Автор «еріксіздік» және «мәжбүрлеу» атты екі негізгі зорлықтың белгісіне
сүйенеді. Автордың «заңға қайшылық» белгісін алмауы, ол мұндай әрекетімен
бұл түсінікті шексіз кеңейтеді, осы түсінікке, мысалы, баланы ұйықтауға немесе
үстелге отыруға мәжбүрлеу сияқты тәрбиелік әрекеттерді де қосады [1].
Жеке адамға зорлық дегенде отбасылық, қаржылық, саяси, нәпсілік,
интеллектуалдық, қызметтік, әскердегі, оқу орындарындағы және әйелдер мен
балаларға қарсы жасалатын зорлық мәселелерін ұмытпағанымыз абзал.
Отбасылық зорлық отбасы мүшесінің заңды құқықтары мен бос-
тандықтарына қысым көрсетумен сипатталады, яғни оның тәнін немесе жан
дүниесін қинап, моральдық зиян келтірсе, отбасы мүшесінің жеке басының да-
муына қатер келтірсе, отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне қатысты кез
келген қасақана іс-әрекеті болып табылады [1].
Қаржылық зорлық – материалдық тәуелді тұлғаға қаржылық қысым
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
335
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
көрсету. Мысалы, әйелінің отбасылық бюджетті өз қалауынша пайдалануға,
жұмсауға және жеке басына қажетті заттарды алуға күйеуінің тыйым салуы не-
месе шектеу жасауы.
Қаржылық зорлық көп жағдайларда жәбірленушіге психикалық зақым
әкелуі мүмкін, яғни өзіне қажетті затты ала алмағаны үшін жәбірленуші қатты
ренжуі, қобалжуы немесе өкінуі мүмкін, міне, мұның бәрі оның психикасына
әсер ететіні сөзсіз. Қаржылық зорлық көрсету барысында жәбірленушіге тән
зорлығы да келтірілуі мүмкін.
Саяси зорлық, яғни мемлекеттік билік тарапынан жасалатын зорлық. Билік,
бұл үстемдік жүргізу деген мағынаны білдіре отырып, болашақта белгілі бір
игіліктерге қол жеткізу құралы болып табылады. Көптеген саясаттану пәні бой-
ынша сөздіктерде билік белгілі бір қатынастардағы объектіге осы қатынастар-
дағы субъектінің ерекше еркі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, билікті
«биліктік әсер етудің объектілеріне, оның әлеуметтік субъектілерінің өз еріктерін
мәжбүрлі түрде жүзеге асыру мүмкіндігі» ретінде қарастыруға болады.
Нәпсілік зорлық – мәжбүрлі түрде тәндік немесе психикалық әсер ету
арқылы жасалатын жыныстық қатынас немес нәсіпқұмарлық сипаттағы өзге де
әрекеттер. Нәпсілік зорлық жасаудағы қылмыскердің ең басты мақсаты – өзінің
жыныстық құштарлығын қанағаттандыру. Қылмыскер әртүрлі тәсілдерді пайда-
лана отырып, өзінің жыныстық құштарлығын қанағаттандыруы мүмкін.
Интелектуалдық зорлық лауазымды тұлғалардың белгілі бір құжаттарды
рәсімдеу жолымен жасалады. Мәселен, көрнеу әділетсіз сот үкімін немес шешімін
шығару, көрнеу заңсыз қамау және ұстау, көрнеу кінәсіз адамды қылмыстық
жауаптылыққа тарту, сондай-ақ билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пай-
далануды жатқызуға болады.
Қызметтік зорлық – қызмет бабы барысындағы жетекші немесе бастық та-
рапынан бағынышты тұлғаларға, сондай-ақ қызметтес адамдардың арасындағы
бір-біріне жасалатын әртүрлі сипаттағы жәбірленушінің еркіне қарсы немесе
еркінен тыс зорлықтық әрекеттер. Мысалы, бастықтың өзіне бағынышты адамға
қарсы балағат сөздер айтуы, күш қолдануы, қорлауы, заңға қарсы немесе моральға
жат әрекеттер жасауы, сондай-ақ жалақысын қасақана уақытылы бермеуі.
Әйелдерге қарсы жасалатын зорлық – әйелге тән, жыныстық немесе
психологиялық залал немесе азап келтіретін немесе келтіруі мүмкін кез келген
зорлық-зомбылық әрекеттер, сондай-ақ осындай әрекеттің жасалу қатері, бас
бостандығынан мәжбүрлеп немесе ерікті түрде айыру [1].
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 19 ақпандағы
тапсырмасына сәйкес, ішкі істер министрлігінің құрылымында әйелдерді
зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше құрылды, ол Қазақстан
Республикасының ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздік полициясының
құрылымдық бірлігі болып табылады. Бұл бөлімше «Қазақстан Республикасы
д. еРБОлАТОВ, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 329-341
iSSN 1683-1667
336
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
ішкі істер органдарының әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көріністерімен
күрес жөніндегі бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық»
негізінде қызмет атқарады.
Балаларға қарсы жасалатын зорлық, яғни – он сегіз жасқа (кәмелетке)
толмаған адамдарға қарсы жасалатын әртүрлі сипаттағы заңсыз әсер ету.
Балаларға қарсы жасалатын зорлықтың саны әйелдерге қарсы жасалатын
зорлықтың санынан асып түспесе, одан кем емес. Мұның себебі – бала өзінің
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қылмыскерге
қарсы әрекет көрсете алмауы, оның психикасының толық тұрақталмағандығына
байланысты қылмыскерден қатты қорқуы және өзін қорғау мүмкіндіктерінің
жеткіліксіздігі. Кез келген мемлекет бала құқығын қорғауды алдыңғы орынға
қояды. дегенмен де оларды қорғауға ерекше көңіл бөлінгенмен де, оларға қарсы
жасалатын зорлық азаймай келеді.
Әскердегі зорлық, яғни әскери оқу орындарындағы және қарулы күштерде-
гі жауынгерлерге немесе әскери қызметшілерге қарсы жасалатын тәндік немесе
психикалық әсер ету. И.М. Мицкевич зерттеулеріне сәйкес, әскери офицерлердің
35,5%-ы жауынгерлерді бір ұжымға біріктірудің бірден-бір жолы оларға тәндік
немесе психикалық әсер ету десе, ал 20%-ы жаңадан келген жауынгерлердің жеке
психологиясымен және оларды тәрбиелеумен мүлдем айналыспайды. Әскердегі
мұндай зорлықтардың жасалуына лауазымды әскери қызметшілердің рухани
және мәдени дәрежесінің төмендігі негіз болады [15].
Зорлықты топтастыру мәселелері қарастырыла екі топқа бөлініп
қарастырылады:
– тән зорлығы;
– психикалық (жан) зорлық.
Тән зорлығы деп жәбірленушінің еркіне қарсы немесе еркінен тыс,
оның денелік қолсұғылмаушылығын бұзуға немесе оның қарсылығын жоюға
бағытталған және жәбірленушінің организміне белгілі бір зақым келтіретін не
келтіруі мүмкін, қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы және заңмен тыйым салына-
тын, қасақана тәнге әсер етуді айтамыз.
Тән зорлығын топтастырудың танымдық және тәжірибелік маңызы аса зор
болып келеді, себебі ол қылмыстық әрекетті белгілі бір топқа жатқыза отырып,
олардың әрқайсысының тек нақты орнын ғана емес, сондай-ақ олардың бір-
бірімен байланысын және олардың ішкі заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді.
Тән зорлығын топтастыру негізінен оның мақсатына байланысты болады. Тән
зорлығы тәжірибелік қолдануға негізделген ғылыми танымдық мақсатта топ-
тастырылады. Бұл тән зорлығының тек әлеуметтік-саяси табиғатын ғана емес,
сондай-ақ оның нақты түрлерінің қоғамдық қауіптілік дәрежесін және сипатта-
масын анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде қылмыстық әрекеттерді
дұрыс саралауға және жасалған әрекет үшін әділ жаза тағайындауға негіз бола-
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
337
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
ды.
л.д. Гаухман тән зорлығын өзінің түрлік сипаттамасы бойынша екіге бөліп
қарастырады:
– жәбірленушінің сыртқы дене мүшесіне әсер ету (ұрып-соғу, азаптау, тағы
басқа);
– жәбірленушінің сыртқы дене мүшесіне зақым келтірмей, оның ішкі дене
мүшелеріне әсер ету (улы немес есеңгіртетін заттарды беру) [6].
Жәбірленушінің сыртқы дене мүшелеріне әсер ету қылмыстық құқық
ғылымында тән зорлығы ретінде қарастырылады. Тән зорлығының бұл түрі,
өзінің ұзақтылық мерзіміне қарай екіге бөлінеді: яғни қысқа мерзімді және ұсақ
мерзімді.
Жәбірленушінің ішкі дене мүшелеріне, оның сыртқы дене мүшелеріне
зақым келтірмей әсер ету қылмыстық құқықта осы кезге дейін өзінің түбегейлі
шешімін таппаған, күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Осы сұраққа бай-
ланысты қылмыстық құқықтық әдебиеттерде екі түрлі көзқарас қалыптасқан.
Бірі улы немесе есеңгірететін заттарды берудің тән зорлығы деп таныса, екінші
біреулері оны тән зорлығы деп танымайды.
А.К. Щедринаның айтуынша «улы немесе есеңгірететін заттарды қандай
да бір тәндік күш қолданусыз беру тән зорлығына жатпайды» [15].
Керісінше Ю.А. Ткачевский жәбірленушіні спирт ішімдіктеріне масайту-
ды да тән зорлығының қатарына жатқызады. Оның айтуынша, «тән зорлығының
ашық немесе жасырын түрде жасалғаны ешқандай маңызға ие емес. Мүлікті
қандай да бір кедергісіз иемдену мақсатында адамды ұйықтататын дәрімен
ұйықтату немес спирт ішімдіктеріне масайту, оны бір бөлмеге қамап тастау не-
месе байлап тастауға қарағанда тән зорлығының анағұрлым қауіпті және қатыгез
тәсілі» дейді [7].
л.д. Гаухман улы немесе есеңгірететін заттарды алдау жолымен беруді де
тән зорлығы қатарына жатқызады. Оның ойынша улы немесе есеңгірететін
заттарға адамды дәрменсіз күйге әкелетін заттар (терьяк, морфий, анаша, нан-
бутал, люминал, тағы басқа) жатады және бұл заттардың қатарына спирт
ішімдіктерін жатқызуға болмайды дейді. Себебі, спирт ішімдіктерінің өзіне
тән иістеріне сәйкес оны еш уақытта алдау жолымен беру мүмкін емес, ал
жәбірленушінің улы немесе есеңгірететін заттарды өз еркімен, саналы түрде
қабылдауы тән зорлығы болып табылмайды [6]. Тән зорлығы келтірілген зардап-
қа және жасалу әдісіне байланысты екіге бөлінеді:
– адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті тән зорлығы;
– адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес тән зорлығы.
Тән зорлығының адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті не қауіпті
емес екендігін анықтау барысында жасалған тән зорлығын оның жасалу әдісі
бойынша және одан келтірілген зардап бойынша бағалау қажет. Адам өміріне
д. еРБОлАТОВ, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 329-341
iSSN 1683-1667
338
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қауіпті тән зорлығын жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан зорлық әрекеттерден
көретін болсақ, ал адам денсаулығына қауіпті тән зорлығы деп жәбірленушінің
денсаулығының бұзылуына шынайы қауіп тудырмаған әрекеттер жатады.
Мұндай әрекеттерге белгілі бір зардаптарға әкеліп соқтырмайтын, бірақ кейбір
жағдайларда адам организміне қанталау немесе кішігірім жаралар түріндегі
үстіртін зақым келтіруі мүмкін ұрып-соғу және байлап тастау сияқты тән зорлығы
жатады.
Сондықтан әрбір тән зорлығы жасалған кезде, әрекетті келтірілген зардапқа
байланысты саралаумен қатар, оның жасалу әдісіне және нақты объективтік
жағдайларға байланысты да саралау қажет.
Психикалық зорлық. Адам психикасына әсер ету ақпараттық, бейақпараттық
және аралас деп үшке бөліп қарастырылады. Адам психикасына ақпараттық әсер
етулерге:
әртүрлі сипаттағы қорқытулар (күш қолдану, мүліктік немесе моральдық
–
зиян келтіру);
қорлау, жала жабу және психикалық зиян келтіретін өзге де ақпараттар;
–
шешім қабылдау мүмкіндігін шектейтін және шындыққа деген бұрыс
–
көзқарас туғызатын әртүрлі топтағы «естен тандырарлық» ақпараттар жатады.
Адам психикасына бейақпараттық әсер етуге адамның жүйкесіне әртүрлі
есірткілік және дәрілік заттармен тікелей әсер ету жолымен, оның қоршаған
шындықты бағалау және өзінің іс-әрекетіне басшылық жасау мүмкіндігін жоя-
тын жағдайға жеткізіу жатады.
Адам психикасына аралас тәсілмен әсер етуге гипнозды жатқызуға бола-
ды.
Психикалық зорлықта адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тіл
тигізу жиі орын алады. Ар-намыстың сыртқы объективтік жағы тұлғаның
әлеуметтік қасиеттеріне қоғам тарапынан баға беру деп, ал ішкі объективтік
жағы бұл – тұлғаның өз моральдық беделін өзінің іштей сезініп бағалауы. Соны-
мен қатар адамдық қадір-қасиет бұл адамның қоғамдағы маңыздылығын және
оның алатын орнын қоғам тарапынан бағалау (сыртқы жағы) деп, ал адамның өз
қоғамдық маңыздылығын іштей сезіну (ішкі жағы) – жеке қадір-қасиет.
Психикалық зорлықтың түрлеріне қорқыту, психикалық мәжбүрлеу, жала
жабу, қинау, қорлау және гипноз әрекеттері жатқызылған. Мұнда гипноз алғаш
рет қылмыстық әрекет ретінде қарастырылып, оған қылмыстық жауаптылық
көзделген.
Гипноз дегеніміз адамдарды жасанды ұйқыдағы күйге түсіру мақсатында,
олардың психикасына ақпараттық не бейақпараттық жолмен және олардың еркі-
не қарсы не еркінен тыс ми қыртысының жартылай тежелуіне әкеп соқтыратын
заңға қайшы, қасақана әсер ету болып табылады.
Кез келген қылмыстық әрекетті саралау сияқты зорлықты да саралау, оның
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
339
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
жан-жақты белгілері мен сипаттамаларын анықтау, тиісті әрекеттің қылмыстың
қай құрамына жататындығын және ол үшін жазаның түрін анықтауға тиімді
ықпал ететіні сөзсіз. Негізінен біздің қылмыстық кодексімізде көрсетілген
қылмыс құрамдарында зорлықшыл қылмыстардың саны өте көп.
Зорлықшыл қылмыстар мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдардың
бірі ретінде профессор е.О. Алауханов зертеулеріне сәйкес, зорлық қыл-
мыстарының қатарына «таза зорлық қылмыстары» деп атауға болатын елу үш
қылмыс құрамы, «күш қолдану» немесе «күш қолданамын деп қорқыту» саралу-
шы белгі ретінде он екі, барлығы тоқсан төрт қылмыс құрамы жатады [2].
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің
нормаларына сәйкес, зорлықшыл қылмыстарды топтастырудың қажеттілігі
туындағанын көріп отырмыз. Осыған сәйкес зорлықпен жасалатын жүз он үш
қылмыс құрамын төрт түрге бөліп қарастыруға болады:
қылмыстың (қарапайым құрамының) міндетті белгісі болатын зорлық-
–
шыл қылмыстарға елу бес;
– қылмыстың (қарапайым құрамының) факультативті белгісі ретіндегі
зорлықшыл қылмыстарға тоғыз;
– қылмыстың саралаушы белгісі ретіндегі зорлықшыл қылмыстарға отыз
жеті;
– қылмыстың аса саралаушы белгісі ретіндегі зорлықшыл қылмыстарға он
екі қылмыс құрамын жатқызуға болады [3].
Жалпы алғанда балаларға қатысты зорлық бүкіл әлемде маңызды мәселеге
айналды десек артық айтқандық емес. Өкінішке орай, Қазақстан осы мәселеге
қатысты басқа елдерден артта қалмайды. Біздің еліміз балалар құқығын қорғауға
қатысты көптеген халықаралық шарттармен конвенцияларға қосылды, бірқатар
ұлттық құқықтық актілер қабылданған, сонымен қатар балаларды қорғаудағы
үш деңгейлік жүйе әрекет етеді.
Осы орайда кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалған қылмыс
1,2%-ға өсті, оның ішінде зорлық тұрғыдағы қылмыстар 14%-ға төмендеді [2,
5].
Балалардың көбісі қылмыс құрбаны болған үйден немесе балаларға
арналған мекемелерден кетіп, ассоциалдық әрекеттерге барады, есірткі, ішімдік
және темекіні қолданады, ұрлық, зорлыққа, қаталдыққа бет бұрады.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық түрлерінің тізімін қазіргі кезде
экономикалық зорлық-зомбылық толықтырып, ол бала саудасы қылмыспен
толығып отыр.
Зорлық-зомбылықты тоқтату мүмкін, ол үшін ұзақ уақыттың қажет екені
даусыз, дегенмен де зорлық пен қатігездіктің қорғансыз балаларға қатысты орын
алуы – уақыт күттірмей, жедел тоқтатуды талап ететін қажеттілік. Қажеттілік
заман талабы мен көпшіліктің талабы ретінде қаралып, жедел жүзеге асар
д. еРБОлАТОВ, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 329-341
iSSN 1683-1667
340
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
болса, жалпы зорлық-зомбылыққа жүген салғанымыз болып есептелер еді.
Қалай болғанмен де, өмір бар жерде кішігірім зорлықтың да, зомбылықтың да,
қатыгездіктің орын алары сөзсіз, бірақ, оның кеңістігін кең жаймас үшін алдын
алуды, ескертуді кез келген азамат өз міндеті ретінде қараса, онда оның орын
алмасына сенім зор болар еді.
ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі
1. Қазақстан Республикасы Президенті. Қазақстан Республикасының 2006-2016
жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы: 29 қараша 2005 жылғы №1677
Жарлығы // «Юрист» электрондық базасы. – Алматы, 2007.
2. Алауханов е.О. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың
криминологиялық проблемалары: заң ғыл.д-ры...дис. / е.О. Алауханов. – Алматы, 2004.
– 14 б.
3. Алмуханов Б.У. Зорлықтың қылмыстық-құқықтық мәні және оның іс-әрекетті
саралаудағы маңызы [Текст]: заң ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
дис. автореф.: 12.00.08-қылмыстық құқық және... / Б.У. Алмуханов. – Алматы, 2007. – 24 б.
4. Антонян Ю.М. Насилие среди осужденных / Ю.М. Антонян, И.Б. Бойко,
В.А. Верещагин. – М., 1994. – С. 66.
5. Баймурзин Г.И. Честь и достоинство личности как объект оскорбления и клеве-
ты / Г.И. Баймурзин // Правовая наука Казахстана. – Алма-Ата, 1978. –29 с.
6. Гаухман л.д. Борьба с насильственными посягательствами / л.д. Гаухман. –
М., 1969. – С. 18-19.
7. Ткачевский Ю.А. Уголовная ответственность за хищение государственного и
общественного имущества / Ю.А. Ткачевский. – М., 1962. –16 с.
8. Иващенко А.е. Методология правового исследования насилия / А.е. Иващенко,
А.И. Марченко // Социально-правовые проблемы борьбы с насилием. – Омск, 1996.
9. Примерный уголовный кодекс США. – М., 1969. – С. 78.
10. Ницше Ф. Соч. в 2-х томах. Т. 1 / Ф. Ницше. – М., 1990. – С. 556.
11. Наумов А.В. Уголовно-правовое значение насилия / в кн. «Насильственная
преступность» / А.В. Наумов. – М., 1997. – С. 56.
12. Шарапов Р.д. Физическое насилие в уголовном праве / Р.д. Шарапов. – СПб.1:
Юридический центр Пресс, 2001. – С. 20.
13. Щедрина А.К. Ответственность за разбой по Указу Президиума Верховного
Совета СССР от 04.06.1947 г. «Об усилении охраны личной собственности граждан»,
«Вопросы советского уголовного права и процесса / А.К. Щедрина // Ученые записки
Свердловского юридического института». – 1958. – Т. 6. – 24 с.
14. Словарь русского языка. Академия наук СССР. – М., 1959. – С. 545.
15. Мицкевич И.М. личность корыстного преступника в вооруженных силах /
И.М. Мицкевич // Преступность: стратегия борьба. – М., 1997. – С. 216-234.
16. Школа здоровья. – 1995. – №3.
REFERENCES
1. Qazaqstan Respublikasy Prezidentі. Qazagstan Respublikasynyn 2006-2016
zhyldarqa arnalqan Genderlіk tendіk strategijasy 29 qarasha 2005 zhylqy 1677 Zharlyqy
Jurist jelektrondyq bazasy. Almaty, 2007 (in Kaz).
2. Alauhanov E.O., Pajdaqorlyq zorlyq qylmystardyn aldyn aludyn kriminologijalyq
problemalary Zan qyl.d.ry…dis., Almaty, 2004, 14 (in Kaz).
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
341
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
3. Almuhanov B.U., Zorlyqtyn qylmystyq ququqtyq manі zhane onyn іs arekettі
saralaudaqy manyzy zan qylym. kand. qylymi darezhesіn alu yshіn dajyndalqan dis. avtoref.
12.00.08 qylmystyq qyqyq zhane... Almaty, 2007, 24 (in Kaz).
4. Antonjan Ju.M., Bojko i.B., vereshhagin v.A., Nasilie sredi osuzhdennyh. 1994, 66
(in Russ).
5. Bajmurzin G.i., Chest’ i dostoinstvo lichnosti kak ob’ekt oskorblenija i klevety. Pra-
vovaja nauka Kazahstana. Alma-Ata, 1978, 29 (in Russ).
6. Gauhman L.D., Bor’ba s nasil’stvennymi posjagatel’stvami. 1969. 18-19 (in Russ).
7. Tkachevskij Ju.A., Ugolovnaja otvetstvennost’ za hishhenie gosudarstvennogo i ob-
shhestvennogo imushhestva. 1962, 16 (in Russ).
8. ivashhenko A.E., Marchenko A.i., Metodologija pravovogo issledovanija nasilija.
Social’no-pravovye problemy bor’by s nasiliem. Omsk, 1996 (in Russ).
9. Primernyj ugolovnyj kodeks SShA. 1969, 78 (in Russ).
10. Nicshe F., Soch. v 2-h tomah. T. 1., 1990, 556 (in Russ).
11. Naumov A.v., Ugolovno pravovoe znachenie nasilija. v kn. Nasil’stvennaja prestup-
nost’, 1997, 56 (in Russ).
12. Sharapov R.D., Fizicheskoe nasilie v ugolovnom prave. Juridicheskij centr Press,
2001, 20 (in Russ).
13. Shhedrina A.K., Otvetstvennost’ za razboj po Ukazu Prezidiuma Verhovnogo Soveta
SSSR ot 04.06.1947 g. Ob usilenii ohrany lichnoj sobstvennosti grazhdan, Voprosy sovetskogo
ugolovnogo parva i processa. Uchenye zapiski Sverdlovskogo juridicheskogo instituta. 1958,
T. 6, 24 (in Russ).
14. Slovar’ russkogo jazyka. Akademija nauk SSSR. 1959, 545 (in Russ).
15. Mickevich i.M., Lichnost’ korystnogo prestupnika v vooruzhennyh silah. Prestup-
nost’ strategija bor’ba. 1997, 216-234 (in Russ).
16. Shkola zdorov’ja. 1995, №3 (in Russ).
УдК 94(574)
С.К. иГиБАев, Ш.А. ЖАДЫГеРОв
Восточно-Казахстанский государственный университет
имени С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск, Казахстан
СОЦИАлЬНАЯ СТРУКТУРА КАЗАХСКОГО ОБЩеСТВА Xviii ВеКА
В статье рассмотрены некоторые аспекты традиционной социальной структуры
казахского общества Xviii века.
Ключевые слова: казахское общество, социальная структура, сословие, Xviii
век.
Xviii ҒАСыРдАҒы ҚАЗАҚ ҚОҒАМыНың ӘлеУМеТТіК ҚҰРылыМы
Мақалада Xviii ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымның кейбір
көріністері қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |