Реферат тақырыбы: Еңбек шарты. Жұмыс уақыты. Тынығу уақыты. Тексерген: Смагулов Ж. К. Орындаған: Жақсылық Н. Ж. МазмұНЫ


-бап. Демалыс және мереке күндері жұмыс істеу



бет12/13
Дата05.11.2022
өлшемі38,53 Kb.
#47640
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
85-бап. Демалыс және мереке күндері жұмыс істеу

  1. 1. Ауысым кестесі бойынша немесе вахталар кестесі бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді мереке күндері, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндері жұмысқа тарту үшін жұмыскерлердің жазбаша келісімі және жұмыс берушінің актісін шығару талап етілмейді.

Осы Кодекстің 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыс және мереке күндерінде жұмыс істеуге қызметкердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.

  1. Демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін қызметкерге оның қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 109-бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді.

  2. Мереке күндері, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

  3. Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтама берген жүкті әйелдерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға тыйым салынады.

87-бап. Демалыс түрлері

  1. Қызметкерлерге демалыстың келесі түрлері беріледі:

1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
2) Әлеуметтік демалыстар.

  1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің демалуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге, денсаулығын және қызметкердің өзге де жеке қажеттіліктерін нығайтуға арналған және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, күнтізбелік күндердің белгілі бір санына беріледі.

  2. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының келесі түрлері беріледі:

1) жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы;
2) жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы.

  1. Әлеуметтік демалыс деп ана болу үшін қолайлы жағдайлар жасау, скринингтік зерттеулерден өту, балаларды күту, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.

  2. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстың келесі түрлері беріледі:

1) жалақысы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды)асырап алуға байланысты демалыс;
4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс;

  1. бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс;

  2. жүктілігі бойынша Медициналық есепке қоюға арналған демалыс он екі аптаға дейін кемінде үш жұмыс күні мөлшерінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет