Реферат Тақырыбы: «Теориялық археология»



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі36,61 Kb.
#118099
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Теориялық археология


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Реферат
Тақырыбы: «Теориялық археология»

Орындаған: Ералы Айғаным Мейрамқызы

Жлспар


Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
1 Археологияның оқу пәні ретіндегі пәні мен міндеттері. 4
2. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. 5
3. Археология теориялық және оның бөлінуі. 7
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер 12


Кіріспе


Археология – тарих ғылымдарының бірі. Ғылым аты гректің archaios- көне және logos- сөз (ғылым) сөздерінен шыққан. Негізінен алғанда заттық деректемелер арқылы адамзаттың арғы дәуірлерін таниды.
Бастапқыда «археолог» деп көне дәуірлермен шұғылданған зерттеушіні атаған. Алғашқы қазба жұмыстары (көне замандардағы және орта ғасырлардағы көнеліктерді жерден қазып алуды көздеген патша және билеушілер әрекеттерін есептемегенде) ХVІІІ ғасырдың басында жүргізілді /1711 ж./. Ол кезде Италиядағы антик заманның Помпей қаласын аршып алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар бастапқыда шұңқырлап қазу сияқты ғылыми әдістер әлі қалыптаспаған заманда басталса да, заман өте зерттеудің жетілген үлгілері қолданысқа енеді. Бұл орайда XIX ғасырдағы итальян археологы Фиорелли үлкен еңбек атұарды. Жерорта теңізінің жағалаулары мен аралдарында, континентті Европада және Азияның, Африканың жекелеген аймақтарында жүргізілген қазба жұмыстары археологияны ғылым ретінде қалыптастырды. Жазу мәдениеті шыққанға дейінгі алыс замандар осы жолмен зерттеле бастады, археологияның зерттеу әдістері молығып, ұғымдары анықталды.
Теориялық археологияны дамытуда, қола ғасырын тануда скандинавиялық зерттеушілер Томсен, Ворсо, Монтелиус, ал ертетасты зерттеуге француз Мортилье ерекше үлес қосты. Өзге бір археологтар сенсациялық жаңалықтар ашты. Мәселен, ағылшын Эванс Жерорта теңізіндегі қола ғасырының Крит мәдениетін ашты. Неміс Шлиман аңызды Троя қаласының орнын Түркия жеріндегі Ғиссарлық төбесінен тапты. Қазу жұмыстарының ғылым қалыптастырып келе жатқан әдістерін қаражат иесі Шлиман ескермей, ескерткішке көп нұқсан келтірсе де, ол археологияға деген өз қызығушылығын өзгелерге де, әлем жұртшылығына да дарыта білді. ХIХ ғасыр соңында көне Троя қаласын археолог Дерпфельд дұрыс зерттеп, Шлиманның қателерін түзеді. Сөйтіп, жер бетіндегі өткен замандардың таңғажайып өркениеттері көпшілікке әйгілі болды, тас ғасыры, оның кезеңдері, қола дәуірі, ертетемір туралы түсініктер әдебиетке енді.
Ресейдегі алғашқы археологиялық зерттеулер барлау сипатында 18 ғасырдың бірінші ширегінде жүргізіле бастады. Бірінші Петр заманында және одан кейін көнеліктер іздестірілді және соған байланысты көптеген ескерткіштерге нұқсан келтірілді. Көнеліктерді төбешілер (бугровшиктер) тонады. Жағдай ІІ Екатерина заманында ғана оңала бастады. Орыс жеріндегі қорғандар да әуелі дұрыс зерттелмей, шұңқырлап қазып, заттар ғана іздестірілді. Патшалық Ресейде ғылыми әдістерді археологтар Городцов, Фармаковский, Спицын сияқты зерттеушілер орнықтырды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет