Н.Д. НҰРтАевА, А.Қ. СеЙПутАНОвА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
РыМҒАлИ НҰРҒАлИдың ҰСТАЗдыҚ ҰлАҒАТы
Мақалада белгілі профессор, академик, әдебиеттанушы, ғалым-педагог Рымғали
Нұрғалиұлының ұстаздық өнегесі туралы баяндалған.
түйін сөздер: мамандық, лекторлық шеберлік, ырғақ, энциклопедиялық, көркем
образ, трафарет, эпилог, стенографист.
ПедАГОГИЧеСКОе МАСТеРСТВО РыМГАлИ НУРГАлИеВА
В статье рассмотрено педагогическое мастерство известного ученого-
литературоведа, профессора, академика Рымгали Нургалиева.
Н.д. НҰРТАеВА, А.Қ. СейПУТАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 395-399
iSSN 1683-1667
396
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Ключевые слова: профессия, лекторское мастерство, ритм, энциклопедический,
художественный образ, трафарет, эпилог, стенографист.
PEDAGOGiCAL MASTERy OF RyMGALi NURGALiеvA
in the article considered pedagogical mastery well-known literary scientist-critic, pro-
fessor, academician of Rymgali Nurgaliеva.
Keywords: profession, a lecturer mastery, rhythm, encyclopedic, artistic character,
stencil, epilogue, stenographer.
Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғали 1940 жылы 1 маусымда Семей облысы,
Абыралы ауданы (қазіргі Абай ауданы) Қайнар ауылында туған. Ол – көрнекті
әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. Кеңес әдебиеттану
ғылымы мен бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының өсіп-өркендеп, дамуына зор
үлес қосып, қайраткерлік көрсеткен әдебиетшілер шоғырының бел ортасында
тұрған әйгілі зерттеуші әрі қаламгер.
Әкесі – Файзуллин Нұрғали (1900-1991), кеңшар директоры, аудандық
атқару комитетінің төрағасы болған. Анасы – Файзуллина Нұрғайша (1917-
1950) мұғалім болған. 1957 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы Баршатас
селосындағы қазақ орта мектебін бітірді. Ал 1958-1963 жылдары Қазақ
мемлекеттік университеті филология факультетінің алдымен қазақ тілі мен
әдебиеті (2 курс), артынан журналистика бөлімінің студенті, 1963-1966 жылдары
Қазақ мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын,
1972 жылы докторантурасын бітірген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің профессоры, Халықаралық Айтматов академиясының, ҚР ҰҒА
2003 жылдан академигі. 7 томдық шығармалар жинағының, 50-ден астам жеке
басылымдардың, сын, ғылыми, прозалық кітаптардың, оқулықтардың, 800-ге
жуық жарияланған ғылыми-сын мақалалардың (1961-2009) авторы. Қазақ, орыс,
түрік, неміс және араб (сөздікпен) тілдерін біледі [1].
Қазақ әдебиеттану ғылымының қай саласында да академик Рымғали
Нұрғалидың ғалымдық қолтаңбасы, ұстаздық өрнегі бар. Бүгін біз әдебиеттану-
шы, академиктің ұстаздық өнегесіне, лекторлық шеберлігіне тоқталмақпыз.
Рымғали Нұрғалиұлы небәрі жиырма бір жасында өзінің ұстазы Бейсенбай
Кенжебаевпен тізе қосып «Сабыр Шәріпов» атты кітап жазған. Осы шығармадан
кейін-ақ қазақ руханиятына аузы дуалы, сөзі уәлі бір өкілдің қосылғаны тура-
сында еліміздің басылым беттерінде таласа жазылған. Ал Рымғали Нұрғалидың
энциклопедиялық білімінің дәлелі ретінде Алаш қайраткерлеріне, абайтануға,
әуезовтануға, әдебиеттанудың теориялық мәселелеріне, қазақ драматургиясына,
қазіргі әдеби үрдіске қатысты сүбелі зерттеулерін, әр жанрдағы аудармалары мен
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
397
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
көптеген публицистикалық мақалаларын айта аламыз. Тіпті, тоқсан ауыздың
тобықтай түйіні де, яғни өз жадынан шығарған мақал-мәтелдері де сөз маржаны
болған.
Қазақ әдебиетінде, жалпы ұстаздық еткен шәкірттерінің қалықтаған сана-
сында биік ақыл-парасатқа ие ұлағатты ұстаз ретінде есімі мәңгі жаңғырмақ.
Біз мұндай ойға академик-ұстаздың шәкірттерінің естеліктерін оқи отырып
жеттік. Себебі дарынды ұстаз, көрнекті әдебиеттанушы-ғалым қаншама
энциклопедиялық еңбектері мен қазақ әдебиеттану тарихында ойып тұрып орын
алатын сүбелі зерттеулеріне қарамастан барынша кішіпейіл болған екен.
«Білгішсінбейтін, білімсінбейтін. Қасындағылардың сұрақтарына дәл жау-
ап беріп тұрғанда да, кеудесін көтермеуші еді. Оның қатарларының алдында тар-
тымды әрі әдемі көрінетін бір қасиеті – осы сыпайылығы болатын», – дейді өз
естелігінде филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Серғалиев
[2].
Академиктің отызында суырылып орда бұзып, докторантураға шығуы
еңбекқорлығы мен көркем мінезді болып, сөз өнерін сүйгіштігінен бе дерсің.
Ұстаз шәкірттерінің енді бір естелігіне көз жүгіртсек, Рымғали Нұрғалидың
өз еңбектерінде, ұстаздық жолында алтын сөзді жан-тәнімен саптағандығын
көреміз.
«Рымғали Нұрғалиев талантының алғаш ауызға ілінер ерекше бір қыры –
оның лекторлық шеберлігі... Бірінші курстың алғашқы күндерінен оқытылатын
«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен лекция оқитын Рымғали Нұрғалиев шәкірт
көңілін бірден-ақ баурап алып, әдебиет әлеміне деген құштарлығымызды
бұрынғыдан да арттыра әсемдік әлемінің гүлзар бағына енгізіп жібергендей
болды. Әдеби болмысты түсіндіруде қазақ әдебиеті шеңберінен әлдеқайда әрі
асып, әр мысалын орыс және әлем әдебиетінің озық үлгілерімен сабақтастыра
түйіндеп, ағыл-тегіл сөйлегенде лекция жазуға әлі дағдыланбаған, жүйелі ой
қорытуға қалыптасып үлгермеген біздер абдырап қалушы едік. Тума талант,
қабілет-қарымына орай жинақталған терең білімі, философиялық тұжырымды
ойлары шешен тілмен көмкерілгенде айызымыз қанып, қанаттануға қоса, бұған
дейін ештеңе оқымағандай күйге түсетінбіз», – дейді профессор, филология
ғылымдарының докторы Құныпия Алпысбаев [3]. Оның айтуынша, Рымғали
Нұрғалиев қандай тақырыпта дәріс оқыса да студенттердің ынтасын туды-
ра, нәрлі ой тұжырымдарымен әрлендіре, өзінің жазу мәнеріндегі көркемдікті
әлсіретіп алмай сөйлейтін болған. Шәкірттеріне үнемі шабыт үстінде жүргендей
көрінетін. Сондай-ақ академик-ұстаздың оқыған дәрістерінде трафарет тәрізді
есептелетін жазушы өмірбаянының өзі өзгеше стильде, көркем образ деңгейінде
тыңдалған екен.
Н.д. НҰРТАеВА, А.Қ. СейПУТАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 395-399
iSSN 1683-1667
398
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
«Әсіресе «Абай жолын» кең тыныспен талдап түсіндіру барысында
романның екінші кітабының аяғындағы эпилог арқылы түйінделген ойларды
жеріне жеткізе зор шабытпен толғаған тұстары әлі күнге көз алдымда. Эпилогта-
ғы Мұхтар Әуезовтің қалам қуатымен өрілген әуезді әсем ырғақты сөйлемдер
лектор Рымғали Нұрғалиевтің құлаққа жағымды қоңыр үнімен тыңдалғанда
оқылғаннан әлдеқайда әсерлі еді», – деп еске алады ұлағатты ұстаз шәкіртінің
бірі Құныпия Алпысбаев.
Халық аузында «Әдебиетті шын сүйетін жан сұлу көрінеді» деген сөз бар.
Аталған сұлулық әлімсақтан жеткен толғауы тоқсан қазақ әдебиетінің жанашы-
ры, ғалым Рымғали Нұрғалидың да бойында тасып-артылып жатыр десек артық
айтпаймыз. Себебі сөз құдіреттілігі мен құндылығына мән бере сөйлеген акаде-
мик, өз дәрістерінде сөздің ырғақтылығына да көңіл бөлген екен. Бұл жөнінде
ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлы «егемен
Қазақстан» газетінде ерекше толғана жазған болатын.
«лекцияларында шырқап, шығандап кететін Рекең, кейде ол кезде ат-
тары аталмайтын Алаш ардагерлерінің де есім дерін шапшаң айтып жіберіп,
әрқайсымыздың жүзімізге үңіліп, түсінгені қайсы, түсін бегені қайсы, ұққаны
қайсы, ұға ал мағаны қайсы дегендей болып барлап, байқап қарайтын. Әуелгі
кезде жүгіміз жеңіл болғандықтан самғап тартқан саңлақ сөздерге ілесе алмасақ,
кейінгі жылдарда сол кезде санамызға сыналап кірген сәуенің себезгісін малда-
нып, сөзге қамшы тастайтын болдық. Бірақ онымыз ұстаздан оздық дегеніміз
емес. Біз де қарауыз болып, қанат қаға бастадық, ол сіздің тәліміңіз деген
шәкірттік пейіл-ді, – дейді белгілі ақын. – Рекеңнің лекция оқу мәнері де қызық
болатын. Әуелі аудиторияға жалт-жұлт бір қарап алады. Сосын алдыңғы қатарда
отырғандарға тіктеле бір қарайды. Кейде қабағын шытады. Сондай күндердің
бірінде еңбекқор, сабақтан өмірі қал майтын бір курстасымызға: «Сен өзің өмірі
сабақтан қалмайды екенсің. Қашан көрсем де қақшиып алдымда отырасың. Сту-
дент болғасын, анда-санда лекциядан қашпайсың ба? Бұл не деген стандарт-
ты өмір, жас адам жаңылыспас па, бұйығы тірліктен қашпас па, осындайды
ұнатпаймын», – деп ұрсып тастады. Біз аң-таңбыз. лекциядан қашпайтын адамға
ұрысқаны бізге өте қызық көрінді. Кейін түсінгеніміздей, ұстаз жан еркіндігін,
ой еркіндігін, пікір қызулығын, сезім еркелігін бағалайды екен» [4].
Әрине, лекторлық шеберлік – педагогикалық шеберліктің басты көрсеткіші
екендігі мәлім. Ұлағатты ұстаздың бұл талантын оның замандастары да,
шәкірттері де бір кісідей бағалайды.
Ұлағатты ұстаз туралы жазылған аталмыш естеліктер мен мақалаларды
оқып отырып, құдды бір Рымғали Нұрғалиұлыдай ұлағатты ұстаздың бір
дәрісіне қатысып келгендей күй кешесің. Академиктің мамандығына сай жан-
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
399
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
жақтылығы, білімділігімен қатар адами қадір-қасиеті, сезімталдығы ұштасып
жатқандай. Себебі ғалымның теориялық білімі ұшан теңіз.
«Рымғали Нұрғалиев лекцияларының тартымды, әрі қызықты бола-
тын себептерінің бірі, оның әлем әдебиетін көп білетіндігінде жатыр. Қазақ
әдебиетінің мысалдарын антик дәуіріндегі, онан қайта жаңғыру кезеңіндегі,
бертіндегі әлем классиктері еңбектеріндегі, Белинский, Чернышевский секілді
орыс ғалымдарының көзқарастарын үйлестіре, кірістіре отырып, кесіле сөйлеуі
мен кесек сөйлеуінде жатыр. Көп лекцияларына стенографистка шақырады.
Өйткені еркін оқылған лекцияларда тосын ойлар айтылады. Өз лекциялары
негізінде зерттеу кітаптарын жазды. Ол оқуға жеңіл, ұғынықты, әрі көркем де
бейнелі болып, студенттерді де, қалың оқырмандарды да қызықтырады», – дейді
У. Қалижан.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рымғали Нұрғали саналы ғұмырында
14 ғылым докторын, 42 ғылым кандидатын дайындаған. «Бұл үлкен еңбектің,
қажырлы қайраттың белгісі» деп баға берген-тін замандастары.
Расында да, қаламының қарымы мен табиғаты берген дарыны ұштасқан,
ұлағаты мол ұстаз, энциклопедиялық еңбегін қалдырған Рымғали Нұрғалиұлы-
дай ғалым-педагогтің еңбектерін неге зерттеліп, аты неге жаңғырмасқа?!
ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі
1. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық.
– Алматы, 2011.
2. Нұрғали Р. Көкейкесті әдебиеттану / Құрастырғандар: Қ.Р. Нұрғали, Қ.Қ. Ал-
пысбаев. – Алматы: Сардар, 2010. – 10 кітап. – Б. 16.
3. Нұрғали Р. Қазыналы биікте. Р.Нұрғали азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті
/ Р. Нұрғали. – Алматы: «innoPRESS», 2005. – Б. 62.
4. Оралбайұлы Ө. егемен Қазақстан газетінің 23.08.2014 ж. шығарылымы.
5. Нұрғали Р. Көкейкесті әдебиеттану / Құрастырғандар: Қ.Р. Нұрғали, Қ.Қ. Ал-
пысбаев. – Алматы: Сардар, 2010. – 10 кітап. – Б. 23.
REFERENCES
1. Qazaqstan Respublikasynda Kіmnіn Kіm ekenі. 2 tomdyq anyqtamalyq. Almaty, 2011
(in Kaz).
2. Nurqali R., Alpysbaev Q.Q., Kokejkestі adebiettanu. Almaty Sardar, 2010. 10 kіtap,
16 (in Kaz).
3. Nurqali R., Qazynaly biіkte. R. Nұrqali azamattyq, ustazdyq, qalymdyq kelbetі. Al-
maty InnoPRESS, 2005, 62 (in Kaz).
4. Oralbajuly O., Egemen Qazaqstan gazetіnіn 23.08.2014 Shyqarylymy (in Kaz).
5. Nurqali R., Alpysbaev Q.Q., Kokejkestі adebiettanu. Almaty Sardar, 2010. 10, 23 (in
Kaz).
Н.д. НҰРТАеВА, А.Қ. СейПУТАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 395-399
iSSN 1683-1667
400
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
ӘОЖ 130.2 (574)
Г.Ә. ОСПАНғАлиевА, К.Б. АХметЖАНОвА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ҚАЗАҚ ӘйелдеРіНің ҰлТТыҚ КИіМіНдеГі
дӘСТҮР САБАҚТАСТыҒы
Мақалада қазақ әйелінің ұлттық киімінің ерекшеліктері қарастырылады. Жұмыс
қазақ әйелдерінің заманауи киіміндегі ұлттық нақыш сабақтастығын жалғастыру про-
блемасына арналған.
түйін сөздер: ұлттық киім, қазақ әйелдері, етік, көйлек, былғары, жүн, мата,
жаһандану.
ПРееМСТВеНОСТЬ ТРАдИЦИИ В НАЦИОНАлЬНОй
ОдеЖде ЖеНЩИНы-КАЗАШКИ
В статье рассматриваются особенности национальной одежды казахской женщи-
ны. Статья посвящена проблеме преемственности национальной манеры в современной
женской одежде.
Ключевые слова: национальная одежда, женщина-казашка, сапоги, платье, кожа-
ная, шерсть, ткань, глобализация.
CONTiNUiTy OF TRADiTiONS iN NATiONAL DRESS
WOMEN KAZAKHS
The article discusses the features of the Kazakh national dress women. The article deals
with the continuity of the national manners in contemporary women’s clothing.
Keywords: national clothes, a Kazakh woman, boots, dress, leather, wool, cloth, glo-
balization.
Ұлттық мәдениет өркендеу үшін ұлттық мемлекеттік ауадай қажет болды.
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып,
тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа
ғана уақыт ішінде біздің елбасымыздың бастамасымен әлемнің алдыңғы қатарлы
еліне айналу жолында талай белестерді бағындырдық. Көшбасшымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігінің білімдарлығы мен біліктілігінің арқа-
сында жас мемлекетіміздің мерейі үстем болып, абыройы асқақтады. Бұған
дәлел – ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін елімізде өткізу мүмкіндігіне ие
болуымыз.
Ұлт көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаев: «дәстүр мен мәдениет – ұлттың
генетикалық коды», – дейді. Президентіміз әр жолдауында қазақтың ұлттық
құндылықтарын жаңғыртып, әлемдік деңгейге көтеру мәселесіне үлкен көңіл
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
401
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
бөлуде. Ұлттық құндылықтардың бірі – ол ғасырлардан бері қалыптасқан ұлттық
киім үлгісі.
Киім – этностың өмірінен, оның мәдениеті мен тарихынан, дүние-
танымынан, менталитетінен хабар беріп отырады. Қазақ халқының киiмi
басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Қазақтың ұлттық киімдерінде
оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның
ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған [1].
Киім-кешек үшін малдың жүні мен терісі негізгі материалдар болды.
Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Қазақтар
әдемі «мәуіті шапан» мен «мәуіті шекпен» де дайындады. Сырт киетін қысқы
киімнің қадірлілерінің қатарына аң және үй жануарларының терілерінен
тігілетін ішік жатады. Өте кең таралған және бәрінің қолы жететін қысқы киім
түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қаратып тігілген тон болды. Қазақтар-
дың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер болды. Қазақстанның бүкіл
аумағында қазақтардың ең көп таралған қыстық бас киімі «тымақ» болды [1].
Көйлек – әйелдің ұлттық киімдерінің басты бөлігі. Ұлағатқа толы қыз-
келіншектердің киімдерінің ең төрінде көйлек тұрары сөзсіз. Ол – әйелдердің
ең ежелгі, әрі ең негізгі киімі болған, бола береді. Әйелдердің көйлегі иығына
тігіс түспейтін етіп пішіліп, жалпақ қайырма жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген.
Әйел киімдерінің етегінің ұзын болуы, ибалылық пен инабаттылықтың, денені
ашық ұстамау тазалықтың кепілі болды. Кеуде тұсындағы өңір қақпағына ке-
сте төгілген. Қыздардың немесе жас келіншектердің көйлектері пішімі жөнінен
де, матасы жағынан да жасы үлкен әйелдердің көйлектерінен өзгеше болған.
Ол етегі бүрмеленіп, түймеленетін қатырма жағалы етіп тігілді. Әйелдердің
былғарыдан жасалатын жалпақ кемер белдіктері күміспен күптеліп, алтынмен
апталып, қымбат бағалы тастармен және түсті шынылармен әсем әшекейленіп
отырды.
Барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі және кебіс болатын. Әйелдің
жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері де
ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен
барқыттан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген, ол зеркесте-
мен әсем нақышталатын еді. Бай нақышты үкілі тебетей «қасаба» деп аталды.
Күйеуге шыққан әйелдің бас киімі – кимешек ақ мақта-матадан дайындалған.
Қазақ әйелі көйлегінің түр-түсі олардың жас ерекшелігіне орай көк, қызыл,
сары түстер мол пайдаланады. Ғалым Шоқан Уәлихановтың айтуынша, бұл
түстердің адам денсаулығы мен көңіл күйіне айрықша әсер етіп қана қоймай,
заттық мағынасы барын дәлелдейді. Орыстың ғалымы Михаил Артамонов
«Скиф қорғандарындағы қазыналар» еңбегінде қазақ әйелінің ұлттық киімдері
Г.Ә. ОСПАНҒАлИеВА, К.Б. АХМеТЖАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 400-405
iSSN 1683-1667
402
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
сипатымен, сән-салтанатымен сан ғасырлық халықтың тарихын сақтағанын ба-
яндайды, қайран қалады [2].
Жазушы Сарбас Ақтаев «Қазақ ханымдары» тарихи эсселер кітабында
он сегізінші ғасырдағы өмір сүрген Уәли сұлтанның әйелі, Шоқанның әжесі,
Абылай ханның келіні Айғаным анамыздың келбетін былайша суреттейді:
«Айғаным ханымды Александр і Романовтар әулетінің салтанатты кешіне ар-
найы шақырады. Сарайдағы ақсүйектер қауымы есіктен енген ерекше қонаққа
еріксіз назар аударды.
...Сұлу мүсінге жарасқан орыс парча, қызғылт түсті мауыты, оның
өрнектері алтынмен апталған. Мәнерлі шым жібек көйлегі жерге сүйретілген
қос етек, аяғындағы оюлы кестелі биік өкше етігі қадам басқанда ғана көзге
түседі. Тоқпақтай жуан бұрымға шолпы тағылған. Патша сарайында бір ғажайып
тыныштық орнады. Мәртебелі патша ханшайымнан көзін алмай қадала қарады.
Тыныштықты Айғаным ханымның мәртебелі патшамен таза орыс тілінде іркіл-
мей амандасқан әуезді үні ғана Сарай тыныштығын бұзды. дала аруы патша
жүзіне инабатпен тайсалмай аса бір сабырмен сәлемдесті».
Айғаным ханымның кербез де әсем бейнесін қазақтың ұлттық киімінің
сәні еселендірген. Сән-салтанаты келіскен ханым осы қабылдауда өзінің пара-
сатымен орыс ақсүйектері алдында тектілігін дәлелдеп қана қоймай, қазақтың
киім және сән дәстүрін де паш етті десе болады.
Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған
әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді
таныған. Қазіргі таңда ата-бабамыздың ұлттық киімді тігуде пайдаланылған
материалдардың табиғи негізде алынуының өзі адам ағзасына, денсаулығына
еш зияны болмай пайдалы болғанын, сондықтан заманауи киімдерде де
құрамында дәстүрлі табиғи өнімдердің (жүн, мақта, тері) болуын дәрігерлердің
өзі құптауда. Мұның өзі медициналық тұрғыдан алғанда, әсіресе қытайдың
синтетикалық киімдерінің жаппай қаптап кеткенін ескерсек, үлкен көңіл
бөлерлік жағдай. Ғалымдардың ұзақ жылдар бойы сан түрлі тәжірибе жасап ба-
рып, дәлелдеп жатқан дүниелерін бір ауыз сөзбен айтып кеткен көреген халық,
біздің ата-бабаларымыз ақ түстің денсаулықты қорғай алатын қасиеті бар екенін
біліп, ақ түсті киелі түске айналдырған [2].
Қазақ әйелдері ежелден киімнің тәуірін киіп, әшекейдің асылын таққан.
Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары сән үшін тағылып қоймай, қорғаныс
қызметін де атқарған. Сол себепті қазақ қыздарының әшекейлерін жасау үшін
тазарту қасиеті бар күміс пайдаланылған.
Қазақ шеберлері қыз-келіншектер ажарлана түсу үшін, киімдерін сәндей-
тін алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
403
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
қымбаттысы – сәукеле. Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей зат-
тарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау т.б.) әсем
жасай білген. Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және оқшантайлы
белбеу буынған. Қазақ әйелдері алтындаған, күмістеген, әрі жіңішке әрі жібекпен
шеккен, шығыршықты ілмекті үзбелі белбеу тұтынған. Олар сәндік бұйымдардан
жүзік, сақина, балдақ, құстұмсық жүзік, отау жүзік, білезік, жұмыр білезік,
сырға, некелік, шашқап, шолпы, шашбау сияқты әшекейлер таққан. Мұндай
әшекей бұйымдардың әйелдер үшін тәрбиелік мәні зор. Олардың көптеген
үлгілерін этнограф-ғалымдардың еңбегінің арқасында бүгінде біз түрлі мұражай
жинақтарынан тамашалай аламыз [3, 4].
Әйел әшекейлері тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-се-
німге де тікелей қатысты болған. Таққан әшекейіне қарай әйелдің жасын, әлеу-
меттік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға болады. Мәселен, ауқатты от-
басынан шыққан әйелде бағалы тастардан көз салынған, алтынмен апталған
әшекейлер мол болады. Олар күрделі көркемдік шеберлікпен, техникалық
жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді. Ауқатты отбасынан шыққан
қыздар салмағы үш келіден кем түспейтін күміс шолпылар таққан. Халық қызыл
түсті тас бақыт пен шаттық әкеледі деп сенгедіктен, көптеген әшекейлерде
осы тастың түрі кездеседі. Көз тиюден сақтану үшін 2-3 жасқа толғанда қыз
балалардың құлағына осы меруерт тастардан жасалған сырға салған. Және
қолдарына шақшақ құс бейнеленген білезіктер таққан. Кейіннен жасы ұлғая
келе қыздар асыл тастармен көмкерілген салбырап тұратын сырғаларға ауысқан.
Зергерлік әшекейлердің саны мен сипаты әйел жасына орайлас келеді. Пішіні
жағынан кіші, қарапайым әшекейлерді жасөспірім қыздар тақса, ал қыз бой-
жеткен сайын ол таққан әшекейлер өзгеріп, көркемдік нақыштары күрделене,
көбейе түскен. Тұрмысқа шыққаннан кейін әйел әшекейі біртіндеп азайып, жа-
сына қарай басқа нақыштарға ауысады. Қазақ қыз-келіншектері жүзік, сақина,
балдақ, құстұмсық жүзік, отау жүзік, білезік, жұмыр білезік, сырға, некелік,
шашқап, шолпы, шашбау сияқты әшекейлер таққан [1].
Мұндай әшекей бұйымдардың әйелдер үшін тәрбиелік мәні зор. Кеудесіне
өңіржиек, шашына шолпы таққан қыздың мойны құрықтай болып өскен, бой-
ын тік ұстаған дене бітіміне көңіл бөлген. Қазақы ортадағы қыз тәрбиесінде
шолпының маңызы зор. Алайда анасы қашанда қызына қатты жүгірме, оқыс
қозғалма, шолпың қатты сыңғырласа сені әдепсіз қыз дейді деп отырған. Сондай-
ақ қазақтар арасында шашқа тағатын әшекей бұйымдарға қатысты көптеген
наным-сенімдер бар. Шашқапты бойжеткен қыздар мен келіншектер үй шаруа-
сын істеген кезде киген, ол – бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайтын
арнайы тігілген сәнді бұйым. Оны жас келіндер жүн сабау, киіз басу, ши тарту,
Г.Ә. ОСПАНҒАлИеВА, К.Б. АХМеТЖАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 400-405
iSSN 1683-1667
404
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
мал сауу т.б. жұмыстарға араласқан кезде, тазалық сақтау мақсатында да киген.
10-11 жастағы қыз балаларда қалыңдық жасауымен бірдей әшекей бұйымдар
болған. Бойжеткен шағында бас киімсіз жүруге рұқсат беріліп, оның орнына
күмістен жасалған шолпы таққан. Мұнымен қатар қолдарына да түрлі әшекей-
лер таққан: білезіктер екі қолдарына қатар, ал саусақтарына – 3-4 жүзік. Сақина
тақпай жасаған тағам дәмсіз болады деп үнемі сақинамен жүрген. Әр жыл сай-
ын қыз балалардың киіміне жаңа әшекейлер қосылады. Ал жасы ұлғайған сай-
ын жарқыраған тастарды тақпауға тырысқан. Жасы ұлғайған әжелердің білезігі
«жұмыр білезік» деп аталады: күмістен дөңгелек етіп жасалып, ұшы жылан ба-
сынан ұқсас қайырылған. Бұл да – жаман күштен сақтайтын ырымның бір түрі.
Шаңырақ көтерген жылы әшекейлерге ұрпақ жалғастығын білдіретін суреттер
бейнеленген. Сақина мен жүзіктердің киелілігі мен қасиетін бағалауға қатысты
қазақтар арасында кең тараған түсініктер әйелдің қолында не жүзігі, не сақинасы
болуы керек деп санаған, ол болмаған жағдайда дайындаған тағамын арам деп
білген. Күмістен сақина, жүзік салған әйел қолынан ішкен сусынды қонақ адал
деп, сүйсініп ішкен [2].
Қазіргі қазақ қыздары қандай әшекейлер таңдайды? Әрине 11 жасар қыз-
дың жасауы мен тең бұйымы болған заман артта қалды. Бірақ кейбір дәстүрлері-
міз де осы күнге дейін жалғасын тауып келеді. Мысалы, жаңа туған нәрестеге
көз моншақты осы күндері де тағып, маңдайларына күйе жағады. Ал әжелеріміз
қазақы оюлары бар білезіктерін білекке салып, әйелдер конус тәріздес сырғалар-
ды тағады. Күмістен жасалған әшекейлер де қайта жаңғырып, сәнге айналу-
да. Ал тәуелсіздіктің таңы атысымен көптеген ұлттық киімдеріміз жан-жақты
зерттеліп, жаңа заман талабына сай жаңғыртыла бастады.
Қазіргі мәдениет жаһандану және ұлттық ренессанстың қатар жүруімен си-
патталады. Бұқаралық мәдениеттің пайда болуы және дамуы әйелдің мәдениетте
алатын дәстүрлі орны мен бейнесін түпнұсқасынан өзгертті. Бұқаралық мәдениет
тұсында қазіргі заман әйелі – әйелге бағытталған индустриялық объектіге айнал-
ды. Сән, макияж, киім, іш киім, шұлық, косметика, гигиеналық құралдар, аяқ
киім, аксессуарлар, зергерлік бұйымдар – бұлардың бәрі әйелдің сымбаттылығын
жетілдіру үшін өндірілетін тауарлардың индустриясы. Өндіріске ер адаммен тең
қатысып жүріп, әйел бұқаралық мәдениет тұсында ләззат өндіру индустриясының
орталығында орын алып отыр. Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына әйелдің
ықпалын күшейтеді.
Бұқаралық мәдениеттерде келесі ұрпақтың өміріне қажетті білімді
қолдаушылар ретіндегі қариялар институты қызмет етпейді, өйткені негізгі
оқытушы арна ретінде масс-медиа немесе субъектінің әлеуметтік тобы қызмет
атқарады. Ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа сәннің әсерімен халықтық киім-
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
405
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
кешектің пішімінде, оның материалында да, әшекейінде де әр қилы өзгерістер
пайда бола бастаған [5].
Жаһанданудың қазақ әйелінің бейнесінің қалыптасуына ықпалын жоққа
шығаруға да болмайды. дегенмен қазақ ұлттық киім, әшекей үлгілерін бүгінгі
күн сұранысына лайықты етіп, күнделікті тұтынуға жеткізе алмасақ та, осы
сала бойынша еңбек етіп, зерттеп, жобалап, сәндік әлемге шығарып, атсалы-
сып жатқан өзіміздің отандық зерттеуші ғалымдарымыз, философтарымыз,
өнертанушыларымыз және іс жүзінде орындап, маусымдық сән апталықтарында
көрсетілім жасап жатқан киім дизайнерлерінің үлесі орасан.
Қазақ әйелінің ұлттық киім, әшекей үлгілері жайлы мазмұнды білім мен
оның тарихи нұсқаларын ажырата, түсіне біліп, ұлттық киім үлгісін жобалау
болашақ қазақ әйелі киімінің орасандығын көрсетеді. Сондықтан да қазақ ұлттық
киім үлгілерінің даму болашағы оның тарихы мен ерекшеліктерін, әзірлеудегі
әрбір бөлшек өңдеулерінің практикалық жағынан тиімділігімен, икемділік,
дизайндық, әсемдеу мен әшекейлеу әдістерінің дұрыстығы мен сән талаптары-
на жауап беретіндігінің сақталуы нәтижесінде жобаланса, қазақ әйелінің ұлттық
киім үлгілерінде өзіндік сипат сақталары сөзсіз болмақ.
ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі
1. Хасенов Ә. Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің тарихы [мәтін] / Ә. Хасенов.
– Алматы: Алматыкітап, 1989. – 99, 127 бб.
2. Жәнібеков, Ө. Қазақ киімі [мәтін] / Ө. Жәнібеков. – Алматы: Өнер, 1996. – 122-
125 б.
3. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. – Том. i-iii / А.Х. Мар-
гулан. – Алматы: Өнер, 1986, 1987, 1994.
4. Казахские ювелирные украшения [текст] / Ш.Ж. Тохтабаева. – Алматы: Өнер,
1985. – С. 55-67.
5. Узбекова Г. Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері [мәтін] / Г. Узбекова. –
Алматы: АСА, 2012. – 270-286 б.
REFERENCES
1. Hasenov A., Qazaqstannyт madenietі men onerіnіn tarihy. Almaty Almatykіtap,
1989, 99, 127 (in Kaz).
2. Zhanіbekov O., Qazaq kiіmі. Almaty Oner, 1996, 122-125 (in Kaz).
3. Margulan A.H., Kazahskoe narodnoe prikladnoe iskusstvo. Tom. I-III. Almaty Oner,
1986, 1987, 1994 (in Russ).
4. Tohtabaeva Sh.Zh., Kazahskie juvelirnye ukrashenija. Almaty. Oner, 1985, 55-67 (in
Russ).
5. Uzbekova G., Qazaqstan halyqtarynyn ulttyq kiіmderі. Almaty. ASA, 2012, 270-286
(in Kaz).
Г.Ә. ОСПАНҒАлИеВА, К.Б. АХМеТЖАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 400-405
iSSN 1683-1667
406
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
UDC 338.242 (574)
Достарыңызбен бөлісу: |