Реферат тақырыбы: Бата-тілектердің тәлімдік мәні Орындаған: Р.Құрметбек Тексерген: Б. Есенбаева Алматы 2022


Этнограф Серік Негимов осылай дейді



бет2/6
Дата24.03.2023
өлшемі30,27 Kb.
#76012
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Этнограф Серік Негимов осылай дейді.
– Тәрбиенің бастауы болған аталардың қасиетті сөзін ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, ақыл елегінен өткізіп, тексерілген өмір тәжірибесінің тарихи санасының даналық қорытындысы. Шынайы шеберлікпен тоқылған бата берудің рәсімі де әртүрлі. Қазақ үйіне келген мейманға мал сойып, бата сұраған. Бата сөзде мейман үй иесінің, отбасының бәле-жаладан аман болуын тілейді.
Сонымен қатар бата сөздерде қазақтың тарихи салт-дәстүрі, танымдық ерекшеліктері, этикалық–адамгершілік келбеті, жанұя жарастығын сақтауы, ұрпағын тәрбиелеуге негізделген арман-аңсары көрініс тапқан. Ондағы ғибратты сөздер ұрпақты әділетті, салиқалы, көркем мінезді болуға тәрбиелейді. Қарынның қамын емес, халықтың қамын ойлауға шақырады. Сондай-ақ адамның ақыл-ой, таным-пайымын кеңейтуге жол ашады, – дейді Серік Негимов.
Батаның ең көп тараған түрлері бала дүниеге келгенде, бесікке салғанда, жол жүргенде, қан майданға аттанғанда, келін түсіргенде, ас қайырғанда, қоныс тойда, ұлыстың ұлы күнінде, ұлкендерге құрмет көрсеткенде айтылады. Соған қарай алғыс айтқанда, игі бастамаларға, мерекеде, сапар-жорыққа, тойда, асқа берілетін бата болып бірнеше түрге бөлінеді. Ал адамшылыққа жатпайтын, жан түршігерлік қылық жасағандарға теріс бата берген. Яғни, бата белгілі бір кезде, белгілі бір адамға қарата айтылған. Мысалы, Е құдайым, жарылқа,
Жарылқасаң малды қыл,
Біткен жұрттың алды қыл,
Бұған қас қылғанның,
Малын алып зарлы қыл" деп Алладан отбасына ырыс, береке сұрай отырып, бәле-жаладан сақтауын тілеген.
Қазақ үшін батаның қасиетті ұғым болғанына лиро-эпостық жырлар мен көркем шығармаларға арқау болған жастардың өмірі дәлел. Онда ата-анасының ақ батасын алмай қосылған екі жас мақсат-мұратына жете алмайды. Мысалы, "Қыз Жібек" жырындағы Төлеген әкесінен теріс бата алып, ғашығына қосыла алмай, арманда дүниеден өтеді. Сондықтан қазақ кез келген істі үлкендердің батасын алып бастайды.
Серттесу батасы
Бұл бата құдалықта, ел арасындағы маңызды шараларда жасалады. Оны бұзу қарғыспен тең. Қазақ баталауды елдіктің, тектіліктің, азаматтықтың белгісі деп білген.
Этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлы баталасуға байланысты өз зерттеулерінде мынадай мысал келтірген: XVIII ғасырда Шақшақ қайтыс болғанда жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтының Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған
Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып, "Сомалтын – қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өлсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын" деп қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ.
Қазақ баталарында этика, мораль, ар-ождан, ынтымақ, бірлік, молшылық, бақыт, қонақжайлылық, амандық-саулық мәселелер қозғалады. Мысалы ұлыстың ұлы күнінде:
Ұлысың оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын, Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын, Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! – деп, батагөйлер халыққа мереке батасын берген.
Ал Сегіз серінің Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантайға берген батасында ұлы елдің жүгін арқалайтын, ақылгөй болуын тілеп, ақ батасын берген. Батасы қабыл болып, Қаныш Сәтбаев атақты ғалым болған.
– Жалпы үлкеннен бата алған барлық адамның сол ақ батамен көгеріп, өркендеуіне септігін тигізетінен куә болып жүрміз, – дейді Серік Негимов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет