Реферат Тақырыбы: " Сталиндік қуғын-сүргін. Оның ауқымы және ауыр зардаптары "



бет7/8
Дата21.11.2022
өлшемі76,8 Kb.
#51466
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Реферат Та ырыбы Сталиндік у ын-с ргін. Оны ау ымы ж не ауы

Қорытынды
Кеңестік тарихтағы ауыр қасіретті оқиғалар, соның ішінде Қазақстан тарихындағы 1937-1938 жылғы жаппай саяси репрессияның алар орны ерекше. Сонау 1920 жылдары орныққан мемлекеттік репрессивты машина бұл кезеңде тоқтаусыз және белсенді жұмыс істейтін механизмге айналды. Соғыстан кейінгі интеллигенцияға қарсы сталиндік қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды. Түрмеге қамау, жер аудару, партия қатарынан және қызметтен босату тәрізді жазалаулартағы да орын алды. Ал мұның өзі, әсіресе, қазақ интеллингенциясын жалтақ, жасқаншақ, тіптен екіжүзді етіп қалыптастырудың жаңа кезеңіне апарды. Бұрын өзінің халқына қызмет ету рухында тәрбиеленген интеллигенцияның орнына енді партияға ғана қызмет етуді ойлайтын интеллигенцияның жаңа буыны қалыптаса бастады. 80-жылдардың соңына 20-30 жылдардағы ұлттық зиялылардың қоғамдық- саяси қызметіне арналған арнайы зерттеу объектісі есебінде жазылған еңбек жоқтың қасы. Қазақстандағы таптық қозғалысқа немесе кеңестік құрылысқа арналған еңбектерге ұлтшылдық, сәдуақасовшылдық, Қожановшылдық, рысқұловшылдыҚ деген айдар көп айтылды, аталмыш қайраткерлердің қызметі мен саяси идеяларын барынша қаралап көрсетуге тырысушылық орын алды. Бір халықтың маңдайына біткен жұлдыздарын, елім, жерім деген арыстарын содырлы саясаттың сойылымен соғып, есеңгіретіп отыруды не деуге болады? Оны тек қана өздерін дәріптеп, өзгені көзге ілмеген шовинизм сырқатының сыртынан іздеу керек. Бұл әдейі зымиян саясатпен саналы түрде жасалған қастандық. Біз, кейінгі ұрпақ, абзал ағаларымыздың қиын-қыстау жағдайдағы айнымас асыл ар ожданын, парасатын қадірлеуіміз қажет. Сондықтан да Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін жылдарын зерттеу өте маңызды.
Талай мемлекеттердің тарихына жүгініп қарап отсақ, дәл мұндай кең көлемде күдікке алу, зұлматқа ұшырату болмағанын көреміз. Алайда бұл ақиқат көп жылдар бойы халықтан құпияланды, оқиғалары бұрмаланды. Ақыры шырылдаған шындық айтылды. Тарихы жазыла бастады. Тағдыры тәлкіге түскендер туралы азалы кітаптар жарық көрді, 31 мамырда жер-жерде еске алу жиындары өткізіліп, ескерткіштер ашылды. Енді сондай зұлматтарға жол бермес үшін саналы болмаққа керек.
Қорыта айтқанда, 1937-38 жж жаппай репрессиялау шаралары мен салдары заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ережелердің бұрмалануы, демократияны бұзушылық пен заңсыздықтың осы жылдарда белең алғаны қазіргі күндерде белгілі болып отыр. Жариялылық тұсында шыншылдықты, ақиқатты қалпына келтіруге, боямасыз көрсетуге ұмтылмас жасалып жатқан бүгінгі таңда сол жылдардың тарихындағы ақтаңдақтар қазір жаңа деректермен, мағлұматтармен ШЫНШЫЛДЫҚ тұрғысынан көрсетілуде.
Қысқасы, 1938ж ақпан-наурыз айларында саяси айыппен атып тастау мейлінше күшейіп, қазақ қоғамының бетке ұстарларын түгелге жуық жойып жіберді. Сол қаралы кезеңге 85 жыл толмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет