Реферат Тақырыбы: " Сталиндік қуғын-сүргін. Оның ауқымы және ауыр зардаптары "


Қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлері



бет5/8
Дата21.11.2022
өлшемі76,8 Kb.
#51466
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлері
Құғын-сүргіннің алғашқы легінде әдебиетімізді өрге сүйреген ұлы дарындар С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов, т.б. тұтқындалды. Биыл бірғасырлық тойы әлем көлемінде атап өтілген ғұлама жазушы, академик М.Әуезов Әдебиет тарихы оқулығына Зар заман ақындары айдарымен Ер Сайын, Едіге, Шора батыр жырларын енгізгені үшін сыналды. Хан кеңесі атты пьесса жазып, сахналағанда бір қойылымнан ке,йін көп кемшілік болған қызметі кінәсімен түсіп қалды...
Ұлттық рухтағы тарихи тұлға дәрежесіне көтерілген жазушының жазаға да тартылмай қалуы мүмкін еместігін. Алашордадағы қызметі үшін кінәлап, 1930ж Ташкент шаһарында тұтқындалды. Сұрақ жауаптан кейін Алматы абақтысына ауыстырылды. Қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысып, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздегені, өкімет мекемелері мен ВКП(б)-ның, жерге қоныстандыру мекемелерін, мәдени-ағарту және оқу орындарын, баспасөзді өздерінің ықпалына қаратып, жаулап алуға ұмтылушылар қатарында болды. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі М.Әуезовке -1930-1932 жылдарда абақтыға отырылғызғанда тағылған айыптар сарыны осылай болып келеді. Кенесары, Наурызбай қозғалысын зерттеген жас тарихшы Е.Бекмахановтың Казахстан в 20-40-е годы XIX в. монографиясы КОКП Орталық комитетінің басылымы Правда газетінде Республикадағы идеологияЛЫҚ жұмыс және оны жақсарту жолдары қаралған Қазақстан КП Орталық Комитеті пленумында сыналады. Әділетсіздікке шыдамай наразылық білдірген Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Қ.Сәтбаев, КазМУ ректоры Т.Тәжібаев, т.б. болды. Содан соң қуғын-сүргін басталып, Е.Бекмаханов, Қ.Жұмалиев, Е.Ділмұхамедов сияқты буржуазияшыл ұлтшылдар академиядан қуылды. Бекмаханов 58 баппен ширек ғасырға, яғни 25 жылға бас бостандығынан айрылып, Итжеккенге айдалды.
Жазықсыз опат болғандар қатарында оқыған, білімді, ел өркендеуіне елеулі қызмет еткен, есімдері құжаттарда, таспада, газет, журналдарда қатталға, бейнелері сақталған Ә.Зейінұлы (1881-1937), Ғ.Имантайұлы (1894-1937), Ә.Жәмінұлы (1897-1937) Сәтбаевтар да бар. Алдыңғысы алғаш құрылған Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.Сәтбаевтың немере ағасы 1920-1921жж. Павлодар губерниялық халық ағарту ісін басқарды. 1922жылы ашылған Семей педагогикалық техникумның бірінші директоры, 1928-1931 жж. Омбы рабфагінде сабақ берді.
Содан кейін қудалауға түсіп, Қырғызстанға көшуге мәжбүр болады. Ақыры зұлымдық зобалаңы құртады.
Ал Ғ.Сәтбаев өмірінде зияндылар зейінінде құрметтеліп, айтулы азаматтар қатарынан көрінді. Ол жайлы академик Әлкей Марғұлан: семинарияда оқығандардың білгірі, жан дүниесі музыка үшінн жаратылған жан,- деп жазған. Рухани әлемі бай Кәрім хақында С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің және өзге де замандастарының жақсы пікірлері жетерлік.
Көріп отырғанымыздай, халқымыздың тағдырына байланысты жоғарыда баяндалған ащы шындыққа бұған дейін тереңдеп бара қоймағанымыз жоқ еді. 1997ж жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Осыған орай сталиндік репрессияның, голощекиндік лаңның қесірінен қастерлі азаматтарымыздың көтеріліс атты документалды фильм жарық көрді.
Оның дерегі бойынша, тек Қарағанды өңірінде ғана 1933 жылы саяси тұтқындарды қамайтын 9 лагерь болса, 1955жылы 33-ке жеткен. Аталмыш абақтыларға темір жолмен тәуелдік сайын тоғыз эшелон саяси тұтқындар жеткізіліп тұрыпты.
37-ші жылғы репрессия ол таза адамды жою болса, одан соң мәдени мұраны құрту басталды. Осы зобалаң жылдарында Қамбар батырдан басқа эпостық жырларды ауызға алуға тыйым салынды. Ал қазақ халқында мұндай 900 эпос бар. Орыстарда сегіз беттік жалғыз Слово о полку Игореве эпосы болса, сол жайында мақалаларды қоспағанда 900монографикалық ңбеектер шыққан. Ал біздің мыңға жуық эпосымыз бар. Бүгінгі ұрпақ Кенесары, Наурызбай, Абылай туралы толғауларды ғана біледі.
Оның арғы жағындағы ортағасырлық Есімхан, Қасымхан, Тәуке хан, Жалаңтөс батыр хақында бимағұлым. Ол жырлардың барлығында азаттық идеясы, отаршылдыққа қарсы күрес құлшынысы баяндалады.
Рухани репрессияның қырғынынан қозғауға қорыққан сала - шежіре. Ондай күдік қамытын кимеген Русская летопись 200жылдан бері шығып келеді. Байқап қарасақ, өздеріне келгенде ашық та, өзгелелер жөнінде тарих қақпасы тарс жабылған. Қазір сол кез кереғарлығының іздегенде көбіне - аңыз, шежірелерге жүгінудеміз. Жоғарыда баяндалған жантүршігерлік жәйттер коммунистік билік басындағылардың байырғы халық өмірін білмей тұрып, жергілікті ұлтшылдықпен күрес ұранымен күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыруға, зорлық пен зомбылыққа қарсы шыққан қазақ зиялыларын қырып жою барысында орын алған ащы шыНДЫҚ.
Елдегі халық билігін жүзеге асыратын Кеңестердің өзі қудаланды. 1937жылдың қаңтарынан 1938 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде республика көлеміндегі аудандық Кеңес атқару комитеттері төрағаларының 98,7%-ы, олардың орынбасарларының 78%-ы, хатшылар түгелдей дерлік, селолық Кеңес атқару коммитеттері төрағаларының 44%-ы, хатшылардың 40,3%-ы жұмыстан алмастырылуға мәжбүр етіледі. Кеңестер съезі таратылады. Халық ұдайы үрейленіп, бір-біріне күдікпен қарайтын күй кешті. Бұл жылдарда қуғын-сүргіннің күшейгендігі соншалық - үштіктің үкімімен сотталғандар саны 103 мыңға жетіп, 25 мыңы атылады. Содан соң пікір айтуға батылы бармайтын көнбіс халық қана қалады. Бұнымен де бітпей 1944жылдан саяси қуғын қайта жалғасады.
Жаз айларында астанадағы лауазымды азаматтар қамауға алына бастады. Шілдеде республика прокуроры С.Есқараев ұсталды. Тамыздың басында ағарту халық комиссары Темірбек Жүргенов, одан сәл кейін Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ұ.Құлымбетов тұтқынға алынды. Ұзамай егіншілік, қаржы, денсаулық сақтау халық комиссарлары Н.Сырғабеков, И.Молдажанов, Х.Нұрмұхамедов, Алматы облыстық және қалалық партия комитеттерінің бірінші хатшысы Ж.Сәдуақасов, Халком кеңестің көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығы Ғ.Тоғжанов ұсталды. Облыстардағы басшылар да бірінен соң бірі қамалып жатты.
Ғалымдар С.Асфендияров, Қ.Жұбанов, Қ.Қожықов абақтыға әкетілді. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды кеңесшіл ақын-жазушылар да түрме төрінен орын алды. Саяси репрессияның 30 жылдар басындағы алғашқы толқынында сотталыып, жазасын өтеп қайтқан А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев секілді алашшыл ғалымдар мен қаламгерлер де бұрындары бір байланған шаладан құтылмай, сол ескі жаламен қайта тұтқындалды.
Мәскеуде Ресей Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов, Бүкілресей Орталық Атқару Комитеттері ұлттар бөлімінің меңгерушісі Н.Нұрмақов Сауд Арабиясындағы елшілік қызметтен шақырып алынып, КСРО Ұлттар кеңесі жанындағы Тіл және жазу жөніндегі орталық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері боп жүрген Н.Төреқұлов, Бұрынғы алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов ұсталды. Ташкентте тұтқындалған Кеңестік бақылау комитеті уәкілінің орынбасары С.Қожанов шұғыл Мәскеуге жеткізілді.
Қазақ әдебиеті газеті 1937 жылғы 13 тамызда : ҚазАПП кезіндегі ұлтшыл фашист-провакатор Байділдиннің зиянкестігін еске бір алып қойып, (әдебиетші Әбдірахмен Байділдин, жазушы Ж.Аймауытов, тұңғыш ұлттық театрдың шаңырағын көтерген мәдениет қайраткері Дінше Әділов, журналист Ахметсафа Юсупов төртеуі репрессияның 1930 жылғы толқынында Мәскеуде атылып, пролетариаттың ұлы көсемі Лениннің туғанына алпыс жыл толу құрметіне құрбандыққа шалынған болатын.), әдебиеттегі алашордашылардың, қазіргі ұлтшыл-фшистердің төбеттері - Нұрмақов, Рысқұлов, Сәдуақасов, Құлымбетов, Жүргенов, Қожанов, Тоғжановтардың қалдықтарын түп тамырымен құрту бүгінгі таңдағы ірі міндетіміз екенін бір минут те ұмытпауымыз керек, - деп, алға аса жауапты да өте биік міндет шығарды. Араға аз уақыт салып, жазушылардың қалалық жалпы жиналысында сөйлеген белгілі қаламгерлеріміздің бірі: Халық жаулары Жүргенов, Тоғжанов ИСКУССТВО жұмысына қырсығын тигізіп, зиянкес істеді, - деп соқты, қазақтың советтік искусстВОСЫН жоққа шығармақшы болды. Сол 37-нің күзінде Мәскеуде Ә. Бөкейханов, Н.Нұрмақов пен Н.Төреқұлов, Алматыда А.Байтұрсынов, Омбыда Қ.Кемеңгеров атылды. Сол 37-нің соңына қарай Қазақстан большевиктері Коммунистік партиясының Орталық Комитеті республика бойынша бірінші категориямен, яғни ату әдісімен репрессиялануға тиіс адамдардың мөлшерін 600-ге дейін көбейтуді сұрап, Мәскеуге өтініш түсірді. Республика басшылығы, сондай-ақ, оған қосымша тағы 1000 адамды екінші категориямен, яғни ұзақ мерзімге соттап жазалауға құлшынды. Ұсыныс 1937 жылғы 3 желтоқсанда БК(б)П Орталық комитетінің Саяси Бюро мәжілісінде бекітілді. Осылай, жау табу және көзін жою орайындағы саяси репрессия ауқымын арттыруды, алған міндеттемесін асыра орындауды көздейтін жоспарлы арнаға салу арқылы, халыққа әкелген қасіреті Отыз жетіден кем түспейтін қанды Отыз сегіздің негізі қаланды. ХХ ғасырдағы тоталитарлық мемлекеттер мен саяси жүйелердің айшықты белгілерінің бірі болған саяси репрессия тарихын алғашқы іргелі зерттеу тақырыбына айналдырған тағы да сол Батыс, анығырақ айтқанда Франция ғалымдары. Олардың орыс тіліне аударылған Черная книга коммунизма. Преступление и террор репрессий. атты еңбегінде тоталитарлық жүйелердің өз халықтарына қарсы жүргізілген террорлық саясатының нәтижесінде құрылған адамдар санына байланысты мынадай фактілер келтірді: Қытайда - өлтірілген адам саны 65млн, Вьетнамда- 1 млн, Солтүстік Кореяда - 2млн, Шығыс Европада - 1мон, Латын Америкасында - 150мын, Африкада – 1,7млн, Ауғанстанда - 1,5 млн адам. Осы аітап авторларының көрсетуі бойынша, жалпы Кеңестер Одағында саяси репрессия құрбандарының саны 20млн адам. Кеңестер Одағында қуғын-сүргін құрбандарының жалпы санына байланысты өзге цифрлық фактілер беретін мысалға А.Овсеенконың Берия атты монографиялық зерттеуінде КСРО да 1923-1953 жылдары жүрген заңсыз репрессиялау саясатының құрбандары 40млн. адамнан асып жығылады.
Жаппай қуғын-сүргін саясатының салдары Қазақстанға ауыр тиді. Белгілі демограф-ғалым М.Тәтімовтың көрсетуіне қарағанда қазақ халқы 1916-945 жылдары аралығында, яғни 30жылдық ойран кезеңінде, 3,5 млн адамға кеміп кеткен (бұл сандық көрсеткішке екінші дүниежүзілік соғыстан оралмаған шамамен 350мың боздақтар да еніп отыр.
Қазақ саяси элитаның қарсылығын тез арада жоймақты мақсат тұтқа Кеңестік билік репрессия семсерін алдымен билікте жүрген С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов,Ы.Мұстабаев және басқа көптеген ұлт қайраткерлеріне сермеді.1927-32 жылдары Алаш қайраткерлерін біржола саясат сахнасынан ығыстыруды көздеген екі бірдей репрессия олқыНЫ нәтижесінде 70-тен астам ұлт азаттық қозғалыс жетекшілері мен белсенділері сотпроцесіне тартылды. 1937-38 жылдардағы - үлкен террорда опат болды. Үкімет бастаушы саяси топты ел мүддесін ерік білдіру құқығынан айырған соң, ендігі уақытта билікке қарсылық көрсетуге қолына қару алып, қарапайым халықтың өзі шықты. 1929-1931 жылдары бүкіл Қазақстанды қамтыған қарулы көтерілістер болып өтті. Олардың ұзынды қысқалы саны 372-ге жеткізеді.
Турасы санға жетпегенмен, бірақ профессор Т.Омарбеков атап өткендей, ұлт-азаттық сипат алғаны, меніңше даусыз.
Міне осы көтерілістерге қатысқан адамдардың саны 80мыңнан асады. Тек ОГПУ органдары ғана олардың 55551-ін соттап, 88-ін ату жазасына бұйырады. Ал ұжымдастыру барысында 100мың адам репрессия құрбаны болды.
1937-1938 жылдары Үлкен террор тұсында Қазақстанда 115мың адам үстіненешқандай да негізсіз қылмыстық істер қозғалған. Олардың 25мыңы ату жазасына бұйырылған.
Мәскеудегі бригада арқылы Қазақ ісін жасаудың ең төте жолын тапкандай болды. Бірқатар аудан, мекеме және өндіріс орындарының басшылары жауапқа тартылып, абақтыға жабылды. Олардың арасында Шымкент қорғасын зауытының директоры Р.Хобдабергенов, облыстағы аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшылары Ұланбек Арғынбеков, Әбдіқадыр Мұстафаев, Лесбек Бекжанов, облыстық партия комитетінің қызметкерлері Т.Ахметов, Ә.Көмекбаев, Е.Тасанбаев және Қ.Ақмырзаев бар еді. Осылайша Қазақстандағыы кеңестік саяси репрессияның жаңа кезеңдегі көрінісі болған Қазақ ісі болып кеткен-ді.
Бүкілодақтық большевиктер КпОК 1937ж ақпан наурыз пленумынан кейін Жер жерде халық жаулары мен екіжүзділерді түбірімен қопару және жою науқаны өріс алған-ды. Қазақстанда да қара құзғын мінген қара киімдічекистердің жазықсыз азаматтарды топырлатып түрмелерге тыққаны, Мәскеудің үлгісімен ашық саяси сот жалғыз рет тек қана Қарағандыда өткізілгені, сол соттың облыс партия-кеңес ұйымдары басшылығына еніп алға, троцкийшілдерді бар дауыспен әшкерелегені, кеңестік демократияны шегіне жеткізе дамытқан күллі жүйенің, кеңестік сөз бостандығаның паш еткен баспасөздің қоғамдық пікірді бұрмалап қалыптастыруға жан сала қызмет еткені, санасы уланған жұртшылықтың әшкерелеген халық жауларына өлім жазасын беруді түрлі жиналыстарында ашу ызаларын төге талап еткені - бәрі бәрі Отыз жетінші жылдың ұмытылмас сүреңсіз суреттері. Жаз айларында астанадағы лауазымды азаматтар қамауға алына бастады. Шілдеде республика прокуроры С.Есқараев ұсталды. Тамыздың басында ағарту халық комиссары Т.Жүргенов, одан сәл кейін Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ұ.Құлымбетов тұтқынға алынды. Ұзамай егіншілік, қаржы, денсаулық сақтау халық комиссарлары Н. Сырғабеков, И.Молдажанов, Х.Нұрмұхамедов, Алматы облыстық және қалалық партия комитеттерінің бірінші хатшысы Жанайдар Сәдуақасов, Халком кеңестің көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығы Ғаббас Тоғжанов ұсталды. Облыстардағы басшылар да бірінен соң бірі қамалып жатты.
Ғалымдар С.Асфендияров, Қ.Жұбанов, Қ.Қожықов абақтыға әкетілді. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды кеңесшіл ақын-жазушылар да түрме төрінен орын алды. Саяси репрессияның 30 жылдар басындағы алғашқы толқынында сотталыып, жазасын өтеп қайтқан А.Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев секілді алашшыл ғалымдар мен қаламгерлер де бұрындары бір байланған шаладан құтылмай, сол ескі жаламен қайта тұтқындалды.
Мәскеуде Ресей Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов, Бүкілресей Орталық Атқару Комитеттері ұлттар бөлімінің меңгерушісі Н.Нұрмақов Сауд Арабиясындағы елшілік қызметтен шақырып алынынды. Бұрынғы алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов ұсталды. Ташкентте тұтқындалған Кеңестік бақылау комитеті уәкілінің орынбасары С.Қожанов шұғыл Мәскеуге жеткізілді. Қазақ әдебиеті газеті 1937ж 13 тамызда : ҚазАПП кезіндегі ұлтшыл фашист-провакатор Байділдиннің зиянкестігін еске бір алып қойып, (әдебиетші Ә.Байділдин, жазушы Ж.Аймауытов, тұңғыш ұлттық театрдың шаңырағын көтерген мәдениет қайраткері Дінше Әділов, журналист Ахметсафа Юсупов төртеуі репрессияның 1930 жылғы толқынында Мәскеуде атылып, пролетариаттың ұлы көсемі Лениннің туғанына алпыс жыл толу құрметіне құрбандыққа шалынған болатын.), әдебиеттегі алашордашылардың, қазіргі ұлтшыл-фшистердің төбеттері - Нұрмақов, Рысқұлов, Сәдуақасов, Құлымбетов, Жүргенов, Қожанов, Тоғжановтардың қалдықтарын түп тамырымен құрту бүгінгі таңдағы ірі міндетіміз екенін бір минут те ұмытпауымыз керек, - деп, алға аса жауапты да өте биік міндет шығарды.
Араға аз уақыт салып, жазушылардың қалалық жалпы жиналысында сөйлеген белгілі қаламгерлеріміздің бірі: Халық жаулары Жүргенов, Тоғжанов искусство жұмысына қырсығын тигізіп, зиянкес істеді, - деп соқты, қазақтың советтік искусствосын жоққа шығармақшы болды. Сол 37-нің күзінде Мәскеуде Ә.Бөкейханов, Н.Нұрмақов пен Нәзір Төреқұлов, Алматыда А.Байтұрсынов, Омбыда Қошке Кемеңгеров атылды. Сол 37-нің соңына қарай Қазақстан большевиктері Коммунистік партиясының Орталық Комитеті республика бойынша бірінші категориямен, яғни ату әдісімен репрессиялануға тиіс адамдардың мөлшерін 600-ге дейін көбейтуді сұрап, Мәскеуге өтініш түсірді. Республика басшылығы, сондай-ақ, оған қосымша тағы 1000 адамды екінші категориямен, яғни ұзақ мерзімге соттап жазалауға құлшынды. Ұсыныс 1937ж 3 желтоқсанда БК(б)П Орталық комитетінің Саяси Бюро мәжілісінде бекітілді. Осылай, жау табу және көзін жою орайындағы саяси репрессия ауқымын арттыруды, алған міндеттемесін асыра орындауды көздейтін жоспарлы арнаға салу арқылы, халыққа әкелген қасіреті Отыз жетіден кем түспейтін канды Отыз сегіздің негізі қаланды. Бұдан елу жыл бұрын, 1938ж 22 наурызда Социалистік Қазақстан газеті Қазақ халқының ежелгі жаулары деген тақырыппен алматыда ұлтшыл-фашист, трокийшіл және буханриншіл пария кеңес қызметіндегі 19 басшының үстінен 6-12 наурызда жабық сот болғанын хабарлады. Олар Отанға опасыздық жасағаны үшін, Қазақстанды СССР-ден бөліп әкетуге, сөйтіп оны шетел империализмінің колониясына айналдыруға тырысқан әрекеттері, терроршылдық істері, зиянкестік және диверсиялық жұмыстары, шетелдік шпионаж жасағаны үшін ату жазасына кесілді және үкім орындалды деп жазды. Қазақ Кеңестік Республикасының бас газеті.
Шыдықтың беті ашылуына Қазақстанның ерікті Әділет тарихи ағарту қоғамы көп ееңбек сіңірді. Міне осы қоғамдық ұйым жинақтаған деректерге қарағанда, 1937ж Алматы облысында атылғандар саны 440болса, 1938ж мыңнан асып кеткен. Жамбыл обл. 1937ж 330адам атылса, 1938ж бұл көрсеткіш 510-ға жеткен.
КСРО Жоғарғы Соты әскери алқасының Алматыда 1938ж 6-12 наурызда өткізген көшпелі сессиясы жайында жоғарыда келтірілген он күннен кейін - 22наурызда жарияланған газет хабары да шындықты жартылай ғана көрсеткені бүгінде анықталып отыр. Біріншіден, басшы қызметкерлерді ату, соның ішінде әлгі газетте тізімі жарияланған азаматтарды атып тастау, жабық сот ашылды деген күннен екі апта бұрын - 1938ж ақпанның ортасынан бастап іске асырылған. Екіншіден, сол жарияланым жарыққа шыққанға дейін, республика аумағын есептемегенде, тек Алматыда ғана алты жүздей боздақ жендет оғына байланған.
Мәселен, 1938ж 15 ақпанда Қоңырқожа Қожықов атылды, ақпанда атылған 39 адамның ішінде С.Асфендияров, Ғ.Бөкейханов, Ш.Дивеев, С.Есқараев, Т. Жаманмұрынов, Қ.Жұбанов, Т.Жүргенов, Ұ.Құлымбетов, І.Құрамысов, С.Меңдшев, І.Молдажанов, Х.Нұрмұхамедов, Қ.Сарымолдаев, Ж.Садуақасов, С.Сейфуллин 27 ақпанда атылған 41адам ішінде болған еді.
Осы кезеңде Мәскеуде Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Ж.Досмұхамедов атылды ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет