Реферат мен Тұжырымдамасы "Мен" Тұжырымдамасы адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. "


Теориялық психология саласындағы «Мен»-тұжырымдамасы туралы алғашқы жұмыстар Джемс, Кули, Мид, К.Роджерс еңбектерінде



бет3/5
Дата20.02.2023
өлшемі152,97 Kb.
#69377
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мен Тұжырымдамасы

Теориялық психология саласындағы «Мен»-тұжырымдамасы туралы алғашқы жұмыстар Джемс, Кули, Мид, К.Роджерс еңбектерінде
Адамтану мəселесін оқыту жəне тəрбиелеу теориясы тұрғысынан түсінудегі ғылыми жұмыстардың қатарына көптеген авторлар ағылшын ғалымы Р.Бернстің «Развитие Я-концепции и воспитание» еңбегін жатқызады. Бұл еңбек адамның Мен-тұжырымдамасының құрылымын, яғни ол қалай дамиды, оның өмірінде ол қандай рөл атқарады, жастық дамудың əр кезеңінде тəрбиелеу мүмкіндіктері қандай, міне осыларды білуге мүмкіндік береді. Ол оқырманды толғандыратын көптеген сұрақтарға жауаптар береді, мəселен: баладағы Мен-тұжырымдамасының дамуындағы кері байланыстар (ата-ана, педагогтардың бала дамуындағы тілектері), баланың өзін-өзі бағалауы мен оқу іс-əрекеті нəтижесінің өзара байланысы, баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі бағалауына оқытуды ұйымдастыру түрлерінің əсері, педагогтың Мен-тұжырымдамасы мен балалармен өзара əрекеттеріндегі өзін ұстауы арасындағы өзара байланыстар, педагогикалық процестегі балалардың өзін-өзі бағалауын жетілдіруге бағытталған педагогикалық жағдайлар мен шарттар. Себебі еңбекте тəрбиелеу-білім беру процесіндегі гуманизм сұрағының болашағы кеңінен ашылады. Р.Бернстің гуманистік бағытты ұстануы, қазіргі уақыттағы оқытудың гуманистік қадамдарын бекіте түседі. Өте ертеден-ақ ұлы ғұламалардың өз көзқарастарында гуманистік ойды ұстанғаны белгілі.

Автор балалар тəрбиесіндегі негізгі мəселе, ол білім алуға өзінің бар ерік-күшін жұмсап талпынған тұлғаның салауатты өзіндік санасының қалыптасуы деп есептейді.
Бұл еңбекте Мен-тұжырымдамасының қызметтері де қарастырылған. Осы бойынша бірінші қызметі, нақты жағдаяттарда индивид өзі қалай əрекет етеді соны анықтаса, екінші қызметі басқалардың əрекетін оның қалай көретінін анықтайды. Ал Мен-тұжырымдамасының үшінші қызметі индивидтің үмітін, алда не болатынын бағдарлауын көрсетеді. Шындығында, Мен- тұжырымдамасының қызметтері индивидтің қалыптасып дамуында да маңызды рөл атқарады, себебі адамның күнделікті сыртқы іс-əрекеттері ішкі əрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Сондай-ақ адамның іс-əрекеті затқа ғана емес айналасындағы адамдарға да бағытталары сөзсіз. Бұл іс-əрекеттен күтілетін нəтижені ойдағысымен салыстыруға жəне алға қойған мақсатына жету үшін оны реттеп отыруына мүмкіндік береді. Демек, іс-əрекет адамның өмір жолын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет