Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы. 2013 жыл 
3. «Білімдегі жаңалықтар» журналы, - 2010. 
4.  А.  М.  Оңғарбай.  Тарих  сабағында  сыни  тұрғыдан  ойлауды  қолдану.  //  Білімдегі 
жаңалықтар // 2007. - №4, 26-28 бет 
5. Тұрлығұлов Т.Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. – Алматы, 2008. 
6. Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. Тәуелсіздік  тағылымы №4, 2015 жыл. 
 
ӘОЖ 63.3                                   
Даулбаев Т.Ф. 
с.ғ.к., аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ  
 
ТАРИХИ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК  ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 
      
Жеке тұлғаның ой-өрісінің дамуы, белсенділігінің артуы, алған білімнің қажеттілігін 
түсінуі, оны өз  өмір тәжірбиесінде қолдана білуі, шығармашылық қабілетті одан әрі дамыту 
құралының бірі болып оқушылардың өздік жұмысы саналады. 
Оқушылардың өздік жұмысы мен өздігінен білім алуы мақсатына Ж. Аймауытов, А. 
Байтұрсынов,  М.  Жұмабаевтар  ерекше  назар  аударған.  «Бала  білімді  тәжірибе  арқылы 
өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен 
алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу 
үшін, керек  білімін кешікпей, кезінде алып отыруы үшін «балаға жұмысты әліне шағындап 
беру  мен  бетін  белгіленген  мақсатқа  қарай  түзеп  отыру»  -  дейді  А.Байтұрсынов 
оқушылардың өзіндік жұмысының мәні жайлы (1). 
Өздік жұмыстарға арналған дидактикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде 
белгілі  тәжірибе  жинақталған:  Л.Н.  Алексашкина,  Б.П.  Есипов,  В.В.  Давыдов,  Н.Г.  Дайри, 
М.А.  Данилов,  Г.М.  Донской,  В.С.  Грибов,  О.А.  Нильсон,  М.И.  Махмутова,  И.Я.  Лернер, 
Т.С.  Сабыров,  М.Н.Скаткин,  П.И.  Пидкасистый  т.б.  еңбектерінде  өздігінше  жұмыстың 
функциясы, оған қойылатын талаптар, оның анықтамасы мен критерийлері  қарастырылған. 
Оқушылардың өздігінше жұмысы оқытудың ең басты компоненттерінің бірі. 
Ғылыми педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде бүгінгі күнге дейін біртұтас жалпы 
қабылданған  өздік  жұмысы  туралы  анықтама  жоқ.  Педагогикалық  әдебиеттерде  өздігінше 
орындалатын жұмысқа түрлі анықтама берілген: Р.М. Микельсон «мұғалімнің бақылауымен, 
оқушының ешкімнің көмегінсіз тапсырманы орындауы» деп түсіндіреді (2). 
Дидактикалық  әдебиеттерде  өздігінше  жұмысқа  төмендегідей  анықтама  бергенін 
көреміз.  Оқушының  өздік    жұмысы  дегеніміз  "оқушы  қызметінің  барынша  белсенділігінің, 
шығармашылығының, ынталығының сипаты" - деп түсіндіреді (Л.М. Пименов, Н.Д. Левитов, 
И.Я. Лернер, Р.Б. Срода т.б.). 

175 
 
Профессор  Т.С.  Сабыров  өздік  жұмысты  ұйымдастырудың  негізгі  жолдары  мен 
шарттарын анықтай отырып былай деп атап көрсетеді: «Оқушылардың өздігінен білім алуға 
деген  қажеттер  мен  дағдылары  өзінен  -  өзі  пайда  болмайды.  Мұндай  қасиеттер    мектепте  
мұғалім  мен  оқушылардың  сабақ  пен  кластан  тыс  жұмыстарда  бірлесе  отырып,  оқу  таным 
әрекетін ұйымдастыру үрдісінде қалыптасады.  Оқушылардың  дербес білім алу дағдылары, 
ең  алдымен,  мектепте  олардың  өздігінен  істейтін  жұмыстарын  ұйымдастыруға 
дағдыландыруға  тығыз  байланысты.Жоғарыда  айтылған  оқушыларды  өздігінен  жұмыс 
істеуге баулу-оларды дербес білім алуға дайындайды, соған дағдыландырудың негізі болып 
табылады" (3) 
Көптеген педагог ғалымдар, дидак және әдіскер ғалымдар өз еңбектерінде өздігінше 
ұғымының мынадай белгілерін: мұғалім  жағынан көмектің болмауы; оқушының жұмыстың 
мақсатын  түсінуі;  өзінің  белсенділігі  (ойлаудың  күшеюі);  жаңа  білімді  игеруі,  меңгеруі 
немесе білімді шығармашылықпен қайта өңдеуі т.б. атап көрсетілген. 
Тарихты  оқыту  үрдісіндегі  оқушылардың  өздік  жұмысының  басты  міндеті-
шәкірттерге  ғылыми  білім  жүйесін  меңгерту,  оларды  азаматтылық  пен  отаншылдыққа 
тәрбиелеу,  өткеніміз  бен  бүгінгі  болған  оқиғаларға  объективті  баға  беру  және  жаңа  білімді 
өздігінше меңгеру қабілеттілігінің артуы.                                                                                                                                         
Өздік  жұмыстары  мектептегі,  бүтіндей  оқу  пәнінің,  курстың  тақырыптық,  сабақтың 
білімдік,тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін толықтай  жүзеге асыруға септігін тигізуі 
тиіс.         
Сөйтіп,  оқушылардың  өдігінен  атқаратын  жұмыстары-білімді    терең  меңгеруге, 
біліктерін қалыптастыруға, шығармашылқ іс-әрекетін дамытуға ерекше септігін тигізеді. 
Өздігінше  жұмысты  атқаруға  оқу  үрдісі  мен  тәрбиелік  міндеттерді  ойдағыдай 
жүргізуге мұғалім мен оқушының өзара белсенді әрекетінің,  мұғалімнің басқарушы рөлінің 
арқасында жетуі мүмкін. 
 Өздігінше  жұмыстың  тағы  бір  маңызды    міндеттерінің  бірі  –  оқушыда  жеке  тұлға 
ретінде шығармашылық танымдық қызметін қалыптастыруы болып табылады. 
Мұғалім  қаншалықты  тиянақты  ұқыпты  сабақ  бергенімен    оқушыларды    тарихи 
материалдарды  оқып  үйренуге  ынталандырғанымен,  егер  де  оқушының  өзі  білім  алуға  өз 
бетімен  ынталанбаса, оқыту үрдісі ойдағыдай  өз дәрежесінде  болмайтыны белгілі. «Оқыту  
дегеніміз-ең алдымен оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Мұнда белсенді, 
шығармашылықпен оқыту өйткені, егер оқушы мектепте тек еліктеуге, «көшіруге» үйренсе, 
онда ол өмірде шығармашылықпен жұмыс істей ала ма» (2).  
Отан тарихының халқымыздың өткені, бүгіні, келешегі туралы оқушыда жүйелі білім 
беруде, тәрбие-танымдық мүмкіншіліктері зор.  
Қазіргі  кезеңде  білім  беру  жүйесі  білім,  білік,  дағды  жиынтығынан  жылдам  өзгеріп 
отыратын  өмірге  бейімделген,  өзін  -  өзі  көрсете  алатын,  қоғам  өміріне  белсене  қатысатын,  
өмірдегі  жағдайларға  талдау  жасап,  шығармашылықпен  ойланатын,  өздігінен  қажетті 
ақпаратты іздеп, өз  қабілетін дамыта білетін жеке тұлғаны субьект ретінде қалыптастыруға 
бағытталған. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен 
технологияларын, оның нәтижесіне қарап бағалайды.  
Бүгінгі  таңда  білім  беру  аясындағы  жаңа  үрдістерге  байланысты  Қазақстанда 
нәтижеге бағдарланған орта білім беру моделін құруды жүзеге асыруды талап етілуде. Білім 
берудің  жаңа  мазмұнына  байланысты  оқушының  тұлғалық  аспектілерін  дамыту  мәселесі 
алғы орынға шықты, мұғалім әрекеті оқыту үрдісін ұйымдастырушы ретінде қарастырылады. 
Мұның  өзі  оқушының  оқу  қызметінің  субьектісі  ретінде  даралық,  өзіндік  жұмыс  істеуге, 
өзін-өзі тануға, өздігінен білім алу арқылы дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны басты құндылық 
ретінде  қалыптастыру  болып  табылады.  Оқушы  өздігінен  білім  алу,  іздену,  қорытынды 
жасап, талдау үшін,  өзіндік өмір тәжірибесіне сүйенеді.  
Қазақстан тарихын  оқып үйрену барысында оқушылардың  өздік жұмысын  мынадай  
тұпнұсқалармен    а\  оқулық  ә\  тарихи  көздер  мен  материалдар:  құжаттар,  фотоқұжаттар, 
статистика  және  басқалар:  б/  анықтамалық,  қоғамдық-саяси,  ғылыми-көпшілік  әдебиеттер: 

176 
 
в/күнделікті    бұқаралық      ақпарат  құралдары  және  баспасөз  материалдары:  г/иллюстрация, 
нобай,  диаграмма,  кесте:  д/  жұмыс  дәптерлері:  ж/  компюьтермен  және  басқалармен 
ұштастыруға болады. 
Оқулықты пайдалану екі мақсатта, бір жағынан, ол білім қайнары, ал екінші жағынан 
тарихи  мәтінді  саналы  оқуға  дағдыландыруды  және  кітапты  пайдалану  әдіс-тәсілдерін 
үйретуді  көздейді.  Сондықтан  сұрақтар  мен  тапсырмалар,  оқулық  мәтіні,  онда  келтірілген 
құжаттармен, иллюстрациялармен жұмыс істеген кезде оқушылардың танып-білу жөніндегі 
белсенді қызметін ұйымдастыруға көмектеседі. 
Мысалы,7  сыныпта    «Ертедегі  түріктер»  атты  тақырыпты  оқып  үйрену  барысында 
оқушылар Түрік қағанаты туралы маңызды мәтінмен өздігінше оқып танысады. Оқушыларға 
тапсырманы қалай орындау керектігі туралы нұсқау беріледі. 
Бірінші  топ  «Түрік  қағанатының  ішкі–сыртқы  жағдайы,  ыдырауы»  туралы  оқулық 
мәтінімен  танысып,  төмендегідей  тапсырмаларды  орындайды.  Түрік  қағанатының  аумағын 
картадан  табыңдар.  Түрік  қағанаты  қандай  мемлекеттермен  көрші  тұрды?  Қай 
мемлекеттермен  қарым–қатынас  жасады?  Сол  кезде  Түрік  қағанатының  беделі  неліктен 
жоғары болды деп ойлайсыңдар? Бұл  мемлекет неліктен ыдырап кетті? Оның қандай басты 
себептері  болды?  Оқушылар  теориялық  материалмен  танысқаннан  кейін,  оларға  тапсырма 
беріледі. 
Екінші  топ  оқушыларына  “Түрік  қағанаты  халқының  кәсібі  мен  тұрмысы”  туралы 
оқулық мәтінімен танысып, осы тақырыпшаның жай жоспарын жасау тапсырылады.  
Үшінші  топ  оқушылары  “Құжатпен  жұмыс”  деп  аталатын  мәтінмен  танысып,  оны 
талдайды  және  оған  берілген  тапсырмаларды  орындайды.      Сабақты  бекіту  мақсатында 
мұғалім оқушылар назарын тақтаға аударады. Тақтада не қағазға мынадай тапсырма орындау 
тапсырылады. 
Түрік қағанатына мына жоспар бойынша сипаттама беріңдер. 
1.
 
Аумағы. 
2.
 
Қоғамдық құрылысы. 
3.
 
Ішкі саясаты. 
4.
 
Сыртқы саясаты. 
5.
 
Түрік қағанатының ыдырау себебі. 
6.
 
Қорытынды. 
Сабаққа  қатысу,  көп  жылғы  тәжірибе  жұмыстардың  нәтижесі  оқушылардың 
бірқатары тақырыптың күрделі жоспары тұрмақ, жай жоспарын да жасай алмайтынын және 
жоспар жасауға қойылатын талаптарды ескермейтіні байқалды. Сондықтан мұғалім алдымен 
оқушыларды жай, содан кейін күрделі жоспар жасауға, кесте, сызба, диаграмма дайындауға, 
тарихи қайраткерлерге сипаттама беруге үйретеді. 
Оқушылар  жоспар  жасауда  қателіктер  жібермеуін  болдырмау  үшін  оған  қойылатын 
талаптар тақтаға жазылып, жан-жақты түсіндіріледі.  
Қымбатты балалар! Жоспар жасарда мыналарды естерінде сақтаңдар. 
1.Әңгіменің  ең  басты,  ең  негізгі  мазмұны  түгелдей  қамтылып,  жоспарда 
қарастырылуы тиіс. 
2.Тақырыптардың атауларында бір ой қайта-қайта қайталанбауы қажет. 
Содан  кейін  жоспарды  дұрыс  жасауға  бағытталған  жаднама    негізінде  барлық 
оқушылармен жұмыс жүргізіледі.  
Сабақты пысықтау барысында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.     Тарихты оқып 
үйренуде мұғалім басшылығымен оқушылар оқулық мәтінін түсінуге, оны оқуға, оқығанын 
есінде сақтап қайта әңгімелеп беруге, түрлі құжаттардың көшірме үзіндісін жазуға, жай және 
күрделі  жоспар  жасауға,  тезис,  конспект  жазуға  үйренеді,  оқыған  материалды  саналы  әрі 
берік меңгеруге тырысады. 
Зерттеу  жүргізудің  нәтижесінде  әр  оқушының  оқулық  мәтіні,  құжаттар,  түрлі 
қосымша  деректермен  өздік  жұмыс  істеу  дәрежесі  әртүрлі  екені,  олардың  мәтінді  түрлі 
жылдамдықпен  оқып,  қабылдайтынын,  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  түрлі  деңгейде 

177 
 
орындайтынын,  осыған  орай  оларға      әртүрлі  дәрежеде  көмек  көрсету  қажет  екені 
анықталды.  Бұл,  әрине,  бір  күндік  жұмыс  емес.  Күнделікті  әр  сабақты  тиянақты,  ұқыпты 
түсіндіріп  меңгертуді,  сағатты  дұрыс  үнемдей  білуді,  оқушыларды  түсінуді,  қарым-
қатынасты дұрыстауды, мұғалімнің шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. 
Бұл  жағдайда  оқулықпен  өздігінше  жұмыс  істеу  белсенділігін  арттыратын,  берік  те 
терең  білім  алудың  және  біліктерді  қалыптастырудың  басты  шарты-оқушылардың  танып-
білуге  құштарлығын  арттыратын  тиімді  тәсілдерді  пайдалану:    тарихи  оқиға,  құбылыс, 
фактілерді  таңдауға,  ізденуге,  дәлелдеуге  үйрету;  қайшылықты,  проблеманы  шешу
оқушының ой-пікір дербестігі мен еркіндігін барынша кеңейту; сабақта проблемалық жағдай 
жасау; тың деректерден жаңа білімді ала білу, пайдалану, іздену;  материалды есте қалардай 
әсерлі баяндау және басқалар жатады.  
                  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Алматы.,1992. 
2. Микельсон Р.Я. О самостоятельной работе учащихся в процессе обучения.-М.,1940. 
3.  Сабыров  Т.С.  Оқушы  жастардың  танымдық  әрекетін  артырудағы  оқытудың  әдістері  мен 
формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімдерді даярлаудың теориялық 
негіздері.-Алматы., 1996. 
 
 
ӘОЖ 63.3                                   
Капизаева Қ.А. 
Өрлеу АҚ  филиалы  ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және әлеуметтендіру кафедрасының аға 
оқытушысы, Алматы қаласы 
 
ЖАСТАРДЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ 
ТӘРБИЕЛЕУ–ЕЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ 
 
Еуразия  құрылығының  ажырағысыз  бөлігі-Қазақстан  өзінің  көп  ғасырлық 
тарихында Шығыс және Батыс өркениеттерінің этникааралық байланыстарының белсенді 
аймағы болып табылады. 
Қазақстанда  тұратын  адамдар  еліміздің  негізгі  байлығы.  Кең-байтақ  Қазақстан 
жерінде 17 миллионнан аса адам тұрды. 
Республикамыздың басты жетістігі мен мақтанышы-этносаралық келісім мен түсінікті 
сақтай  білуі.  140  этнос  пен  46  конфессияға  ортақ  үй  болып  отырған    Қазақстандағы 
этносаралық  келісім  болып  табылатын  бұл  тәжірибе  Қазақстан  Республикасының  
Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық    жөніндегі  ұйымға    (ЕҚЫҰ)  төралағының 
негізгі кілті болды.   
Бүгінгі  таңда республикада қоғамдық келісім  мен  тұрақтылықты одан әрі нығайтудың 
маңызы  ерекше.  «Ырыс  алды  ынтымақ»,  «Бірлік  бар  жерде  тірлік  бар»  дейтін  халқымыз  үшін 
республика тұрғындарының тату-тәтті тіршілігі тәуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі. 
Еліміздегі жас ұрпақты тәрбиелеудің  аса маңызды міндеттері:  
«азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны  Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, 
мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін  қастерлеуге,  Конституцияға  қайшы 
және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 
белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық 
саяси,  экономикалық  және  мәдени  өміріне  қатысу  қажеттігін,  жеке  адамның  өз  құқықтары 
мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру
Отандық  және  әлемдік  мәдениеттің  жетістіктеріне  баулу;  қазақ  халқы  мен 
республиканың  басқа  халықтарының  тарихын,  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрлерін  зерделеу;  т.б.»  
болып саналады (1). 

178 
 
Жаһанда 4 мыңдай этностар мен  192 ұлт бар, олардың өз мемлекеттері бар. Ұлтаралық 
келісімге  қол жеткен мемлекеттер әлдеқайда көп жетістіктер мен тұрақты дамуға , өркендеуге 
жол  ашқан.      Қазақстанда  130-дай  ұлттар  мен  ұлыстың  өкілдері  өмір  сүреді.  Ғылыми 
әдебиеттерде  «ұлт»  ұғымы  екі  мағынада  қолданылады.Бірінші,  этностық  және  саяси-
құқықтық,  екіншіден,  бір  мемлекеттің  құқықтық  мәртебесі  тең,  тарихи,  мәдени  тұрғыда 
қалыптасқан азаматтардың бірлігі.  
Қазіргі  «мемлекеттің  іргетасын  қазақ  ұлты  құраушы»  ретінде  қоғам,  тарихи 
жағдайларға  байланысты    аса  үлкен  жауапкершілік  алып  отыр.  Қазақстанда  ұлт  және 
мемлекет құрушы–қазақ этносы сан жағынан 67% құрайды. Республикамызда 8,7 миллион – 
қазақтар, 4 миллион орыстар және 100 мыңнан астам түрлі ұлттар тұрады.  
«Қазақ халқы бәрінің басын біріктіруші  ұлт ретінде алдымен өзі ұлтаралық татулықты 
сақтау стратегиясының болуына және бір мемлекеттің ішінде өзге ұлттармен тату- тәтті өмір 
сүруге,  ал  сыртта  басқа  елдермен,  халықтармен  достық  қатынаста  болуға  мүдделі...    Біз 
Алланың өзі жаратқан қазақ деген ұлтты қорғап, әрі қарай дамытуымыз керек» (2). Міне, осы 
орайда  қазақ  халқы  өз    тілін  дамытуы,  мәдениетін  өркендетуі,  дәстүрін  қадірлеуі,  ұлттық 
намысты қорғай білуі, ұлттық мерейінің арта түсуі және өзімен бірге өмір сүріп жатқан басқа 
халықтардың  да  тарихын,  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрлерін  сақталуына  кепіл  болуы,  сондай-ақ 
әлемге  өзін  таныту  және  сыйлата  білуі-ең  жоғары,  әрі  қиын  да  жауапкершілік  екенін  жете 
түсінуі маңызды.  Академик Ә.Нысанбаев: «Осы  уақытқа дейін біздің халқымыз бұл тарихи 
жауапкершілікті  сезініп,  өзінің  асқан  төзімділігі  мен  сабырлылығының  арқасында  елдегі 
этносаралық  та,  әлеуметтік  те  татулықты  сақтауға  ұмтылып  келеді...Ендігі  міндет  қазақ 
халқының  өз  маңына  өзге  отандастарымызды  да  топтастыру  болып  отыр»,-  деген  пікіріне 
қосылмасқа болмас(3). 
Ұлтжандылық-өз  ұлтының  мәдениетін,  әдебиетін,  дәстүрін  қадірлейтін,  ұлттық 
намысты қорғай білетін адамның ең жоғарғы қасиеті.  
Ұлттық намыс-әрбір ұлт өкілінің отансүйгіштік қасиетін көрсететін жігерлі сезімнің, 
саналы  іс-әрекетінің  көрінісі.  Ұлттық  және  интернационалдық  тәрбие-өз  ұлттық  қасиетін 
сезінуге және басқа ұлттар мен халықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу (4,224). 
Тату-тәтті  тіршілік  кешіп  жатқан    ұлт  пен  ұлыстың  туған  еліне  айналған 
Қазақстандағы ұлттар Отанымыздың гүлденіп, дамуы үшін еңбек етеді. 
Қазақстан  Республикасының    Президенті  Н.Назарбаев  бірлігі  жарасқан  еліміздегі 
барлық  ұлттар  өкілдерінің  татулығына  ерекше  назар  аударып  келеді.  «Қазақстанның  ел 
бірлігі доктринасының» жобасы дер кезінде дайындалған аса маңызды тарихи, саяси құжат. 
Доктринаның негізгі бағыттарында этносаралық өзара іс-қимыл институттарын нығайту, тіл 
саясаты,  білім  мен  тәрбие,  рухани-  мәдени,  ақпарттық,  құқық  және  құқық  қорғау  мен 
конфессияаралық  қатынастар  салалары  қамтылған.  Бұл  құжатта  мемлекеттік  тілді  дамыту, 
жас  ұрпақтың  мемлекетті  тілді  меңгеру  қажеттігі  баса  айтылған.  ҚР-ның  Президенті 
Н.Назарбаев  Қазақстанның  ««өркениеттердің  үндесуін»  дамытудағы  мәдениетаралық  және 
конфессияаралық орталық  ретіндегі  тұғырын бекемдеу  бағыты  халықаралық  қоғамдастықта 
Қазақстанның  біртұтас  халқы  болып  табылатын  барлық  ұлттар  өкілдерінің  ұстамдылығын, 
конфессияаралық  және  мәдениетаралық  татулығын  қамтамасыз  етіп  отырған  Қазақстанның 
әлемдегі  рөлін  жаңа  деңгейге  көтеру»-басты  мақсаттарымыздың  бірі  деп  атап  көрсетеді(5). 
Жолдаудағы  «Білім  беру  мен  тәрбие  саласында»  деп  аталатын  төртінші  бөлімінде 
«Қазақстан  халқының  тарихи,  соғыс  және  еңбек  даңқы  мектеп  мұражайларының  жүйесін 
дамыту»  міндеті  де  орынды.Олай  болса,  балабақша,  орта  мектепте  және  жоғары  оқу 
орындарында  Қазақстан  тарихын  терең  де  жетік  оқып  үйренуіміз-заман  талабы.  Сонымен 
қатар  «Қазақстан  этностарының  тарихы  мен  мәдениеті  туралы  білімді  кеңінен  таратуға 
жәрдемдесу»  міндетінің  қойылуы  да  заңды.  Қазақстанда  ұлтаралық  қатынас  тарихи  және 
геосаяси  жағдайларға  байланысты  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Атап  айтсақ,  Қазақстанға 
көптеген  халықтардың    өз  ата-баба  қонысынан    еріксіз  депортациялануы,  кеңес  кезеңінде 
индустрияландыру,  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары,  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру 
кезеңдерінде  қандай  себептермен  келді,  оның  тарихи  және  саяси    мәнін  анық,  еш 

179 
 
бұрмалаусыз  түсіндіру,  ұлттық  дәстүрлерді  құрметтеу,  әр  халықтың  ерекшеліктерін  ашып 
көрсету  аса  өзекті  мәселе.  Соғыс  жылдарындағы  жағдайлар  Қазақстанды  көп  ұлтты 
мемлекетке  айналдырды.  Соғыс  жылдары  Қазақстанға  532  мың  адам  көшіп  келді. 
Қазақстанға поляк, неміс, шешен, ингуш, балкар, қырым татарлары, түрік месхиттер т.б. ұлт 
өкілдері  күшпен  көшірілді.  Қазақ  елі  осындай  сын  сағатта  елімізге  күшпен  көшірілген 
көптеген ұлт өкілдеріне пана бола алды. Қазақ халқы оларды туған бауырындай құшақ жая 
қарсы  алып,  халықтар  арасындағы  достық  пен  ынтымақтастықтың  үлгісін  танытты. 
Қазақстан олардың барлығына дерлік екінші Отанға айналды.  
Ұлттар  мен  ұлыстардың  Отанына  айналып  отырған  Қазақстан  үшін  ұлтаралық  
достық  қатынас,  өзара  түсіністік,  берік  мызғымас  сенім  сияқты  мәңгілік  құндылықтар  ел 
бірлігі жолындағы негізгі қадам.  
Белгілі шығыстанушы Ф.В.Радлов өткен ғасырдың басында: «Әлем тілдерінің ішінде 
мен  үш  тілді  ұлы  тіл  деп  білемін.Ол-орыс,  француз,  қазақ  тілдері»  деп  жоғары  бағалаған.
 
Қазақстандық  азаматтылықты  қалыптастыру  үрдісінде  мемлекеттік  тілді  қолдану 
дәрежесі ерекше мәнге ие. Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңның» 
талаптарына сәйкес қазақ тілінің рөлін ұғыну мемлекетіміздің іргетасы болып табылады. 
Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмінің басты көрінісі-қазақтың ана 
тілінде  сөйлеуі,  балаларына  ұлттық  тәрбие  беруі,  ұлттық  мінезін  қалыптастыруы, 
адамгершілік,  ізгілік,  қайырымдылық,  имандылық,  мейірімділік  тағы  басқа  сезімдерін 
дамытуы.     Мемлекеттік тіл сол мемлекеттің бүкіл азаматтарының ортақ тілі деген ұғым.     
Қазіргі    Қазақстан  Республикасының    Конституциясында  Қазақстанда  мекен  ететін 
барлық  ұлттар  дініне,    тіліне,  шыққан  тегіне  қарамастан  тең  екендігі  айтылған.  Қазіргі  күні 
елімізде 11 тілде газеттер шығады, 12 тілде теледидар, ал 6 тілде хабар таратылған.  Халықтар 
арасындағы  татулық  пен  достық  қатынас–еліміздің  өркендеуінің  басты  кепілі.  Еліміздегі 
тыныштық,  елде  тұратын  халықтардың  ауызбіршілігі  мен  өзара  түсінушілігін  сақтау-біздің 
әрқайсымыздың аса жауапты мақсатымыз. Осы мақсатты іске асыруда Қазақстан халықтары 
Ассамблеясының беделін барынша арттыру басты шарттардың бірі.   
 Біз,  елімізде  этносаралық  және  конфессияаралық  келісімнің  қазақстандық  моделін 
қалыптастырдық.  Еліміздегі  ұлтаралық  татулық  пен  бірлік  басқа  мемлекеттердің 
қызығушылығын арттыруда. Мәселен, Бельгиядағы Тең мүмкіндіктер және нәсілшілдікке қарсы 
күрес  орталығының  директоры  Иозеф  Де  Витте:  «Дәл  осындай  Ассамблеяны  бізде  де  құру 
орынды  болар  еді,  бұл  модель  қызықтыруда».  Фордхэм  университетінің  деканы  Парвиз 
Мордвидж «Қазақстан көп ұлтты мемлекеттер ішінде жоғары жетістікке қол жеткен алғашқы 
ел,  сондықтан  ұлтаралық  келісімнің  қазақстандық  моделін  әлемдік  тәжірибеде  қолдану 
керек»,-деп атап көрсетіп, еліміздегі бүгінгі жағдайға жоғары баға берді. 
Бүгінгі  таңда  елімізде  Қазақстан  халықтарының    Асссамблеясы  және  30-дай  мәдени 
орталықтар  жұмыс  істейді.    Онда  әр  ұлттың  өкілдері  өз  тілдерінде  қарым-қатынас  жасап,  өз 
халқының  дәстүрлері  мен  мәдениетін  дамытуға  мүмкіндіктері  бар.  ҚР-ның  Президенті 
Н.Назарбаев:  «Ассамблея мүшелері бірлігі жарасқан Қазақстанның абыройы мен беделінің, 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  жарасымды  салт  дәстүрінің  жанды  айғағы»  деп  баса  айтты. 
Қазақстан Республикасында тұратын ұлттар мен ұлыстар өлкемізде тыныштықты нығайтуға 
белсене қатысады.  
«Мен  неміспін,  1950  жылы  дүниеге  келдім.  Мектепте  оқыдым,  әскери  қызмет 
атқардым, кешкі мектепті, кейіннен институтты бітірдім. Аға прораб болып жұмыс істедім. 
Менің  неміс  екеніме  қарамай,  маған  ірі  ұйымдарға  бас  инженердің  қызметі  екі  рет 
ұсынылды.  Бірақ  мен  келісімімді  бермедім,  дағдылы  жұмысымнан  кеткім  келмеді.  Сонда 
бізді, яғни немістерді еңбексүйгіштігіміз  бен шеберлігіміз, адалдығымыз үшін құрметтейді. 
Бұған өз басым куә, ата-анамның өмірі дәлел. 
Ұлттық  негізде менің бабаларыма ешқандай да қысымшылық көрсетілген жоқ. Олар 
мектепте де, спортта да алдыңғы сапта жүрді. Мен жұмыс істеген тресте басқарушы да, бас 
инженер де немістер еді. Жоқ, мен Отаным туралы ешқашан жаман сөз айта алмаймын». 

180 
 
Лисаков  қаласының  бұрынғы  тұрғыны,  қазір  Германия  азаматы  Александр 
Штерцердің «Жерлестер» деп аталатын неміс газетінде жарияланған хатынан, 1997 жыл. 
Көп ұлтты Қазақстан үшін  отансүйгіштік сезім, ұлтаралық келісім мен татулық, саяси 
тұрақтылық  еліміздің дүниежүзілік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қалыптасу 
тарихында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізетін басты күш. Сондықтан әлемде бәсекеге 
қабілетті болу үшін ұлтаралық қатынас пен халықтар бірлігі біз үшін  ерекше маңызды. 
Елімізде тыныштықты, халықтардың ауызбіршілігі мен өзара жарасымды ынтымағын 
сақтау  әрқайсымыздың  аса  жауапты  міндетіміз.  Әрқашанда  өзімізге  ең  қымбат  нәрсе–
Отанымыздың бейбіт өмірі мен татулығын естен шығармауымыз керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет