А. АҚЫНБеКҚЫЗЫ, Р.А. ОРСАевА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ӘйелдеР ҚылМыСТылыҒыНА ҚылМыСТыҚ-ҚҰҚыҚТыҚ СИПАТТАМА
Әйелдер қылмысы – жалпы қылмыстың бір бөлшегі. Бұл қылмыс әйелдердің
қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен функциясымен тікелей байланысты. Әлеуметтік
жағдайдың өзгеруі мен әйелдер өмірінің өзгеруі – олардың әлеуметтік рөлін, қылмыстық
тәртібінің тәсілін өзгертті.
түйін сөздер: қылмыс, қылмыстылық, әйелдер қылмыстылығы, қылмыстылық
себептері, ескерту шаралары.
УГОлОВНО-ПРАВОВАЯ ХАРАКТеРИСТИКА ЖеНСКОй ПРеСТУПНОСТИ
Женская преступность представляет собой часть общей преступности, совокуп-
ность преступлений, совершаемых женщинами. Эта преступность обладает определен-
ными особенностями, связанными с социальной ролью и функциями женщины, своео-
бразным образом жизни и профессиональной деятельностью, психофизиологической
спецификой, а также с ее исторически обусловленным местом в системе общественных
отношений. С изменением социальных условий и образа жизни женщины, ее социаль-
ных ролей изменяются характер и способы ее преступного поведения.
Ключевые слова: преступление, преступность, женская преступность, причины
преступности, меры предупреждения.
CRiMiNAL-LEGAL DESCRiPTiON OF WOMAN CRiMiNALiTy
Woman criminality is part of general criminality, totality of the crimes accomplished
by women. This criminality possesses the certain features, related to the social role and func-
tions of woman, original way of life and professional activity, психофизиологической spe-
cific, and also with her historically conditioned mestome in the system of public relations.
With the change of social terms and way of life of woman, her social roles character and meth-
ods of hercriminal behaviour change.
Keywords: crime, criminality, woman criminality, causes of crime, measures warning.
SOCiAL SCiENCES AND HUMANiTiES
211
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы
17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «...әлемнің дамыған 30 елінің
қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі
және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес
сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек.
Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс. Сот жүйесі
іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше
алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арт-
тыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен
және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс...», – деген болатын [3].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Барлық
құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет», – деуі біздің
тұжырымымызша, мемлекет шеңберінде болып жатқан жағдайлардың барлығын
шешу дегенді білдірсе керек. Оның ішіне қылмыстылық мәселесін де кіргізуге
болады.
елбасының 2014 жылғы 11 қараша айындағы «Нұрлы жол – болашаққа ба-
стар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы да еліміздегі әлеуметтік-экономика-
лақ салаларды толық қамтып: «...Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді ба-
сты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық.
Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекем-
деп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан
таусылмас қуат көзі...» [4], – деуінің өзі жалпы қоғамдағы тыныс-тіршіліктің өз
қолымызда екенін көрсетсе керек.
Қоғамның дамып-өркендеуі үшін қылмыстылықтың өспей, керісінше, өшуі
орын алар болса, ол болашаққа деген сенімді арттыра түсері сөзсіз.
Жалпы қылмыстылық, соның ішінде әйел адамдар тарапынан жасалатын
қылмыстық әрекеттерді саралайтын болсақ, олардың тарапынан жасалып жатқан
жат әрекеттердің өте көп екендігіне көз жеткізер едік.
Әйелдер қылмыстылығын тереңірек сараласақ, олардың қылмыстық мiнез-
құлқын зерттеу мен зерделеу жеткiлiктi меңгерiлмегендігіне куә боламыз. Олай
деуге себеп – отандық ғалымдар тарапынан жазылған зерттеулердің аздығы мен
олардың қылмыстарының ерекшеліктеріне байланысты кешенді жүргізілетін
бағдарламалардың болмауы. Сондықтан болар, әйелдердің қоғамға қауіпті,
құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің нәтижесі ортаға, отбасыларына керi әсерiн
тигiзiп қана қоймай, өзгелердің де санасын «улап» кері әсерін тигізуде.
Әйелдер қылмыстылығы – қоғамның, оның рухының салауатты жүрiс-
тұрысының көрсеткiшi, адамзат құндылығының негiзiне деген қатынасы.
Әйелдер мен кәмелетке жасы толмаған қыздар қылмыстылығының ара-
А. АҚыНБеКҚыЗы, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 210-220
iSSN 1683-1667
212
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
сында тығыз байланыс бар екені белгілі.
Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, соңғы жылдары әйелдер
қылмыстылығының өсу қарқыны жоғары екенін көрсетіп, соның ішінде 9-15 жас
аралығындағы кәмелетке жасы толмаған жас қылмыскерлер – қыздар санының
өсе бастауы алаңдатушылық туғызуда.
ішкі істер министрлігінің мәліметтері жас қыздардың iшкiлiк, маскүнемдiк,
нашақорлық, жезөкшелiк сияқты қылмыстық әрекеттерге көп баратынын көрсет-
ті. Болашақ ана атанатын жас қыздарымыздың адам өміріне қарсы қылмыстарға
да қатысуы кімді болмасын алаңдатпай қоймасы анық.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 2-бабы қылмыстық
заңдылықтардың міндеттерін айқындап көрсеткен: «Адам мен азаматтың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған
ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық
тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық
қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау...».
Қылмыстық Кодекс бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін адам, қоғам мен
мемлекет үшін қандай әрекеттің қауіпті екенін, қандай жаза қолданылатын,
қандай қылмыстық-құқықтық шаралармен әсер етуге болатынын айқындап, ең
бастысы қылмыстық жауаптылық негіздерін белгілеген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Конституциялық
қағиданы басшылыққа ала отырып, ең алдымен адамдарды, олардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғауды бірінші орынға қойған.
Сондай-ақ, қылмыстық заңдылықтың алдындағы ең басты міндеттер
ретінде: қорғау, ескерту, тәрбиелік сипаттағы міндеттер қойылады.
Қылмыстық заңның қорғау міндеті – Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексінің 2-бабындағы объектілерді қандай да болмасын қол сұғушылықтан
қорғап, қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану.
Яғни қылмыстық заң қылмыстық әрекетке қандай жаза түрлері мен мөлшері
қолданылатынын да айқындап бергеніне көз жеткізуге болады.
ескерту – қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі. Осы тұрғыдан
алсақ, қазіргі кезде әйелдердің қолымен іске асқан қылмысты істердің нақты
көрністерін анықтап қана қоймай, оның алдын алуды да ойластырған дұрыс
сияқты. Жалпы алғанда әйелдер қылмыстылығының салдарымен күрес
жүргізгеннен, оны тудыратын белгілі себептермен күрес жүргізіп, оның қандай
жағдайда орын алғандығын анықтау арқылы нәтижеге жету тиімдірек болары
айтпаса да түсінікті.
Қылмыс – әлеуметтік құбылыс, сипаты жағынан оның себептері
әлеуметтенген деп қорытынды жасауға болады. Қылмыстың себептері қылмыстың
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
213
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
өзі сияқты объективті және заңды. Бұл біздің мемлекетіміздің барлық өткен
қалыптасу кезеңінде шын мәнісінде қылмыстың болғанын және онымен күресуде
қандай да бір табыстың, елеулі нәтижелердің жоқтығын дәлелдейді. Мұны
қылмыс динамикасы, жағдайы, құрылымының тұрақтылығын анық көрсететін
мәліметтер куәлайды. Онымен қылмыстық-құқықтық күресу нәтижесінде
қандай да бір қылмыс түрлерінің жойылғандығы туралы мәліметтер де жоқтың
қасы. Кейбір авторлар қылмыстың және жеке қылмыстардың себептері түсінігін
субъективтілікке, психологиялық сәтке, адам санасында шоғырланған кемістікке
апарып соғады.
Әйелдер қылмыскерлігі еркектер кылмыскерлігіне қарағанда өзінің си-
патымен және салдарымен, қылмыс жасау тәсілдерімен және кұралдарымен,
кұрбанды таңдау түрімен және отбасылық-тұрмыстык мән-жайлар жағдайымен
ерекшеленеді. Сонымен қатар әйелдер жасаған қылмыскерлікте сезімге берілу,
ойланбай істеу жағы басым болады.
Соңғы кездерде қылмыс жасайтын әйелдер саны еркектерге қарағанда
жылдам қарқын алуда. Мысалы, 1991 жылы қылмыскер әйелдердің анықталған
қылмыскерлердің жалпы санындағы үлесі 10,6% болса, бұл көрсеткіш 1995
жылы – 14,9%, 1999 жылы – 15,1%, 2000 жылы 16,3% жетті.
Қылмыстық заң нормаларын бұзған әйелдер санының өсу деңгейі ер адам-
дар жасаған қылмыстылықтан жоғары екенін көрсеткендей. Оған дәлел ретінде
әйелдер қолымен іске асқан қылмыстылық деңгейінің тек көбейгенін айтсақ
жеткілікті болар. Мәселен, 2001 ж. – 26,0%, 2002-2005 жж. – 38,1%, 2006 ж. –
35%, 2007-2010 жж. – 39,0%, 2011-2012 жж. – 41%, 2013 ж. – 40,3%. Ал 2014
жылдың бірінші үш айында ғана 25,7% әйелдер тарапынан қылмыстық әрекет
орын алған.
Қылмыстық іс-әрекетке барған әйелдер саны 2000 жылмен салыстырғанда
2013 жылы 2 еседен көп өскен, ал еркек қылмыскерлер саны 1,3 есе ғана
өскендігімен ерекшеленді.
Нақты деректер әйелдер арасында жиі кездесетін қылмыстардың ұрлық
(22,1%), есірткі заттарын не психотроптық заттарды заңсыз даярлау, иелену,
сақтау, тасымалдау не сату (9%), алаяқтық (3,5%), иемдену және жаратып қою
(3,3%) екендігін көрсетті.
Меншікке қарсы қылмыстардың ең көп таралғаны ұрлық екені белгілі. Бұл
қылмыстың түріне көбінесе, жасөспірімдер, криминалдық «әлемде» өзінің оры-
нын алған әккі ұрылар мен қоса соңғы жылдары әйел адамдар мен жас қыздар
да көп барады. Статистикаға жүгінер болсақ, бұл қылмыстық әрекетке барған
әйелдер саны 35,7%-дан (1995) 52,1%-ды (2013) құраған.
Жалпы әйелдер қылмыстылығына байланысты жүргізілген крими-
нологиялық зерттеулер әйел ұрлықтарының сапалық сипатының өзгергендігін
А. АҚыНБеКҚыЗы, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 210-220
iSSN 1683-1667
214
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
көрсетіп отыр. Яғни ұрлық – жасырын түрде бөтеннің мүлкін иелену екенін
ескерсек, кейінгі кездері әйел адамдар арасында жасырын ұрлап алуды бұзып
алуға алмастырғандар да баршылық.
Экономикалық қызмет саласындағы әйел қылмыстылығының өзіндік
ерекшеліктері бар екенін айтпасқа болмайды.
Белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы е.О. Алаухановтың пікірінше,
біріншіден, қылмыскерліктің бұл түрінің әйелдер қылмыскерлігіндегі үлесі
29,2% болса, мұндай көрсеткіш еркектерде 2,9% екен, яғни айырмасы 10 есе-
дей екен. Ары қарай автор екіншіден, тұтынушылар құқықтарын, кәсіпкерлік
және банк қызметін жүзеге асырудың белгіленген тәртібін бұзу, монополизммен
және әділетсіз бәсекелестікпен байланысты үйреншікті емес қылмыстар сияқты
құқық бұзушылық әйелдерге тән екенін көрсетті.
Сондай-ақ ғалым, үшіншіден, әйелдердің экономикалық сипаттағы
қылмыстары олардың басқа қылмыстарына қарағанда жиі кездесетіндігін айтады.
Оның басты себебі, экономиканың сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, банк және
т.б. сияқты салаларында әйелдер саны еркектерден басым екенін тұжырымдады
[5]. Заң ғылымдарының докторы, профессор е.Ш. Қайыржанов та дәл осындай
астарлы ой айтып, пікір білдірген [8]. Ресейлік белгілі ғалымдар Ю.М. Антонян,
В.А. Ананич те тұжырымды ойларын саралағандардың бірі [6, 7].
Жалпы қылмыс жасайтын әйелдер арасында ұрлыкпен ұдайы айналы-
сатындары да кездеседі, олар – негізінен қайыршылар, қаңғыбастар, тұрақты
мекені жоқтар. Мұндай адамдар қылмыскерліктің алдын алуға бағытталған ша-
раларды жүзеге асыруда аса қиындық тудырады.
Сонымен қатар әйелдердің зорлық көрсететін қылмыстары еркектердің
сондай қылмыстарымен салыстырғанда бар болғаны 7-10%-дай ғана, мұны ер-
кектер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдерінің әртүрлі екендігімен түсіндіруге бо-
лады. Қылмыстың бұл түрлерін әйелдердің жасау себептері де өзгеше. Көбіне
оларды қызғаныш, өш алу, біреуден құтылу сезімдері басқарады. Көптеген
қылмыстарды әйелдер сол жәбірленушінің заңға қайшы әрекетіне жауап ретінде
жасайды.
Соңғы кездері әйелдер арасында бұзақылық немесе пайдақорлық ниетпен
адам өлтіру, қарақшылықпен тонау, аса қатыгездік көрсету сияқты қылмыстар
етек алып барады, мұны әйелдердің әлеуметтік рөлдерінің өзгеруімен, отбасы
институтының күйреуімен, әйелдердің психологиялық сенімсіздігімен, бала
тәрбиелеуге құқының жоқтығымен, әртүрлі келеңсіз мән-жайлардың ықпалымен
түсіндіруге болады.
Жалпы заңдылық пен әділ соттылықты жүзеге асыруда Қылмыстық
құқықтың ерекше бөлімінің маңызы өте зор. Сондықтан болар, Қазақстан
Республикасының Қылмыстық құқығының 19-бабынын 3-тармағында
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
215
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
көрсетілгендей, қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа
кінәлі деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі, атап айтқанда,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-бабына сәйкес, адамды
қылмыстық жауапқа тарту үшін оның жасаған іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс
құрамының белгілері болуы керек екендігін және қылмыстық заңда көрсетілген
қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық
жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Осыған ұқсас нормалар
Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нор-
маларында да бірнеше рет көрсетілген. іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ
адамдар қылмыстық жауапқа және жазаға тартылмайды.
Қазақстан Республикасындағы әйелдер қылмыстылығына жалпы сипатта-
ма бермес үшін, жалпы адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде
белгілі, нақты бір немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған
жағдайда ғана жүзеге асырылатынын білу керек сияқты. Мәселен, кісі өлтіру,
бұзақылық, тағылық, әйелді зорлау т.б. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы
істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке
Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға
беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды. Қылмысты
дұрыс саралау – құқық қолдану органы қызметкерінің қызметтік борышы, негізгі
міндетті [2].
Қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекеттерді Қылмыстық
құқықтың Жалпы және ерекше бөлімдеріндегі баптарға дәлме-дәл жатқызу,
дұрыс саралау заңдылық принціпін бұлжытпай жүзеге асырудың шарты бо-
лып табылады. егер нақты бір іс-әрекетті, мысалы ұрлықты, бір сот ұрлық деп,
екіншісі тонау, ал үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөніндегі
конституциялық принциптің өрескел бұзылғандығы болып саналады. Сондықтан
да қылмысты дұрыс саралаудың өзі мемлекеттің жаза мәселесін қолдану
саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғышарты болып табыла-
ды. Қылмысты дұрыс сараламаудың нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған
кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
Қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған ба-
сты мақсаттарының бірі жасалған іс-әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау
принципіне қайшы келеді.
Қылмысты дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін,
құрылысын, қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. істелген қылмыстың
статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес
жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның
жағдайын, сандық, сапалық көрсеткіштерін, жасаған қылмыстардың мәнін,
қылмыскердің тұлғасын толық ашу қажет. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып,
А. АҚыНБеКҚыЗы, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 210-220
iSSN 1683-1667
216
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қылмыспен күрес жүргізу өзінің онды нәтижелерін бермейді. Қылмысты дұрыс
саралау сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық, әділеттілік
принциптерінің іске асырылуының басты шарты болып табылады. Құқық қорғау
және құқық қолдану органдары беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген
іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруіне де тікелей байланысты. Заңға негізделген
әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады.
Қылмысты дұрыс саралау жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Кон-
ституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын
қорғаудың кепілі болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған
адамға тигізетін зардабы да зор. Кінәлінің іс-әрекетін дұрыс сараламау оның
заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады. іс-әрекетті
дұрыс сараламау салдарынан адамға заңға негізделмеген жаза тағайындалып
қана қоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеліп
соғады. Мысалы: қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда, оған көп немесе
аз жаза тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дұрыс сараламау оған белгіленген
түзеу колониясының түріне де, сондай-ақ кінәліні мерзімінен бұрын шарт-
ты жазамен босату немесе босатпауға да әсер етеді. Қылмысты дұрыс
саралаудың маңызы ерекше. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының Пленумдарының көптеген қаулылары арналған. Жоғарғы Сот Пле-
нум қаулыларында соттардың заң талабын дәлме-дәл сөзсіз орындай отырып,
жасалған іс-әрекетке заң нормаларының талабына сай баға беріп, кінәлінің іс-
әрекетінде қылмыс құрамының белгілері бар ма, жоқ па, осы жағына ерекше мән
беріп, заңдылық принципінен еш уақытта да ауытқушылыққа жол бермеуі керек
деп ескертті.
Қазіргі кезде ТМд елдері Батыс еуропаға, басқа да шетелдерге тірі тау-
ар дайындап жеткізіп берудің көзіне айналып отыр. Бет-келбеті, бітім пошы-
мы жақсы қыздарды шетелге барып биші, фотомодель, массаж жасаушы болып
жұмыс істеуге, жақсы ақша тауып келуге көндіреді де, жол құжаттарын рәсімдеу
сылтауымен олардың төлкұжаттарын алып қояды, содан соң шетелде оларды
жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді, қолында құжаты жоқ олар еліне қайта
алмайды.
Жәбірленушілер кұқық қорғау органдарына ресми хабарлаудан бас
тартатындықтан, қылмыстың бұл түрінің де латенттігі жоғары.
Өнегелік құндылықтың қоғам өміріндегі рөлі күрт төмендеді. Жастар от-
басы ықпалынан ерте шығып кетеді, жыныстық қатынаска ерте кіреді, оны еш
ар санамайды. Жыныстық қатынасты дәріптейтін неше түрлі баспа материал-
дар, телебағдарламалар, бейнежазбалар халықка кең таралады. Көбісі заңсыз
шығарылады. ер-әйелдерді таныстыру, басын қосу деген себептермен неше
түрлі қызметтер көрсетіледі, олардың басты мақсаты жезөкшелікке жол ашып,
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
217
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
содан пайда түсіру екені айтпаса да түсінікті.
Зорлық-зомбылықтан және құкыққа қарсы әрекеттерден жәбір шеккен
әйелдерге көмекті отбасы мен балаларға әлеуметтік кызмет көрсету мекемелері,
әйелдерге арналған мамандандырылған дағдарыс орталықтары көрсетеді, олар
халықты әлеуметтік қорғау органдарының қарамағында жұмыс істейді. Бұлардан
азаматтар мамандардың (психологтердің, заңгерлердің, дәрігерлердің) білікті
көмегін ала алады [8].
Адамның жыныстық дербестігіне және жыныстық бостандығына қолсұғу,
сондай-ақ жезөкшелікке тарту және порнографиялық өнімдер тарату сияқты
қылмыстар үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің көптеген баптарында
көзделген.
Бірақ бұл қылмыстық-құқықтық нормалардың әйелдерді жыныстық
қатынаста пайдалану, сату және шетелдерге алып кету, кәмелетке толмағандарды
сексбизнесте пайдалану, әйелдер мен кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке
мәжбүрлеп, содан табыс табу мақсатында туристік және басқа фирмалардың
шетелдердегі ұйымдасқан топтармен бірлесуі сияқты формаларына жасар
ықпалы мардымсыз.
Оған қарсы тұру шаралары экономикалық, саяси, әлеуметтік және құқықтық
құралдардың жиынтығын қамтуы тиіс.
Қылмыскерлік, соның ішінде әйелдер қылмыстылығының ұғымын және
оның сипаттамаларын анықтауда әртүрлі тәсілдер қолданылады, олар: құқықтық,
социологиялық, философиялық, биологиялық тәсілдер болып табылады.
Құқықтық тәсіл қылмыскерлікті қылмыстар жиынтығы деп қарастыруды
көздейді. Бұл жерде, қылмыскерліктің жалпы көрінісін қалыптастыру мақсатын-
да, жекелеген қылмыстың формасын, түрін, себебін, жағдайын және негізгі си-
паттамаларын анықтауға баса назар аударылады.
Социологиялык тәсілде қылмыскерлік құбылысы әлеуметтік кесел деп, ал
нақты қылмыстар – оның жекелеген көрінісі деп қарастырылады.
Биологиялық тәсіл қылмыскерлікті жеке адамның сырқат күйі, оның
психикалық және физикалық ауытқуының нәтижесі деп қарастырады.
Философиялық тәсілде қылмыскерлік «жақсылық» және «жамандық» де-
ген философиялық ұғымдар тұрғысынан сипатталады.
Бұл тәсілдердің әрқайсысын жекелей қолданғанда қандай да бір олқылық
байқалады, сондықтан да қылмыскерлікті талдау үшін оны зерделеудің кешенді
тәсілі керек.
Қылмыскерлік – көптеп жасалған және жасалатын қылмыстарда көрініс
табатын әлеуметтік және қылмыстық-құқықтық құбылыс.
Бірақ қылмыскерлікті құқыққа қайшы іс-әрекеттердің жай жиынтығы деп
қарастыруға болмайды, оны өз ерекшелігі бар статистикалық жиынтық ретінде
А. АҚыНБеКҚыЗы, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 210-220
iSSN 1683-1667
218
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қарастыру керек. Соған байланысты қылмыскерлікке жаппайлық, қалыпсыздық,
тұрақтылық сияқты қасиеттер тән.
Жаппайлық қылмыскерлікті статистикалық зерттеудің өте көп жайылған
объектісі ретінде сипаттайды.
Қалыпсыздық әртүрлі қылмыстардың, тұтас бір жүйенің элементтері бола
тұрып, бірінен-бірінің бөлек жасалатындығын білдіреді.
Тұрақтылық дегеніміз – қылмыскерліктің статистикалық көрсеткіш ретінде
ұдайы қайталанып тұру зандылығы.
Қылмыскерлік – жинақтаушы ұғым, себебі ол өзіне жеке алынған уақыт
аралығында жасалған нақты қылмыстардың жиынтығын қамтиды. Соған сүйене
отырып қылмыскерліктің жайы, динамикасы, деңгейі, құрылымы сияқты сандық
және сапалық сипаттамаларын анықтауға болады.
Қылмыскерліктің сандық сипаттамасы жасалған қылмыстар саны-
нан және оларды жасаған адамдар санынан тұрады (қылмыскерліктің жайы).
Мұндай көрсеткіштер әдетте абсолюттік цифрлармен беріледі. іс жүзінде
қылмыскерліктің нақты жайы тек тіркелген қылмыстардың, оның ішінде
ашылмаған қылмыстардың санымен, сондай-ақ қылмыс жасағаны айқындалған
адамдар санымен анықталады. Мұны кейбір кылмыстардың ашылмай қалуымен,
яғни «латенттігімен» түсіндіруге болады.
Кылмыскерліктің жайы оның жекелеген түрлері бойынша да бағаланады,
мәселен, ұйымдасқан, кәсіби, рецидивтік, экономикалық, лауазымдық.
Қылмыскерліктің коэффициенті қылмыскерлік жайының маңызды
көрсеткіші болып табылады.
Қылмыскерлік жайына сипаттама бергенде оның қозғалысын, динамика-
сын, қылмыс түрлерінің уақытқа қарай өзгеруін де есепке алу керек. Сондықтан
сипаттамаларды салыстыру қылмыскерліктің ұлғаюының немесе азаюының
әртүрлі зандылықтарын ашуға мүмкіндік береді, ол қылмыскерлікпен күрестің
бағытын анықтайды.
Қылмыстық белсенділік индексі дегеніміз – қылмыстық жауапкершілік
жүктелетін жасқа жетіп қылмыс жасаған адамдар санының сол аймақтағы 1000,
10 000, 100 000 адамға шаққандағы орта көрсеткіші.
Қылмыскерлік коэффициенті мен қылмыстық белсенділік индексі
қылмыскерлік деңгейін көрсетеді [7].
Қылмыскерлік динамикасы дегеніміз – қылмыскерліктің, сондай-ақ оның
кейбір қасиеттерінің белгілі бір уақыт аралығында өзгеруі.
Ғылыми-практикалық тұрғыдан алғанда кылмыскерлік динамикасын тал-
дауда екі маңыздылық бар:
өткен кезеңдегі көрсеткіштердің өзгергені жайында түсінік береді, ол
–
өзгерістердің үрдісі мен заңдылығын ашады;
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
219
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
– жақын арада және болашақта жасалуы мүмкін қылмыстардың ықтимал
сипаттарын болжауға мүмкіндік береді.
Қылмыскерліктің өсу немесе азаю коэффициенті, өсу қарқыны, сондай-
ақ қылмыскерліктің көбею қарқыны қылмыскерлік динамикасының негізгі
көрсеткіші болып табылады.
Қылмыскерліктің негізгі сапа көрсеткішіне оның құрылымы жатады, ол
қылмыскерліктің әртүрлі формалары мен түрлерінің тіркелген қылмыстардың
жалпы санындағы ара салмағын көрсетеді.
Қылмыскерлік құрылымының көрсеткіштері:
– қылмыстар түрлерінің (ауырлығы шамалы, орташа ауырлықтағы, ауыр
және аса ауыр қылмыстардың) ара салмағы;
– қасақана және абайсызда жасалған қылмыстардың ара салмағы;
Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде көзделген әртүрлі қылмыстар-
–
дың ара салмағы;
– аса көп таралған қылмыстардың (ұрлык, алаяқтық, адам өлтіру) ара
салмағы;
ұйымдасқан, кәсіби және басқа қылмыс түрлерінің ара салмағы.
–
Сапалық сипаттаманың біреуі – қылмыскерліктің сипаты, ол жасалған
неғұрлым қауіпті (ауыр) қылмыстардың санымен және қылмыскердің жеке
басының сипаттамасымен анықталады.
Қазақстан Республикасындағы әйелдер қылмыстылығына және оның
жағдайына келсек, әйелдердiң қылмысына көбiнесе отбасылық-тұрмыстық және
соған сәйкес жағдайлар жиi ықпал жасайды.
Қылмыс жасайтын әйелдер арасында ұрлықпен ұдайы айналысатындары
да кездеседі, олар: негізінен қайыршылар, қаңғыбастар, тұрақты мекені жоқтар.
Мұндай адамдар қылмыскерліктің алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге
асыруда аса қиындық тудырады [6].
Сонымен қатар әйелдердің зорлық көрсететін қылмыстары еркектердің
сондай қылмыстарымен салыстырғанда бар болғаны 7-10 %-дай ғана, мұны ер-
кектер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдерінің әртүрлі екендігімен түсіндіруге бо-
лады. Қылмыстың бұл түрлерін әйелдердің жасау себептері де өзгеше.
Статистикалық мәліметтер мен көрсеткіштерге сүйенсек, әйел адамдар
қылмыстық әрекеттерді қызғаныш, өш алу, біреуден құтылу сезімдеріне бай-
ланысты да, өзін-өзі меңгере алмағандықтан да, саналы түрде де, эмоцияның
«құрбаны» болып та жасайды екен. Бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі басқармай, әйел
адамды өзіне тыс, еркінен тыс «белгісіз күш» басқарады екен.
Тәжірибе кей кездері көптеген қылмыстарды әйелдердің өзін жәбірлеген
адамның заңға қайшы әрекетіне жауап ретінде жасап, қылмыскер атанып, құқық
қорғау органдарымен байланысқа түседі. Бұл да болса өмір шындығы ретінде
А. АҚыНБеКҚыЗы, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Р. 210-220
iSSN 1683-1667
220
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қалып отыр. Қалай десек те, әйелдер қылмыстылығын ескерте отырып, ал-
дын алудың маңыздылығы зор. Ол маңыздылық олармен жүргізілетін алдын
алудың тиімділігінен, аяғын шалыс басқандардың қайталап қылмыс істемеуінен,
профилактикалық іс-шаралардың үздіксіз жүзеге асуынан көрінсе керек. Қалай
болғанда да, істелген істер мен жүргізілген шаралар арасындағы байланыстың
үзілмей, үздіксіз жұмыс істеуі өз нәтижесін берері сөзсіз.
ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – 1995 жылғы 30 тамызда
қабылданған (қолданыстағы редакциясы).
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – 1997 жылғы 16 шілдеде
қабылданған (қолданыстағы редакциясы).
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – 2014
жылғы 17 қаңтар.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – 2014 жылғы 11 қараша.
5. Алауханов е. Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы және оның
алдын алудың мәслелері: монография / е. Алауханов, Ж. Қарамырза. – Алматы, Қаз.
ақпарат, 2008. – 24 б.
6. Антонян Ю.М. Психология преступника и расследование преступлений /
Ю.М. Антонян, М.И. енекеев, В.е. Эминов. – М., 1996. – 321 с.
7. Ананич В.А. Особенности повышения эффективности предупреждения престу-
плений ОВд в крупных городах / В.А. Ананич. – Минск, 1998.
8. Каиржанов е.И. Понятие, структура и виды профилактики преступлений /
е.И. Каиржанов. – Караганда, 2009.
REFERENCES
1. Qazaqstan Respublikasynyn Konstitucijasy, 1995 zhylqy 30 tamyzda qabyldanqan
(in Kaz).
2. Qazaqstan Respublikasynyn Qylmystyq kodeksі, 1997 zhylqy 16 shіldede qabyldanqan
(in Kaz).
3. Qazaqstan Respublikasynyn Prezidentі N.A. Nazarbaevtyn Qazaқstan zholy 2050 Bіr
maksat, bіr mudde, bіr bolashaq atty Qazaqstan halqyna Zholdauy. 2014 zhylqy 17 qantar (in
Kaz).
4. Qazaqstan Respublikasynyn Prezidentі N. Nazarbaevtyn Nurly zhol bolashaqqa
bastar zhol atty Qazaqstan halqyna Zholdauy. 2014 zhylqy 11 qarasha (in Kaz).
5. Alauhanov E., Qaramyrza Zh., Zhas adamdardyn qyqyq byzuqa bejіm mіnez qylqy
zhane onyn aldyn aludyn maslelerі. Monografija. Almaty, Qaz.aqparat. 2008. 24 (in Kaz).
6. Antonjan Ju.M., Psihologija prestupnika i rassledovanie prestuplenij. Ju.M. Anton-
jan, M.i. Enekeev, v.E. Jeminov. 1996, 321 (in Russ).
7. Ananich v.A., Osobennosti povyshenija jeffektivnosti preduprezhdenija prestuplenij
OVD v krupnyh gorodah. Minsk, 1998 (in Russ).
8. Kairzhanov E.i., Ponjatie, struktura i vidy profilaktiki prestuplenij. Karaganda, 2009
(in Russ).
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
221
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
ӘОЖ 811.512.122`373.211
Достарыңызбен бөлісу: |