатынасты тек тиын – тебен арқылы мөлшерлейтін, азғындықты, сатқындықты, тек қана 
өлтіру, ату – сату, күшті, қаруды, зорлық – зомбылықты культқа айналдырған капитализмнен 
жиіркену;  қазақ  халқының  қанына  сіңген  мейірмандық,  бауырмалдық,  ұлтаралық  татулық, 
қонақжайлық, өнерсүйгіштік сияқты ата – баба мұрасынан айырылып қалмауға шақырады.  
Манаш Қабашұлы Қозыбаев көтерген өзекті мәселесі болып саналады және ол бүгінгі 
күнде өз шешімін іздестіруде. Манаш Қабашұлы Қозыбаев «Қазақ халқы – өр халық, білімді 
халық. Ұлт намысына мінсең, сен алмайтын қамал жоқ. Ұлт өзінің ұлттық намысына мінбесе 
–  ол  тобыр.  Намысы  бар  қазақ  –  ұлт.  Намысы  жоқ  қазақ  ыға  береді,  бар  пәле  оған  жұға 
береді.  Ұлт  болашағын  ойламағанның  үміті  үзіледі»,-  деп  «Өркениет  және  ұлт»  еңбегінде 
айтқандай, ұлттық намысымызды қор қылмай, өркениетімізді асқақтата берейік. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Қозыбаев М. «Өркениет және ұлт» Алматы, 2001 жыл – 369 бет. 
2.
 
Қозыбаев М. «Тарих зердесі» Алматы, 1998 жыл – 344 бет. 
3.
 
Қозыбаев М. «Ақтаңдақтар ақиқаты» Алматы, 1992 жыл – 272 бет. 

183 
 
4.
 
История и современность. Алма-Ата, 1991. 
5.
 
Актандактар акикаты: Оку куралы. Алматы, 1992. 
6.
 
Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1994. 
 
ӘОЖ 63.3                                   
Бакауова Г.Б. 
PhDдокторант, аға оқытушы,  Абай атындағы ҚазҰПУ  
 
МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНІҢ ОҚЫТЫЛУ ЖАЙЫ 
       
Тәуелсіздік алғанннан бергі еліміздегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа 
стратегиялық  бағдарлар,  қоғамның  ашықтығы  мен  ақпараттануы  мектепте  білім  беруге 
қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. 
Кеңес  дәуірінде  республика  мектептерінде    ұзақ  жылдар  бойы  Кеңес  социалистік  
республикалар одағы  тарихы (КСРО тарихы), ерте дүние және орта ғасырлар, жаңа, қазіргі 
заман  тарихы  пәндері  оқытылды.  Аталған  пәндер  бойынша  негізінен  аударма  оқулықтар 
болды.  Тек  1958-1959  оқу  жылынан  бастап  Қазақ  КСР  тарихы  КСРО  тарихы  курсының 
құрамдас  бөлігі  ретінде  республикамыздың  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  оқытыла  
бастады.  Қазақ  КСР  тарихының  бағдараламалары  бойынша  3  оқулық  дайындалып,  олар 
заман  талабына  сай    өңделіп,  толықтырылып  отырылды.  5  және  7-10  сыныптарға  арналған 
Қазақ  КСР  тарихына  арналған  оқулықтар  1990  жылдарға    дейін    мектептерде  оқытылды, 
оқушыларға білім беруде  оларды елжандылыққа  тәрбиелеуде өзіндік рөл атқарды.  
1989-1990 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін  мектептерде  және жоғары  оқу  
орындарында  Қазақстан  тарихы  дербес  пән  ретінде  оқытыла  бастады.  Сондықтан  бүгінгі 
мектептерде Отан тарихы алғаш рет сонау көне заманнан бүгінге дейін жүйелі түрде толық 
оқытылады.  Әр  сыныптарда  Қазақстан  тарихы  курсынан  олардың  әрбір  дәуірлеріне  сай 
нақты жүйесі жасалынды.  
Тәуелсіз  елімізде  1992-1997  жылдары  (5-11  сыныптар)  және  2000-2001  оқу 
жылынан бастап, тұңғыш тұжырымдама, тарих пәнінің жаңа бағдарламасына сәйкес Дүние 
жүзі тарихы мен Қазақстан тарихының 5-11 сыныптарға арналған  жаңа оқулықтары жарық 
көрді.      2001-2002  оқу  жылынан  бастап  жаңа  бағдарлама  мен  жаңа  буын  оқулықтары 
республиканың жалпы білім беретін мектептерінде оқытылады.  
Онда  оқытудың  жаңа  технологиясын  қамтамасыз  етуге  септігін  тигізетін  бүгінгі 
күннің  талабына  сай,  сапалы  мектеп  оқулықтарының  қажеттілігі  талап  етілді.  Білім  беру  
саласындағы    реформалау    ісі  ең  алдымен  мектеп  оқулығына  деген  жаңаша  көзқарасты 
байқатты.  Өйткені,  оқулық  білім  көзі,  яғни  қоғамымыздың  дамуының,  мемлекетіміздің 
жетілуінің  кепілі  болып  табылады.  Сондықтан,  да  елімізде  жарық  көрген  жаңа  буын 
оқулықтарының  мәні  ерекше,  орны  жоғары.  Тарих  пәнін  оқытудағы  елеулі  өзгерістерге 
байланысты  «Қазақстан  Республикасының    жалпы    білім  беретін  мектептерінде  Қазақстан 
тарихын» оқыту  тұжырымдамасы»  және  «Жалпы  білім беретін  мектептерде  дүние жүзі 
тарихын  оқыту    тұжырымдамасы»    жасалды.  Осының  нәтижесінде  жаңа  бағдарлама,  жаңа 
буын оқулықтары дайындалды.  
Бұл  тарихи  білім  беру  саласын  реформалаудағы  үлкен  жетістік.  Бұл 
оқулықтарды 
салыстырмалы 
түрде 
талдау 
нәтижесі 
олардың 
ортақ 
проблемалары, жетістіктері мен кемшіліктерін, өзіндік  ерекшеліктерін көрсетеді. 
2000/2001  оқу  жылынан  республикамыздың    мектептерінде  жаңа  буын  Қазақстан 
тарихы мен дүние жүзі тарихы тарихы төл оқулықтары оқытыла бастады. Қазақстан тарихы 
оқулықтарының  айырмашылығы:  аталмыш  оқулықтардың  білім  стандарты  мен  оқу 
бағдарламаларында  белгіленген  жалпы  орта  білім  мақсаттарына  мазмұны  мен 
құрылымының сәйкестігі; ондағы көкейкесті  түрлі пікір  тудыратын  мәселелерге  жаңаша 
көзқарас  тұрғысынан  баға  берілген;  мазмұнының  жаңа  тарихи  фактілер,  оқиғалар, 
құбылыстармен кеңейтілуі; әдістемелік аппаратының едәуір деңгейде жетілдірілуі.      

184 
 
Сонымен қатар, оқулық мәтінін, сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін түрлі деңгейде 
баяндау,  түрлі  көзқарастағы  дерек  көздерін    оқушылардың    өзіндік  жұмыстарын 
ұйымдастыру  үшін  пайдалану,    т.б.  оқулықты  жетілдіруді  қажет  етеді.  Біздің 
ойымызша,  қазір  пайдаланып  жүрген  оқулықтарға  тән  ортақтық  оларда  Қазақстан 
тарихының өзекті мәселелерінің жаңа  айқындамалар тұрғысынан баяндалуы және оларды 
дайындауда  тарихшы-ғалымдардың,  әдіскерлердің  және  мұғалімдердің  қазіргі  жалпы 
білім  беретін  мектепті  қайта  түрлендіре  түсу  мақсатында  оқулықтың  теориялық-
әдістемелік деңгейін көтеруде үлкен де жауапты жұмысқа белсене қатысуы.  
 5-11сыныпқа  арналған  Қазақстан  тарихы  пәнінің  жаңа  мазмұны  мен  құрылымына 
қысқаша шолу жасайық. 
 5-сыныпқа  арналған  «Қазақстан  тарихынан  әңгімелер»  курсының    мазмұнын  оқып-
үйренуге бағдарлама бойынша 34 сағат бөлінген (1). 
 5-сыныпқа  арналған  Қазақстан  тарихынан  әңгімелер  курсының  мазмұны  төрт 
бөлімнен, қорытып-қайталауға және өлке тарихын оқып-үйренуге сағат берілген. 
«Қазақстан  тарихынан  әңгімелер»  деп  аталатын    5  сыныпта  Қазақстан  тарихының 
сонау    көне  заманнан  бүгінгі  күнге  дейінгі  тарихы  қамтылады.  Ел  тарихында  болған  аса 
маңызды  оқиғалар  мен  құбылыстар  хронологиялық  реттілігімен  баяндалады,  жай  баяндау, 
әңгімелеу түрінде суреттеу арқылы ашылып көрсетіледі. 
 Бұл  курста,  әсіресе  «отан,  туған  өлке,  Қазақстан–менің  Отаным,  халықтар 
арасындағы  татулық  пен  түсінушілік,  адамгершілік  т.б.»  ұғымдар  мен  түсініктерді 
қалыптастыруға  мән  берілген.    Курс  мазмұны  бастауыш  білім  беру  сатыларында  «Дүние 
тану»,    «Ана  тілі»,  «Қоршаған  орта»  пәндерінен  алған  білімдерін  пайдаланып,  тарих 
сабағында оқушылардың білімдерін одан әрі тереңдете түсуге жағдай жасалған. 
    ,,Тарихқа  саяхат’’  деп  аталатын  бөлімде  сақ  тайпаларының  өмір-тіршілігі,  Түрік 
қағандығының  құрылуы,  қағандар,  ұлы  ойшыл-  ғалым  Әл-Фараби,  орта  ғасырлық 
қалалардың  пайда  болуы,  өркендеуі,  құлдырауы,  Отырар  батыр  қала,  қазақ  халқының 
қалыптасуы, қазақ хандығының құрылуы, қазақ хандары, Әбілқайыр, Абылай, батырлар мен 
билер,  тәуелсіздік  жолындағы  күрестер,  қазақ  ағартушылары  Шоқан,  Ыбырай,  Абайдың 
өмірі мен қызметі туралы оқушылар білімдері тереңдей түсуге назар аударылған. 
,,20  ғасырдағы  Қазақстан’’  атты    төртінші    бөлімде  Кеңес  өкіметінің  орнауы, 
Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында,  соғыстан  кейінгі  кезең,  мәдениеті  мен 
ғылымының дамуы, Тәуелсіз Қазақстан, ел конситутциясы, мемлекеттік рәміздері, Қазақстан 
және дүние жүзі, ондағы орны туралы мәселелер оқушылар жасына сай, жеткілікті ғылыми 
дәрежеде толық, әрі терең түсіндірілуі қарастырылған. 
6  сынып  ,,Қазақстан  тарихы”  деп  аталады.  Бұл  курсты  оқып-үйренуге  34  сағат 
берілген(2). Бұл курстың  ерекшелігі Қазақстан тарихының жүйелі курсын оқып үйрену осы 
6  сыныптан  басталады.  Қазақстан  тарихы  дүние  жүзі  тарихының  құрамдас  бөлігі  ретінде 
қарастырылады.  Бұл  курста  ежелгі  Қазақстан  тарихының    тас  дәуірі,  қола  дәуірі,  қола 
дәуіріндегі  мәдениеті,  шаруашылығы,  адамдардың  өмір-тіршілігі,  әдет-ғұрыпы  мен  діни 
түсініктері туралы мәселелер баяндалады. Қазақстан темір дәуірінде, Қазақстан аумағындағы 
тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер, сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары туралы, 
орналасуы,  қоныстары,  қоғамы,  өмір–тіршілігі,  әдеп-ғұрыпы,  діни  нанымдары  туралы 
мәселелер нақты мысалдар арқылы оқушыларға жеткізіледі.  Курс мазмұнында  біздің өлке, 
қайталау сабақтарына көңіл аударылған. 
7 сынып ,,Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы” деп аталатын курсты оқып-үйренуге 
51  сағат  бөлінген  (3).  Бұл  курстың    мазмұнында  орта  ғасыр  кезеңі  және  біртұтас  қазақ 
мемлекетінің  құрылу  тарихы  оқытылады.  Отырықшы  және  көшпелі  мәдениет:  қалалар  мен 
қоныстар, құрылыстар мәселесін кеңінен қарастыруға мүмкіншілік жасалған. 
8-сынып  «Қазақстан тарихы (ХУ111 ғасырдың басы-1914 жылға дейін)» деп аталады 
(4).  Курсты оқып үйренуге  51сағат берілген. Қазақстан тарихынан ХУ111 ғасырдың басы-
1914  жылға  дейінгі  кезеңі  қамтылады.  7  бөлімнен  құрылған.  Бұл  курстың  мазмұнында  
«Қазақ  халқының  Жоңғар  басқыншыларына  қарсы  соғысы»,  «XVIII  ғасырдағы    Қазақстан 

185 
 
мәдениеті»,    Қазақстанда  хандық  биліктің  жойылуы,    реформа  бойынша  әкімшілік  бөлініс, 
ұлт-азаттық  қозғалыстар,  Қазақстан  Ресей  империясының  отары,  ұлттық-демократиялық 
қозғалыстың өрлеуі т.б. тақырыптарды оқып үйренуге арналған сағаттар саны көбейтілген. 3-
сағат қайталауға арналған.  
9-сынып    «Қазақстан  тарихы»  (1914-2000  ж.ж.)  деп  аталады,  оны  оқып-  үйренуге  51 
сағат  бөлінген  (5).  Бұл  курс  төрт  күрделі  де  маңызды  бөлімдерден  тұрады:  «Қазақстан 
бірінші  дүние  жүзілік  соғыс  және  1916  жылғы  көтеріліс  жылдарында»,  «Қазақстан 
тоталитарлық  жүйенің  орнауының  алғашқы  жылдарында  »,  «Қазақстан  Кеңестер  Одағы 
құрамында (1921-1991)», «Тәуелсіз Қазақстан (12 сағат)». 9 сыныптың материалдарында ХХ 
ғасырдың  басындағы  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  жағдайынан  бастап, 
Қазақстанның Тәуелсіз Республика болып жариялануы, ондағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық  және  мәдениет  саласындағы  түбегейлі  өзгерістер  туралы  басқа  да  маңызды 
тақырыптарды оқып үйрену көзделген. 4сағат қайталауға берілген.  
2006-2007  оқу  жылында  жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  жоғарғы  сатысында 
бағдарлы  оқытуды  енгізуге  байланысты  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  білім  беру  стандарты  бойынша  10-11сыныптарда  бағдарлы  оқыту  қоғамдық- 
гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асады (6). 
 ҚР-  ның  «Білім  туралы»  Заңында:  «Бейінді  оқыту  білім  алушылардың  мүдделерін, 
бейімділігі  мен  қабілеттерін  ескере  отырып,  оқытуды  саралау  және  даралау  процесі,  білім 
беру процесін ұйымдастыру»,-деп атап көрсетілген (7). 
Осы  бағдарламаға  сәйкес  10-11  сыныптарда  «Қазіргі  дүние  жүзі  тарихы»  мен 
«Қазақстан тарихы» курстары екі нұсқада  оқытылады.  
10-11  сыныптарда  «Қазақстан  тарихы»  қоғамдық-гуманитарлық  бағыт  бойынша  102 
сағат  бөлінген,  оның  51  сағаты  10  сыныпта,  ал  қалғаны  11  сыныпта  өтіледі  (8).  Ал 
жаратылыстану-математикалық  бағыттарында  әр  сыныпқа  34  сағат  көлемінде  бөлінген. 
«Бағдарлама  мақсаты-Қазақстан  тарихын  оқып-үйренуге  айрықша  ынта  білдірген 
оқушылардың талап-тілегін қанағаттандыра отырып, олардың отан тарихынан жан-жақты әрі 
тереңірек білім алуына мүмкіндік жасау. Курс 10-11сыныптарда оқытылатын болғандықтан 
оқушылардың  ынтасы  мен  қабілетін  барынша  жетілдіруге  мүмкіндік  туады»  (8).  Курстың  
негізгі ерекшеліктерінің бірі-5-9 сыныптарда өтілген тарихи материалдар, фактілер, оқиғалар 
мен құбылыстар қайталанбайды. Курс мазмұнында  тас, қола, темір  дәуіріндегі   Қазақстан, 
тайпа  одақтары  мен  мемлекеттер,  сақ,  сармат  дәуіріндегі  Қазақстан,  ертедегі  мемлекеттер, 
қазақ  халқының  қалыптасуы,  көшпелілер  немесе  дала  өркениеті,  мемлекеттіліктің  пайда 
болуы,  дамуы,  қалыптасуы,  көшпенділердің  рухани  мәдениеті,  Қазақстан  Ресей  империясы 
қол астында  сияқты мәселелерді  оқып үйрену қарастырылған.  
10-11  сыныптарда  «Қазіргі  дүние  жүзі  тарихы»  мен  «Қазақстан  тарихы»  
жаратылыстану-математикалық  бағыттарында    курс  көлемі  және  мазмұны      стандарт 
бойынша міндетті білім деңгейлерінің талаптарына сай қысқартылып өтіледі (9). Бағдарлама 
оқушылардың білім мен танымдық қызметтің мүмкін деңгейін арттыруға бағытталған. 
5-11  сыныптардың    бағдарламаларында  көрсетілген  оқушылардың    білімі  мен  
біліктеріне қойылатын   талаптар олардың еркін бағдарлай білуіне, өзін-өзі жетілдіруге және 
іске асыруға  бағытталған. Бағдарламалар мазмұны мен құрылымы оқушылардың білімі мен 
біліктілігіне қойылатын талаптар Мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген.  
Қазақстан  тарихынан  жаңа  оқулықтар  жазылып,    халқымыздың  өткен  жолын, 
тағдырын  шындық  тұрғысынан  қарастыруы,  өткен  жас  ұрпақтың  жүрегіне  ұлтжандылық, 
отаншылдық  сезімін  қалыптастыруда  орны  ерекше  болып  отыр.  Бұның  өзі  мәселенің  оң 
шешімін тауып отырғандығын көрсетеді. 
Бүгінгі  мектептердің    типтерінің  көп  түрлілігі,  оқыту  үрдісініндегі  жаңалықтар, 
тарихты  оқытудың  мақсат-міндеттері,  білім  мазмұны  мен  оны  іріктейтін  ұстанымдардағы 
өзгерістер,  қазіргі  мектептерде  төл  тарих  оқулықтарының  мазмұнын  жетілдіріп,  сапасын 
арттыруды  талап  етеді.    Оқушының  танымдық  және  шығармашылық  мүмкіндіктерін 
жетілдіріп,  күнделікті  өмірде  білім  алудың  қандай  келешегі  болатынына  көзін  жеткізуде, 

186 
 
жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мен  Қазақстаның  ұлттық  ерекшеліктерін  түсіну  үшін, 
Отанын,  ұлтын  сүйетін  елжанды  жас  ұрпақ  тәрбиелеудің  ең  тиімді  жолы  жаңа  оқулықтар 
жасаудың  маңызы  зор.  Бүгінгі  нарықтық  қатынастырдың  ізгілікке  бағытталған  тұлғаның  
қалыптасуына  тигізетін  ықпалын  анықтап,  жаңа  буын  Қазақстан  тарихы  оқулығының 
дидактикалық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды.   
Сондықтан,  өткенді  ғылыми  танып  білуде  осындай    тың  деректерді,  мұрағат 
материалдарын 
жас 
ұрпақтың 
таным-түсінігіне 
сәйкестендіре 
отырып, 
мектеп 
бағдарламаларына,  оқулықтарына  енгізу,  сапалы,  бәсекеге  қабілетті  оқулықтар  мен  оқу 
көрнекі құралдар шығару мәселесі қолға алынды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет