Реферат тақырыбы: Еңбек шарты. Жұмыс уақыты. Тынығу уақыты. Тексерген: Смагулов Ж. К. Орындаған: Жақсылық Н. Ж. МазмұНЫ



бет10/13
Дата05.11.2022
өлшемі38,53 Kb.
#47640
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
71-бап. Жұмыс уақыты режимі

  1. Жұмысшылар үшін екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігін ескере отырып және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

  2. Өндірістердің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

  3. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын жұмыс беруші еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарына немесе жұмыс берушінің актісіне сәйкес белгілейді.

  4. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспауға тиіс.

73-бап. Ауысымдық жұмыс

  1. Ауысымдық жұмыс өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыстың рұқсат етілген ұзақтығынан асатын жағдайларда белгіленуі мүмкін.

  2. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне ауысу ауысым кестелерімен белгіленеді.

  3. Ауысым кестесін жұмыс беруші қызметкерлердің назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жеткізеді.

  4. Қызметкерді қатарынан екі жұмыс ауысымы ішінде жұмысқа тартуға тыйым салынады.

76-бап. Түнгі жұмыс

  1. Түнгі уақыт 22-ден 6 сағатқа дейін деп саналады.

  2. Түнгі уақытта жұмысқа жіберілмейді:

    1. он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер;

    2. жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтама берген жүкті әйелдер.

3. Мүгедектігі бар жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша оларға мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
4. Жұмыс беруші келесі қызметкерлердің жазбаша келісімінсіз түнгі уақытта жұмысқа тартуға құқылы емес:

    1. жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдер және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдар;

    2. 2) работников, воспитывающих детей с инвалидностью до восемнадцати лет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет