Реферат Тақырыбы: " Сталиндік қуғын-сүргін. Оның ауқымы және ауыр зардаптары "


-1938 жылдардағы қуғын сүргіннің басталуы мен себептері



бет2/8
Дата21.11.2022
өлшемі76,8 Kb.
#51466
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Реферат Та ырыбы Сталиндік у ын-с ргін. Оны ау ымы ж не ауы

1937-1938 жылдардағы қуғын сүргіннің басталуы мен себептері
30-жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан қазақстан да тыс қалған жок. жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайына жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып, арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасапжүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937ж басталды.
Қазіргі таңда бүкіл Кеңес елін, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған жаппай репрессиялау шаралары бірқатар факторлардың салдарынан туған деп нақты айта аламыз. Соның ішіндегі ең жетекші фактор - ол белгілі әлеуметтік-саяси күштердің, оның қатарында БК(б)П бар, билік үшін күрес екенін ескеру керек. Бұл күресте Сталиннің жеке билікке жетудегі өз бағыты басым тусті. Сондықтан да саяси репрессияның басты себептерінің бірі осы екенін баса айту өте маңызды.Елде тоталитарлық мемлекетке тән қалыптасқан құрылым пайда болды. Тоталитарлық жүйеге сәйкес ең алдымен мемлекет қоғам мен жеке тұлғаларға үстемдік жүргізіп, қоғамның барлық саласына араласты. Тоталитарлық жүйеге сәйкес мемлекет бір партиялық режимде болды және өзінше механизм қалыптасты: партия мемлекет.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдары үзіліссіз жүргізілген репрессиялық саясаттың тағы бірсебебі орталық басшылық, оның Қазақстанағы өкілі есебінде болған большевиктер партиясының Өлкелік Комитеті осы аталған тарихи мезгілде тікелей өздерінің нұсқалары бойынша жүргізілген экономикалық, саяси және оппозицияға, тіптен жоғары республикалық басшылықта жүріп ақ қате бағытқа жігерлі де табанды қарсылық көрсеткен қызметкерлерге аударуы. Елдегі дағдарысқа кінәлілерді табуға байланысты халық арасынан халық жауларын, зиянкестерді, ұйымдар мен антикеңестік элементтерді іздей бастады. Шахталар мен кәсіпорындардағы кездейсоқ апаттарды, колхоздар мен Совхоздардағы мал жұты, өрт пен басқа да табиғи апаттар сол жаулардың әрекетімен түсіндірілді және соған сәйкес қылмыстық істер қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет