Байланысты: Реферат Та ырыбы Сталиндік у ын-с ргін. Оны ау ымы ж не ауы
Алашордашылар - репрессия құрбаны . Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы күресте әр түрлі айыпталармен ғана шектелсе, одан кейiнгi ол өте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Қазақ тарихының көмескі жазылып, көптеген жайттардан қалың оқырман мақұрым қалып келген мәселе - бұдан жарты ғасыр бұрын саяси қуғын-сүргін зардабын шеккен азаматтар жайлы ақтаңдақтар мен қаратаңдақтар. Сол оқиғаларға көңіл аударар болсақ, зобалаң құрығы ең әуелі Алаш қозғалысының көсемдеріне салынғанын аңғарамыз. Әлихан Бөкейхановтан басқалары түгелге жуық тұтқындалды. Табаны күректей Алаштың 44 азаматы кеңес өкіметін құлату мақсатын көздеген контрреволюциялық ұйым айыбымен сотталды.
Алаш зиялыларына қарсыкүрстің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік Ақ жол газетінің ұстанған бағытынайыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М.Шоқайдың ойымен үндес және пікірлес екенін, яғни Алашорда ұлтшыл идеяларды жаңыртатыны атап көрсетілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Содан кейін-ак партия конференциясында А.Байтұрсынов, Ә,Бөкейханов, М.Дулатов сияқты Қазақ зиялылары тұрған қозғалысты реакцияшыл тіптен, контрреволюцияшыл деп бағалады. Ф.Голощекин мұнымен шектелмеді, 6-партия конференциясында жаппай жерге орналастыру мөлшерін белгілеуге байланысты орталықтан кеоген академикғЫЛЫМИ ЭКСпедияция басшысы профессор Швецовты және егіншілік халық комиссары Сұлтанбековты Ә.Бөкейханов басшылығымен жұмыс істеді деп айыптады. Осы конференцияда Байтұрсыновқа да бізде социализм туралы айтудың қажеті шамалы деп ашықтан- ашық оқушыларды үгіттейді деп шүйлігеді. Осы конференцияда Голощекин өзінің қанды тырнағына Х.Досмұхамедовты да іліктірді. Қазақстандағы негізгі марксист Голощекин алашордашы Досмұхамедов өзін барлық қазақ зиялыларымен шатастырып отыр деп айыпталды. Осы кезеңде кейбір қазақ партия қайраткерлері де алашордашылады жөнсіз айыптаулармен шектелмей, қайраткерлерді де қуғындауға жол берді.Олар тіпті осы ұлтшылдардың жаңа өкілдері алаштықтарға қауіпті, тек бұрынғы алашордашылармен ғана алысып, бұларды естен шығаруға болмайды,-дейді. Қазақ саяси элитаның қарсылығын тез арада жоймақты мақсат тұтқа Кеңестік билік репрессия семсерін алдымен билікте жүрген Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Сәдуақасов, Жалау Мыңбаев, Нығмет Нұрмақов,Ыдырыс Мұстабаев және басқа көптеген ұлт қайраткерлеріне сермеді.1927-32 жылдары Алаш қайраткерлерін біржола саясат сахнасынан ығыстыруды көздеген екі бірдей репрессия олқыНЫ нәтижесінде 70-тен астам ұлт азаттық қозғалыс жетекшілері мен белсенділері сотпроцесіне тартылды. 1937-38 жылдардағы үлкен террорда опат болды. Ұлт намысына тиетін қисынсыз әрі өктем большевиктердің революциялық зорлығына қарсылықты алдымен ұлттық басқарушы топ көрсетті. Алдымен кеңстік биліктің негізсіз ұстанымын Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған Алаш қозғалысының жетекші тобы сынға алынды. Бұл топтың сыны мазмұны жағынан кеңестік биліктегң Т.Рысқұлов пен Смағұл Сәдуақасов бастаған ұлттық элитаның европада эмиграция жүрген М.Шоқайдың пікірмен бір жерден шығып кетті. Қазақ зиялыларының жікке бөлінуі қолдан жасалған және бірнеше кезеңге созылған күрделі процесс. Ең алғаш большевиктер Ә.Бөкейханов Алашорда қайраткерлерін биліктен ығыстырып шығарды. Одан кейін бұл үрдіс 1925-30ж қайта жалғасты. Үшінші кезеңде 1937-38 шарықтау шегі шегіне жетті. Осы жылдары қазақ зиялылары: М. Масанчи, Л.Мирзоян, Ж.Досмұханбетов, Х.Досмұханбетов, Б.Майлин т.б. атылды.