Байланысты: Реферат Та ырыбы Сталиндік у ын-с ргін. Оны ау ымы ж не ауы
Азаптаумекені - лагерьлер КСРО-да талайдың өмірін тозаққа айналдырған 953 лагерь болса, соның үшеуі еліміздің аумағында құрылды. Осындағы атынан адам шошырлық АЛЖИР лагері КСРО дағы әйелдер қамалған жалғыз азаптау орны болды. Көлемі 3га жуық жерді алып жатқан АЛЖИР-де кезінде 30мың әйел жазықсыз жапа шекті. АЛЖИР 1937ж НКВД-ның арнайы бұйрығымен салынды. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрыған осынау тозақ орталығында темір тордың ар жағында 1507 нәресте дүниеге келді.
Карлаг - Қарағанды еңбекпен түзеу лагері - ГУЛАГ архипелагындағы ең ірі азап лагері. 1931-56жж дейін осылай аталған. Ең алғаш 1932ж мұнда 22мың адам отырса, соның 87% қазақтар болды.
1941ж Карлагта соғыс тұтқындарының арнаулы лагері ашылып, 40мың адам әкелінді. қарағандыдан 30км жерде Мамочкин дом аталған Долинканың 4 жасқа дейінгі сәбилер мекемесінде тек 1943ж ғана 450 бала өкпе қабынуынан қырылған.
Степлаг-та 1948жылы 5713адам, 1953 ж 20840 адам, 1956ж 21090 адам азап шекті. 1954ж Степлагта Кенгір көтерілісі деген атпен саяси тұтқындар бас көтеруі болып, ол танк кіргізу арқылы күшпен басылды.
Дерек көздері бойынша, КСРО-да 1937-38 жж, яғни, бас-аяғы бір жылдың ішінде 125 мың адам тоталитарлық режимнің құрбаны болды. Солардың 22 мыңы өлім жазасына кесілді. 1921-54жж аралығында КСРО-да 3 млн 777 мың адам жазықсыз сотталып, 642 мыңы атылды.
Әр жылдары қуғын-сүргін барысында елімізге 800мың неміс, 102 мың поляк, 19мың кәріс, 507мың Солтүстік Кавказ халқы, Қырым татарлары, түріктер, гректер және басқалары жер аударылды. Барлығы 1,5 млн адам көшіп келді.
Тарихшылардың бағалауынша, одақ бойынша 1927-53жж 60миллион адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 103мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Тізімдегі 631 атылған адамның 80%-ы қазақтың белгілі адамдары болған. Көбі алаштың арыстары еді. Батыс Қазақстан бойынша 1937ж 853 адам қуғынға ұшырап, оның 335-і атылған, қалғандары әр түрлі мерзімдерге еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберілген. 1938ж 936 адам тұтқындалып, 690-ы атылған, 246-сы сотталған. Сталиндік қуғын –сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь мен қоныс мекемелер болған. Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасқан. Олар : Алжир, Карлаг, Дальний, Степной, Песчаный, Камыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кеңгір Және Өскемен лагерлері еді.
1937-98жж мұнда 20 мың әйел жазасын өтеді. Олардың арасында бұрынғы көрнекті қайраткерлердің Ә.Рысқұлова, З.Тухачевская, Д.Жүргенова, Ә.Қабылова сияқты әйелдері болды. Мыңдаған жазықсыз жандар Ақмола маңындағы Малиновка ауылына Мәскеуден, Ленинградтан, Одессадан, кең байтақ Кеңес Одағының барлық түкпірінен ағылды. 1938ж 28 ақпанында алғашқы этап келді: аяқтарына жеңіл аяқ киім киген, сәнді де кербез әйелдер Ақмоланың сыз басқан қытымыр табиғатына аяқ басты. Олар мал бақты, бақшада жұмыс істеді, қырқыншы жылдары майдандағы әскерге киім тікті, қамыс шапты. 1937ж жазда әскерилер ісі деген атпен дүниежүзілік баспасөзді Қызыл Армия басшыларын соттаған сот процестері шулатты.
М.Н.Тухачевский. И.Э.Якир, И.П. Уборевич және басқа да әскербасылары Қызыл Армияда антисоветтік торцкистік әскери ұйым құрды және Германияның барлау орындарының қаржыландыруымен жұмыс жасады деген айыпқа ұшырады. Елде қанат жайған әскерилерді соттау нәтижелері төмендегідей болды: БК(б)П Орталық Комитетіне XVII партия съезінде мүше болып сайланған 9қызметкердің 7-уі, Кеңестердің VII Бүкілодақ съезінде КСРО ОАК-нің мүшелігіне сайланған 36 көрнекті командирлер мен әскери саяси қайраткерлердің 30-ы, КСРО Қорғаныс халық комиссариаты жанындағы Әскери Кеңестің 108 мүшесінің 98-і, 1937-38жж халық жаулары, әскери қастанды жасаушылар деп айыпталып атылды.
Топтап жазалаудың нақты көрінісі - 1936-38ж ішінде Қазақстан партия құрамынан 25833 адамның шығарылуы және олардың 8544-нің халық жаулары н емес халық жауларының сыбайластары кулактар, ақ гвардияшылар және т.б. әлеуметтік-бөтен элементтер ретінде айыпталуы еді. Бүгінгі қайраткерді ертеңгі күні-ақ халық жауына айналдырған сталиндік сот процестерінің қасіретті көрінісі осындай еді.