Реферат тақырыбы: Еңбек шарты. Жұмыс уақыты. Тынығу уақыты. Тексерген: Смагулов Ж. К. Орындаған: Жақсылық Н. Ж. МазмұНЫ



бет7/13
Дата05.11.2022
өлшемі38,53 Kb.
#47640
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Жақсылық Н.Ж.ТФК-408.ТК-1.еңбекті қорғау

Жұмыс берушінің міндеті

Жұмыскердің міндеті

1.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, осы Шарттың және ол шығарған актілердің талаптарын сақтау;
2.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
3. қызметкерге еңбек заңнамасында, осы Шартта және жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақыны және өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеу;
4. қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен, ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен және лауазымдық нұсқаулықтармен таныстыру;
5. қызметкерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
6. қызметкерді өз қаражаты есебінен еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету;
7. қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру;
8. қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын, қызметкерді зейнетақымен қамсыздандыруға ақшаны ұстап қалу және аудару туралы мәліметтерді қамтамасыз ету;
9. қызметкерді зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары және кәсіптік ауру мүмкіндігі туралы ескертуге;
10. жұмыс орындарында және технологиялық процестерде тәуекелдердің алдын алу бойынша шаралар қабылдау, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізу;
11. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.

1. тараптар қол қойған күннен бастап осы Шарт бойынша міндеттерді орындауға кірісу;
2. осы Шартқа және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Еңбек міндеттерін орындау;
3. еңбек тәртібін және еңбек заңнамасының, осы Шарттың және жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтау;
4. жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтау;

5. Жұмыс берушінің және басқа да қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;


6. адамдардың өмірі мен денсаулығына, Жұмыс берушінің және басқа да қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындауы туралы жұмыс берушіге дереу хабарлау;
7. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
8. жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын мақсатына сай қолдану және пайдалану;
9. жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектерде өтеуге;
10. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет